А. Б. Молдашев экономика ғылымдарының докторы, профессор


 Ауылшаруашылық алқаптарын



Pdf көрінісі
бет37/45
Дата21.12.2023
өлшемі0.91 Mb.
#487219
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45
рег.учет. зем.

6.2. Ауылшаруашылық алқаптарын 
экономикалық бағалау
Экономикалық бағалау деп ауылшаруашылық өндірістің не-
гізгі құралы ретінде жер сапасын экономикалық көрсеткіштер 
арқылы бағалауды айтады. Бұл салыстырмалы бағалауға жатады. 
Жер құнарлығы шығарылатын өнім мөлшеріне сай бағаланады. 
Өнім – жердің қатысуымен өткен заттандырылған еңбек, өндіріс 
шығынымен байланысты адам еңбегі нəтижесі. 
Бірдей өндірістік шығындарға келетін өнім немесе өнім бірлігіне 
келетін шығындар мөлшері экономикалық тұрғыдан жер сапасын 
көрсетеді. Нақты айтқанда, жер сапасының айырмашылығы əртүрлі 
сапалы жерлерге келетін бірдей шығындардың орнын толтырумен, 
тиімділігімен себептелінеді. Осы жай жерді экономикалық бағалау 
əдістемесінің негізін қалаушы болып табылады. Бұл жай бойын-
ша, бірдей шығында қай жерде өнім көбірек алынса, сол жердің 
сапасы жоғары деп саналады. Алынған өнімдердің айырымы сан 
түрінде жерлер сапасының айырмашылығын көрсетеді.
Жер құнарлығының айырмашылығын талдауда К. Маркс бірдей 
шығындардағы нəтижелерді салыстырды. Ол: «…Қосымша пайда, 
егер ол кездейсоқ жағдайларға байланысты емес, дұрыс құрылса, 
қашанда да капитал жəне еңбектің екі бірдей мөлшеріндегі өнім 
арасындағы айырымы ретінде шығады жəне осы қосымша пайда, 
егер капитал жəне еңбектің бірдей мөлшерлері бірдей көлемдердегі 


139
жер телімдерінде əртүрлі нəтижелер берсе, онда ол жер рентасына 
айналады» – дейді (Маркс К., Энгельс Ф.) Шығармалар жинағы, 
2-басылым, 25-т., 2-бөлім, 200-б.). 
Жерді бағалау жəне жердің пайдаланылуын бағалау дегендер 
бір ұғым емес. Сапасы бірдей жерлерді əртүрлі пайдалануға бо-
лады, сондықтан оларда өнім мөлшерлері де əртүрлі болады. Егер 
қосымша қаражат жұмсалып, егіншілік мəдениетін нашар жер-
лерде дұрыс, қарқынды пайдаланса, жақсы жерлерге қарағанда, 
жоғары өнім көлем бірлігін алуға болады. Сондықтан, тек қана өнім 
шығыны арқылы шығындарды, агротехниканы, нақты айтқанда
өндірісті жүргізу деңгейін ескермей, жер сапасын шын мəнінде 
бағалауға болмайды. Өндіріс шығындары əртүрлі мөлшерде 
болатындықтан, жерлерді қай деңгейде бағалауға болады деген 
сұрақ туады. Өз есептерінде жəне дифференциалдық рентаны 
негіздеуде К. Маркс орта, ең кең тараған шығындарды алған. Бұл 
деңгейді ол норма ретінде қабылдап, шығындарды нормалық деп 
қараған. Шығындардың нормалық деңгейі, əрине, жердің тиісті 
өңделуін себептейді. Сондықтан жерді экономикалық бағалау 
үшін шығындардың нормалық деңгейіне сүйену керек.
Жерді пайдалану тек қана өндіріс деңгейімен шектелмей, оның 
жеке бөліктерін пайдалану сипатымен айқындалады. Бұл жағдай 
ауылшаруашылық алқаптардың құрамында, олардың əртүрлі мақ-
саттарда пайдалануында байқалады (ауылшаруашылық дақыл-
дарды өсіру, мал бағу, шөп шабу). Əртүрлі ауылшаруашылық 
алқаптарды бағалаудың əдістемелік тəсілдерінде ерекшеліктер 
пайда болады. Сондықтан жеке бағалауда дақылдармен шектел-
мей, алқаптар түрлері бойынша да жүргізу қажеттігі туындайды. 
Жер құнарлығына топырақ-климаттық жағдаймен қатар 
эко но микалық жағдайлар да əсерін тигізетіндіктен жерлерді 
экономикалық бағалауды табиғи-экономикалық аймақтар бойынша 
жүзеге асырады. Жерді экономикалық бағалауда оның орналасуы 
да ескеріледі. Бұл жай ең алдымен, ауылшаруашылық өндірістің 
шығын мөлшеріне əсер етеді. Жер телімінің орналасуы жер 
телімдерінің бірінен кейін бірі өңделу үзділігі үшін өте маңызды 
жəне жердің орналасуы мен оның құнарлығы екі сапалық фактор 
екенін, сонымен қатар олар дифференциалдық рента негізі ретінде 
қарама-қарсы бағыттарда əсер ететіндігін К. Маркс айтып кеткен. 


140
КСРО кезінде сатып алу бағаларын жоспарлау, дифференциалдау 
мақсатымен жер телімдері тек қана экономикалық салыстырмалы 
тұрғыда бағаланған болатын. Қазіргі кезде, жер ауылшаруашылық 
пайдаланудан дифференциалдық пайданы алу үшін ақша салына-
тын орынға айналғандықтан, бірінші орынға жердің бағасын табу 
шығып отыр. Бұл жағдайда əсіресе, жердің орналасуын ескерудің 
мəні өте зор. Жердің бағасын көп жағдайда топырақтың жалғыз 
құнарлығы емес, өнімді нарықтан өткізетін, қамтамасыз ететін, 
оның орналасу қашықтығы жəне өндірістік, əлеуметтік, шаруа 
құрылымының дамығандығы, мекенденгендігі сияқты негізгі фак-
торлар себептейді. 
Республикамызда ауыл шаруашылығы жерлерін бағалау жал-
пы түрде келесі мақсаттарда жүргізіледі:
1. Нысаналы мақсатты ескере отырып, жер телімдерін пайдала-
ну тиімділігін анықтау;
2. Жер телімін кепілдікке беру арқылы банктік несие алу;
3. Салық салу, жерді жалға алу төлемдерін анықтау;
4. Мемлекеттік мүдделер үшін жер телімдерін ықтиярсыз алып 
қою жəне реквизиция жағдайында төлеу мөлшерлерін жəне өтеу 
бағасын сот арқылы анықтау;
5. Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық қорына жарна 
ретінде немесе өндірістік кооперативке пай ретінде жер телімін 
беруде жəне басқа жағдайларда оның бағасын білу;
6. Жер телімін немесе жерді пайдалану құқығын сату кезінде 
оның бағасын білу.
Қазақстанда жерлерді бағалау жұмыстары КСРО АШМ 
бекіткен «Жерлерді бағалаудың Бүкілодақтық əдістемесіне» (1976) 
жəне «Жерлерді бағалауды жүргізу тəртібі туралы нұсқауларға 
(1978) сəйкес жүргізілді. Жерлерді бағалау жұмыстары «Каз-
гипрозем» институтының жер кадастры бөлімінің əдістемелік 
басшылығы негізінде «Казгипрозем» жəне «Целингипро-
зем» институттарының күштерімен атқарылды. Жыртылатын 
алқаптарды жалпы бағалау – өсімдіктану тиімділігі бойынша, 
жеке бағалау – негізгі ауылшаруашылық дақылдарды (дəнді 
дақылдар, жүгері, күріш, мақта, қант қызылшасы, бір жылдық 
жəне көп жылдық шөптер) өсіру тиімділігі бойынша жүргізілді. 
Табиғи малазықтық алқаптарды бағалау табиғи шабындық жəне 


141
жайылымдар бойынша жеке жүргізілді. Жерді жалпы бағалауда 
қолданатын негізгі бағалау көрсеткіштері: 
1. Жыртылатын алқаптардың өнімділігі – ЖӨ (бірыңғай 
кадастрлық бағадағы жалпы өнім құны, тг/га);
2. Шығындар орнының толтырылуы – ШТ (1 теңге шығынға 
келетін өнім құны);
3. Дифференциалдық жайда – ДЖ (жақсы сапалы жəне жайлы 
орналасқан жерлерден алынатын таза пайданың қосымша бөлігі).
Жерді жеке бағалауда қолданатын негізгі бағалау көрсеткіштері:
1) ауылшаруашылық дақылдары шығымдылығы – ШД;
2) белгілі ауылшаруашылық дақыл бойынша шығындар 
орнының толтырылуы – ШТ;
3) белгілі ауыл шаруашылық дақыл бойынша дифференциалдық 
пайда – ДП.
Бағалау нысанасы ретінде жыртылатын жерлердің тиімді 
құнарлығы алынған. Зерттеу нəтижесінде ауылшаруашылық кəсіп-
орындары, əкімшілік аудандар, облыстар жəне толық республика 
бойынша жерлерді бағалау көрсеткіштері анықталған.
Жерді бағалау бойынша жүргізілетін жұмыстар:
1) дайындық жұмыстар, бастапқы ақпаратты жинау, өңдеу;
2) топырақтарды бонитеттеу;
3) жердің жалпы жəне жеке экономикалық бағалау көр-
сеткіштерін есептеу;
4) жердің бағалау мағлұматтарын қарау;
5) жердің бағалау мəліметтерын жасап шығару, беру.
Табиғи малазықтық алқаптарды бағалауда бағалау объектісі 
топырақтың өзі емес, бағаланатын топырақ топтарындағы 
қазіргі күйдегі өсімдіктер болып табылады. Жайылымдар жəне 
шабындықтарды бағалау критерийлері: 1. Өнімділік (малазықтық 
бірлікте, қорытылатын протеинде); 2. Жалпы өнімнің құны 
(кадастрлық бағада); 3. Шығындар орнының толтырылуы; 
4. Дифференциалдық пайда (1 га).
Ботаникалық – малазықтық зерттеуде 1 га шығатын өсімдіктер 
массасы бойынша малазықтық бірлік пен қорытылатын протеиннің 
шығымдылығы анықталады. Жайылымдар бойынша пайдала-
натын əр маусымдардың жиынтық шығымдылығы алынады, ал 
шабындықтар үшін шөп жəне балауса массалары қосылады. Эта-


142
лон (100 балл) ретінде 1 гектарда 10 ц мал азық бірлік жəне 100 
кг қорытылатын протеин құратын шартты шығымдылық алынады.
Малазықтық алқаптың нақты түрі бойынша оның шығым-
дылығын эталонмен салыстыру жолымен бағалық балл 
анықталады:
100
˜


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет