А. Б. Молдашев экономика ғылымдарының докторы, профессор


түрлілігіне көшу, жер реформасының дамуы мен



Pdf көрінісі
бет3/45
Дата21.12.2023
өлшемі0.91 Mb.
#487219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
рег.учет. зем.

түрлілігіне көшу, жер реформасының дамуы мен 
ерекшеліктері  ........................................................................... 97
5.1. Жерге меншік түрлері мен меншік құқығы ..................................... 97
5.2. Қазақстанда жер реформасының дамуы мен ерекшеліктері ......... 110
6-тарау. Топырақтарды бонитеттеу жəне ауылшаруашылық 
алқаптарды экономикалық бағалау .................................. 131
6.1. Топырақтарды бонитеттеу ................................................ 131
6.2. Ауылшаруашылық алқаптарын экономикалық 
бағалау ....................................................................................... 138
Тест сұрақтары .......................................................................................... 150
Термин сөздерге түсінік ........................................................................... 156
Пайдаланылған əдебиеттер ......................................................................
159


5
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы үлкен көлемді жер ресурста-
рын иеленіп отыр. Біркелкі мемлекеттік жер қоры 272,5 млн. га 
құрайды. Мемлекеттік жер қоры 14 облыс жəне 2 қала (Астана 
жəне Алматы) арасында бөлінген. Республиканың аумағында 8 
табиғи – шаруашылық аумақ пен 2 табиғи – шаруашылық облыс 
бөлініп отыр, олардың ішінде жерлердің көбі шөл (112,2 млн га), 
шөлейт (37,3 млн га) жəне дала (62,4 млн га) аумақтарында бо-
лып отыр. Барлық жер қоры жеті санатқа бөлінеді, оның ішінде 
– 34,4 ауылшарашылық мақсатындағы жерлер, 43,9 мемлекеттік 
запастағы жерлер, 7,5 елді мекендердің жерлері, 4,1 өнеркəсіп, 
көлік, байланыс, қорғаныс жəне өзге де ауылшаруашылық емес 
жерлер, 4,0 орман, 1,3 су қорлары, ал ерекше қорғалынатын 
табиғи аумақтардың жерлері 0,55 пайыз құрайды. Республикада 
161 əкімшілік аудан, қалалар мен кенттердің саны 302, ал ауылды 
елді мекендердің саны 7164 құрайды. Бұл көрсеткіштер республи-
ка жер қорының мол болуын, табиғи шаруашылықты жағдайының 
бірдей еместігін жəне əкімшілік бөлімдерінің көптігін көрсетеді. 
Қазақстан жер реформасының ерекшеліктерін түсіну үшін 
оқу құралында жер қатынастарының тарихи, құқықтық жəне 
экономикалық жағдайларына көп көңіл бөлінді. 
990 жылдан бастап Қазақстанда жер қатынастарының өзгеруі 
басталды, Республика Конституциясында (1995 ж.) мемлекет-
тік жер меншігімен қатар жеке меншік енгізілді. «Жер туралы» 
(1995 ж.) Президент Жарлығында мемлекеттік жəне жерге жеке 
меншік орнатылуының ережелері мен заңдылықтары бекітілген, жер 
реформасы мақсаттарын орнатудың заңды жолдары көрсетілген, 
жер ресурстарын басқарушы органдардың жерді үйлестіру жəне 
мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тəртібі мен ережелері бекітілген.
Республикада жер реформасы даму жағдайында жер ре-
сурстарын басқару жаңа жүйесінің құрылуы өте қажет. Қазіргі 
уақытта, барлық мемлекеттік органдар, кəсіпорындар, ұйымдар 


6
жер ресурстарын басқару қызметтерін орындайтын Аймақтық 
басқару министрлігі құрамындағы республикалық жер ресур-
старын басқару Комитеті жүйесіне кіріп отыр. Жерді үйлестіру 
мемлекеттік басты жер қатынастарын өзгерту құрал болып 
саналады, бірақ та реформа жағдайында оның қызметтері 
мен жүргізу əдістері өзгерді. Жер ресурстарын басқару жаңа 
жүйесінің негізі болып мемлекеттік жер кадастры саналады. 
Мемлекеттік жер кадастры жаңа жағдайда көпфункционалдық, 
ғылыми-техникалық жəне ақпараттық жүйе болып қалыптасып 
келеді. Жер кадастрының ішінде үш блок: құқықтық, қаржылық 
жəне көпфункционалдық қалыптасты. Ал көпфункционалдық 
кадастрдың ішінде атқарушы, орталық негізі болып автомат-
тандырылған ақпараттық жүйесі қалыптасты, бұл жүйе респуб-
ликалық жер туралы ақпараттық банк рөлін атқарады. 
«Жер телімдерін тіркеу жəне жерді есепке алу» пəнінің типтік 
оқу бағдарламасы бойынша студент осы пəнді оқып: бұрынғы 
Кеңес мемлекетінің уақытында Қазақстанда, Ресейде жəне басқа 
мемлекеттерде жер кадастрының даму тарихын, жер кадастрының, 
жер телімдерін мемлекеттік тіркеуді жəне жерді есепке алу 
жұмыстардың негізін, мемлекеттік жер кадастрдың басқа пəндермен 
жəне ғылымның салаларымен байланысын білуі керек. 
Пəнді оқығыннан кейін студент: жер телімлерді мемлекеттік 
тіркеу үрдісін, негізгі жəне күнделікті жер есебін жүргізу əдістерін, 
оған қолданатын кұжаттарды, олардың толтыру əдістерін жəне ол 
жұмыстарды компьютерлік технологиямен жасалынуын, жиналған 
мəліметтерді зерттеу, талдау, жəне сақтауын қарастыра отырып, 
ауданның (облыстың) жылдық мемлекеттік жер есебін (балансын) 
жасауды үйрену сияқты білім алуы тиіс. 
Бұл, жер кадастрлық жұмыстарды жақсы ұғу үшін студент жаңа 
əдістер мен технологияларды, компьютерлік бағдарламаларды 
жақсы меңгеру керек. Сонда ғана студент бакалавр дипломын 
алғанда, мемлекеттік көп функционалдық ақпараттық жер кадастры 
жүйесін менгеріп, жер телімдерін мемлекеттік тіркеу жəне жерді 
есепке алу жұмыстарын жақсы деңгейде жасай алатын болады.
Жер телімдерін мемлекеттік тіркеу жəне жерді есепке алу пəнді 
жақсы меңгеру үшін студент: топырақтану, геодезия, жер құқығы, 
картография, информатика, жерге орналастыру жəне жалпы Жер 
кадастры сияқты пəндерді білу керек.


7
Дəрістер мен зертханалық жұмыстардың такырыбы
1. Жер қатынастар түсінігі, олардың Қазақстанда дамуының 
тарихы, құқықтық жəне экономикалық ерекшеліктері.
2. Қазақстандағы жер реформасы, оның мақсаты, ерекшелігі, 
қазіргі жетістігі, дамуы.
3. Мемлекеттік жер кадастры, оның дамуының ерекшелігі, та-
рихы, қазіргі жағдайы.
4. Мемлекеттік көп функционалдық ақпараттық жер када-
стрын құру үрдісі, ол жүйенің құрамы, қағидалары, методикалық 
əдістері, құқықтық жəне экономикалық негізі.
5. Мемлекеттік жер кадастры жұмысын жүргізу əдістері мен 
ерекшелігі, кадастр жұмысын жүргізу бойынша ақпаратты жинау, 
талдау, топтастыру жұмыстары. 
6. Жер кадастрының базалық құжаттары, жоспарлар мен 
картографиялық қүжаттар, оларды қолдану əдістері. 
7. Қазақстанның жер қоры, оның сипаттамасы, санаттары, 
казіргі жағдайы, меншік пен пайдаланушыларға бөлінуі. 
8. Жерге меншіктік жəне жерді пайдаланудың түрлері, 
олардың ерекшеліктері мен құқықтық негізі.
9. Мемлекеттік жер телімдерін тіркеу, олардың меншігі 
мен пайдалану түрлері бойынша, бұл жұмыстардың технологи-
ясы, тəртібі, кұжаттар, олардың орны мен толтыру тəртібі, бұл 
жұмыстарды автоматтандыру. 
10. Жер есебінің түрлері мен мақсаты, сандық жер есебі
алаптардың түрлері, олардың сипаттамасы, есепті жүргізу əдістері 
мен технологиясы. 
11. Сапалық жер есебі, жерді сапасымен топтау, сапалық 
есептің керектігі мен орны. Топырақтардың сапалық сипатта-
масы, механикалық, физикалық құрылымы, шабындықтар мен 
жайлымдардың сапалық сипаттамасын есепке алу. 
Қорыта келгенде, жер кадастрының жаңа жүйесі негіздерін, 
оның ішінде жер телімдерін мемлекеттік тіркеу жəне есепке алу 
жұмыстарын ғылыми дəлелдеп көрсеткен оқу құралы, жоғары 
жəне орта оқу орындары студенттеріне, мұғалімдерге, магис-
трлерге, аспитранттарға жəне жер ресурстарын басқару Комитеті 
жүйесі, мемлекеттік жергілікті атқару органдары мамандарына 
қажет құрал болады деп сенеміз. 


8
1-тарау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет