36
37
қатер бар. Оның пайда болу мүмкіндігі мен салдары туралы алғаш
рет маркетинг саласындағы жетекші
мамандардың бірі Теодор
Левитт сипаттап берді. Ол Гарвард жоғары бизнес мектебінің
ғылыми жұмыстарында «Маркетингтік болжамсыздық» атты
мақала жариялады. Автор американдық мықты теміржолшы
компаниялардың ыдырауы мен күйреу себептерін саралай келе, бұл
компаниялардың иелерінің тек
теміржол бизнесімен айналысып,
көліктің бəсекелес түрлерінің пайда болуына назар аудармағаны
туралы қорытындыға келеді.
Нарықтың шындығы сонда, тікелей бəсекелес
ретінде қара-
стырылатын өндірушілер нағыз бəсекелестер болып шығатын
жағдайлар өте сирек. Мəселен, аса салтанатты автомобильдер
қатарындағы «Роллс-Ройс» пен «Кадиллак» арзан автомобильдер-
мен бəсекеге түсе алмайды. Себебі, оларды сапасы үшін емес,
беделді болғаны үшін сатып алады.
Тұтынушы қанағаттандыруды
сатып алғандықтан, барлық
тауарлар мен қызметтер, былай қарағанда мүлдем басқа қызметті
атқаратын жəне өзгеше көрінетін тауарлар мен қызметтермен
қарқынды бəсекеге түседі. Олар əртүрлі
жолмен дайындалып,
сатылады. Бірақ, бір мезгілде сол тұтынушының сол қажеттілікті
қанағаттандыруының балама құралы болып табылады.
Төңкеріске дейінгі уақытта Ресей тауарды жетілдіру тұжырым-
дамасына айтарлықтай үлес қосты. ХХ ғасырдың басында
сапасы жағынан Морозовтар фабрикасының сəтені, Прохоровтың
«Үштаулы мануфактура» фабрикасының елегі, «Скороход»
тауар
белгісі бар «Санкт-Петербург аяқ киім механикалық өндірісі»
Жоғары бекітілген серіктестігінде жасалған аяқ киім, Мəскеудің
«Эйнем» кондитерлік фабрикасының шоколады жəне басқа да
тауарлар үздік саналды.
Достарыңызбен бөлісу: