А. Б. Молдашев экономика ғылымдарының докторы, профессор


Топырақтарды бонитеттеу нəтижелерін іс жүзінде қолдану



Pdf көрінісі
бет36/45
Дата21.12.2023
өлшемі0.91 Mb.
#487219
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45
рег.учет. зем.

Топырақтарды бонитеттеу нəтижелерін іс жүзінде қолдану
Аудандардың, облыстардың жыртылатын жерлерінің бони-
тет баллдарының мөлшерлерін анықтағаннан соң, оларды дəнді 
дақылдардың орта көпжылдық шығымдылықтарымен салысты-
рады. Ол үшін орта көпжылдық өнімділікті орта салыстырма-
лы баллға бөліп, «бонитет баллының бағасы» деп аталатын сан 
анықталады. Бұл сан бонитеттің 1 баллына немесе облыста орта 
есеппен алғанда қанша өнім шығарылатынын көрсетеді. 
Содан кейін əр қожалық үшін бонитет баллының бағасы 
есептелініп, ауданның немесе облыстың балл бағасымен салы-
стырып, əр нақтылы қожалықта орта ауданның жəне облыстың 
деңгейімен салыстырғанда топырақ құнарлығы пайдаланылуының 
салыстырмалы тиімділігін анықтайды. 
Орта көпжылдық шығымдылықты топырақтар бонитет 
баллдарымен байланыстыратын регрессия теңдеуі арқылы əр 
қожалық үшін есептік шығымдылықты анықтауға болады. Есептік 
шығымдылықты жоспарлық шама ретінде алуға болады, өйткені 
ол топырақ құнарлылығын пайдалану деңгейі орта облыстық 
деңгейдей болса, қожалық қандай өнімділік ала алатын санды 
көрсетеді. Қажет болса, бонитет баллдарын есептеуді ауыспалы 
егіске, жеке танапқа дейін жүргізуге болады. Ол үшін көлемдерді 
өлшейтін контурлық ведомостер болу керек. Осы мəліметтер жəне 


138
бонитеттеу шкалалары арқылы əр танаптың бонитет баллын жеңіл 
анықтауға болады. Мұнда топырақ түрінің ауданы салмақ ретінде 
алынып, орта салыстырмалы балл есептелінеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Ресейде топырақтарды бонитеттеу əдістемесінің негізін кім қалады?
2. Бонитеттеу негізіне топырақтардың қандай қасиеттері алынады?
3. Бонитеттеу шкаласын құруда қай көрсеткіш ең басты болып саналады?
4. Бонитет баллын анықтауда топырақтар қасиеттерінің басқа көрсеткіштері 
қалай ескеріледі?
5. Топырақтарды бағалауда дақылдардың орта көпжылдық шығымдылығы 
не үшін қажет?
6. Топырақтарды бонитеттеуде статистикалық өңдеу қалай жүргізіледі?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет