А. Б. Молдашев экономика ғылымдарының докторы, профессор


ТОПЫРАҚТАРДЫ БОНИТЕТТЕУ ЖƏНЕ



Pdf көрінісі
бет34/45
Дата21.12.2023
өлшемі0.91 Mb.
#487219
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45
рег.учет. зем.

 ТОПЫРАҚТАРДЫ БОНИТЕТТЕУ ЖƏНЕ 
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ АЛҚАПТАРДЫ 
ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ
 6.1. Топырақтарды бонитеттеу
Бонитет латын тілінен аударғанда «сапалылық» дегенді 
білдіреді. Топырақтың бонитеті – оның сапасының көрсеткіші. 
Əдетте, бонитеттеуді бір белгілі мақсаттар жəне талаптар үшін 
топырақтарды топтастыру мен бағалау деп түсінеді. Көбінесе, бони-
теттеу негізіне топырақтардың табиғи нышандары жəне қасиеттері 
алынады. Ресейде топырақтарды бонитеттеу əдістемесінің жəне 
теориясының дамуына профессор В.В. Докучаев көп үлесін қосты. 
Бұл ғалымның ойлап тапқан табиғи-тарихы жерді бағалау əдісі 
1882-1887 жылдары Нижегород губерниясында жүргізілген бағалау 
жұмыстарында іс жүзінде қолданылған. Ол топырақтарды бағалауда 
ең алдымен, топырақты табиғи дене ретінде бағалады. Мұнда адам 
қатынасы жəне уақыт жағдайлары ескерілмеді. Сол үшін топырақ 
құрамын зерттеп, оның физикалық қасиеттерін топырақ астындағы 
қабаттармен байланысын біліп алып, топырақтардың салыстырма-
лы құндылығын анықтауды ұсынған. 
Бұл теориялық жайларды оның шəкірті Н.М. Сибирцев 
жəне басқа ғалымдар əрі қарай дамытты. Олардың негізгі мəні: 
1. Топырақта жетіспейтін заттарды тыңайтқыштар түрінде 
толықтырып, оның сапасын жоғарылату; 2. Өсімдіктердің нашар 
жетілуі топырақтағы зиянды заттардың мөлшеріне тəуелді; 3. Қа-
жетті заттар көп болса, топырақ сапасы жоғары; 4. Топырақтың 
физикалық қасиеттері оптималдық жайына жақындаған сайын
оның сапасы жоғары болады жəне т.б.
Техникалық тұрғыдан: 1. Топырақтарды табиғи топтастыру; 2. 
Олардың геологиялық қасиеттерін анықтау (қалыңдық, қарашірік 


132
мөлшері, топырақасты сипаты); 3. Химиялық құрамын анықтау;
4. Топырақтың физикалық қасиеттерін анықтау əдістері алынған.
Бағалау жұмысын жүргізуде далада топырақ құрылымы, 
қалыңдығы, бедер, өсімдіктер зерттеліп, топырақ түрлері (топта-
ры) анықталып, карталарда жəне жергілікті жерлерде олардың ше-
каралары белгіленеді, жиналған мəліметтер зертханада өңделеді.
Топырақтың əр тобы бойынша қарашірік, азот, су мөлшері, 
механикалық құрамы, жұту қабілеті анықталып, топырақтың 
сығындысы талданады. Мұндайда, В.В. Докучаев айтқандай, 
топырақтар абсолютті емес, салыстырмалы түрде бағаланады. Орта 
бағалау сызығының дұрыстығын дəлелдеу үшін ол топырақтардың 
табиғи қасиеттерінің салыстырмалы көрсеткіштерін Нижего-
род губерниясында ең кең тараған дақылдардың (қара бидай, 
сұлы) өнімділігімен байланыстырылды. Топырақтардың жара-
тылыс қасиеттері бойынша анықталған көрсеткіштерінің жəне 
дақылдардың статистикалық-экономикалық жолмен алынған 
өнімділік көрсеткіштерінің қатынастары өте тығыз болған.
Сонымен, топырақтарды бағалау негізіне В.В. Докучаев 
олардың табиғи қасиеттерін жəне нышандарын алған, ол да-
қыл дардың шығымдылығы топырақтарды топтарға бөлудің 
дұрыстығын дəлелдеу үшін пайдаланған. Кейін бұл əдістің 
топырақ танудың негізгі жайларын КРСО ғалымдары дамытып, 
Ресей Федерациясында, Қазақстанда қолданатын топырақтарды 
бонитеттеу əдістемесі негізін салған. ВАСХНИЛ академигі 
С.С. Соболев топырақтарды бонитеттеу – оларды өзінің объективтік 
қасиеттерінде құрылған жəне орта көп жылдық шығымдылығымен 
тығыз байланыстағы өнімділік бойынша топтастыру керек деп 
санаған. Таксономиялық бірлік ретінде ол топырақ түрін ұсынып, 
екі параллельді шкаланы: топырақтардың қасиеттері бойынша 
жəне шығымдылығы бойынша құруды талап еткен.
Қазіргі уақытта қолданатын əдістемелік ұсыныстарға сəйкес 
топырақтарды бонитеттеу деп салыстыруға келетін егіншілік 
қарқындылығында жəне агротехника деңгейінде топырақтарды 
олардың құнарлығы бойынша сапасын салыстырмалы түрде бағалау 
түсініледі. Көрсеткіштер ретінде дақылдардың шығымдылығы 
жəне өнімділікпен тығыз байланыстағы топырақтың ең орнықты 
қасиеттерін пайдалану ұсынылады. Топырақтардың табиғи 


133
қасиеттері бойынша құрылған шкала көрсеткіштеріне (балл) 
өнімділік бойынша баллдарды ескеріп, түземелер енгізіледі.
Топырақтарды бонитеттеу жер бағалау жұмыстарының бірінші 
сатысы ретінде жерді экономикалық бағалау үшін топырақ топта-
ры (кластары) түрінде бастапқы негіз беру керек. Бонитеттеу бары-
сында анықталған, белгілі жаратылыс нышандарымен сан жүзінде 
сипатталатын топырақ топтары кейін экономикалық көрсеткіштер 
бойынша бағаланады. Топырақтарды бонитеттеу мəліметтерінің 
жерді, оның жаратылыс сипаттамаларын ескере отырып, тиімді 
пайдалану мəселелерін шешуде көп маңызы бар.
Одақтық əдістемеде (1976 ж.) қойылған негізгі талаптар: 1. 
Топырақтардың агроөндірістік топтары бірыңғай принцип бойын-
ша құрылулары керек; 2. Топтар салыстыруға келетін болуы керек.
Топырақтардың агроөндірістік топтары суарылатын, құрға ты-
латын жерлер үшін жеке бөлінеді. Топырақ түрлерін агро өндірістік 
топтарға біріктіруде қолданатын көрсеткіштер:
1) бір топырақтық-климаттық провинцияға немесе округке 
қарауы;
2) топырақтардың жыныстық жақындығы (топырақ қабатының 
морфологиялық құрылымы, физикалық қасиеттері, су, ауа, жылу 
режимдері);
3) химиялық, физикалық-химиялық қасиеттері, қоректену 
заттардың мөлшерлері;
4) тұздану, сортаңдану, эрозиялау, тастану деңгейі жəне т.б.
Жалпы түрде топырақтарды бонитеттеу жұмыстары 2 саты-
дан тұрады: а) бонитеттеу шкаласын құру; ə) бағалау шкаласын 
бағаланатын жерлерге салу (жеке суарылатын, суарылмайтын 
егістер, табиғи мал азық алқаптар жəне көпжылдық екпелер).
Бағалау объектісі ретінде топырақ түрлері алынады (Времен-
ные методические указания по оценке земель Казахской ССР. – 
Алма-Ата, 1979).
Бонитеттеу шкаласын құру үшін топырақ, мелиоративтік жəне 
басқа зерттеулердің сапалы мағлұматтары пайдаланылады.
Бағаланатын топырақ мəліметтері ретінде:
а) 0-50 см қабатындағы қарашірік мөлшері, % ;
ə) 0-50 см қабатындағы жұтылған натрийдің орта салыстырма-
лы мөлшері, % жұту сыйымдылығынан; 


134
б) 0-50 см қабатындағы жұтылған магнийдің орта салыстырма-
лы мөлшері ,% жұту сыйымдылығынан;
в) 0-50 см қабатындағы тұздардың орта салыстырмалы мөлшері 
(%) жəне тұздану түрі; 
г) шағылдық (ұсақ тастақтық);
ғ) тастақтық ;
д) гидроморфтік дəреже. 
Əр топырақ түрінің бонитет негізі болып, 0-50 см қабатындағы 
қарашірік мөлшері (%) бойынша есептеледі, ал барлық басқа 
қасиеттеріне түземе коэффициенттері енгізіледі.
Топырақтың 0-50 см қабатындағы қарашіріктің пайыздық 
мөлшері графикалық тəсілмен есептеледі.
Ол үшін график құрылады: абсцисса бойымен қарашірік пайы-
зы, ал ордината бойынша үлгі алу тереңдігі салынады.
Мысал: 
тереңдік, 
см қарашірік ,% 
0-10
3,23
10-20
2,74
1-20
1-20
2,15
График құрғаннан кейін:
5
3,2
25
2,3
35
1,8
45
1,2
Содан кейін қарашіріктің орта салыстырмалы мөлшері 
есептелінеді:
Қ
/0- 50/ 
=
2,24 %
Қазақстан жағдайында топырақтың құнарлылығын төменде-
тетін негізгі қолайсыз қасиеттері болып сортаңдану жəне тұздану 
табылады. Сортаңданудың объективтік көрсеткіші ретінде 
топырақтың жұту кешеніндегі жұтылған натрий жəне магний 
мөлшері (% жұту сыйымдылығынан) алынады. Сосын 0-50 см 


135
қабатындағы жұтылған натрий, магнийдің орта салыстырмалы 
мөлшері есептелінеді.
Тұздану көрсеткіші ретінде 0-50 см қабатындағы тұздардың 
орта мөлшері алынады. Тұздардың топырақ горизонтындағы 
орта мөлшерін есептеу қарашірік мөлшерін есептеумен бірдей. 
Тұздардың өсімдіктерге тиетін зияндық əсері олардың құрамына 
байланысты. Сондықтан тұзданудың орта салыстырмалы 
түрі анықталады. Ол үшін 0-50 см қабатта хлор жəне сульфат 
аниондардың, сондай-ақ соданың, егер бар болса, орта мөлшері 
есептелінеді. Осы аниондар қатынастары бойынша тұздану түрі 
анықталады. Тұздану түрін ескере отырып, 0-50 см қабатындағы 
тұздардың орта мөлшері бойынша тұздану дəрежесі анықталады.
Егер топырақ тастақталған немесе тастанған болса, онда бұл 
қасиетіне түземе коэффициент енгізіледі: 
100
1
100
¦
²



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет