А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы


Əлеуметтік-этикалық маркетинг тұжырымдамасының



Pdf көрінісі
бет25/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   165
Маркетинг (1)

Əлеуметтік-этикалық маркетинг тұжырымдамасының мін-
деті мақсатты нарықтардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін 
анықтау жəне жекелеген тұтынушының ғана емес, тұтастай 
қоғамның ұзақмерзімді игілігін қамтамасыз етудің бəсекелестерге 
қарағанда, тиімді, əрі өнімді тəсілдерді қолданып, қалаған қана-
ғаттандыруды қамтамасыз ету болып табылады. 2.6.1. суретте 
фирмалар маркетингтің түрлі тұжырымдамаларын жүзеге асыру 
кезінде ұстанатын маркетинг мақсаттарының кеңеюі көптеген 
адамдардың өмірін жақсартуға көмектестіндігі көрсетілген. 
2.6.1. сурет. Маркетинг тұжырымдамасының мақсаттар 
жиынтығына сəйкестігі
Расында, алғашқы үш тұжырымдамада фирма өзінің жағдайын 
жақсартуды ғана (табыс табуды) ойлады, ал маркетинг тұжы-
рымдамасында фирма қызмет көрсететін клиенттерге қамқорлық 
мəселесі қосылды, əлеуметтік-этикалық маркетингте фирма бүкіл 
қоғамның тұрмыс жағдайы мен қауіпсіздігін қарастырады. Осы 
тұрғыдан алғанда, фирма қызметінің ізгіленуі іске асады.
Əлеуметтік-этикалық маркетинг тұжырымдамасы экологиялық 
қауіпсіздік пен адамның денсаулығын нарықтың тым қарқынды 
дамуынан қорғау жағдайында бəсекелестікті қамтамасыз ету үшін, 
өндірушінің, тұтынушының, мемлекет пен адамзаттың үйле-
сімділігі қажеттігін талап етеді.
Алдымен қоршаған ортаны қорғау туралы шаралар кəсіпкерлік 
қызмет аясында орынсыз шығын ретінде қарастырылды, өйткені 
оларды іске асыру үлкен шығынды талап етті жəне кəсіпорынның 
бəсекелестіктегі орнын əлсіретуі əбден мүмкін еді. Бірақ, көп 
ұзамай бұл шығындар болашаққа салынған инвестиция, тіпті 
бəсекелестерден басым түсу құралы ретінде бағалана бастады. 
Қазіргі уақытта экологиялық жетілген маркетинг көреген кəсіп-
керлерге тəн деп саналады.
Кəсіпкерлердің қоршаған ортаны қорғауға байланысты шара-
ларды күшейтуіне қоршаған ортаны қорғау бойынша ұйымдық 
ресімделген жаппай қозғалыстың пайда болуы серпін берді.
Əлеуметтік-этикалық маркетингтің тұжырымдамасына бейім-
делген кейбір компанияларға өнім өткізудің айтарлықтай көлеміне 
жəне рентабельділікке қол жеткізудің сəті түсті. Əлеуметтік-
этикалық маркетинг нұсқаларының бірі — осы компаниялардың 
орайлас маркетингке бағытталуы жетістіктің маңызды факторына 
айналды. Фирмалар түрлі қайырымдылық ұйымдарға жарна 
төлейді, мысалы, СПИД-ке қарсы күрес кампанияларына қа-тысып, 
тауарды сатудан түскен табыстан пайыздық үлесті қайырым-
дылық мақсатқа жұмсайды, сонымен қатар осы арқылы сатып 
алушылардың санын арттыруды көздейді. Орайластырылған 
маркетинг тəжірибесінің таралуы бірнеше себептерге байланысты: 
компанияның имиджін сақтау, жағымсыз жариялаулардың жа-
рыққа шығу мүмкіндігін жоққа шығару, тұтынушылардың кө-
ңілін табу, өнімнің жаңа үлгілерін нарыққа ұсыну қажеттігі, 
сатып алушылардың қатарын кеңейту жəне сату көлемін арттыру. 
Орайлы маркетингке сын көзбен қарайтындар оны жақтаушыларды 
халықтың ең асыл сезімдерін арсыздықпен пайдалануда жəне 
тұтынушыға тікелей қайырымдылық көрсету арқылы емес, нақты 
тауарды сатып алу арқылы қоғамдық міндеттерін орындауда деген 
қиялды қалыптастыруда деп айыптауда. 
Маркетингтің əлеуметтік-этикалық тұжырымдамасы үшін ке-
лесі талаптар тəн:
— кəсіпорынның негізгі мақсаты сатып алушылардың қоғам-
ның ізгі мүдделеріне сəйкес келетін, ақылға сыятын, дұрыс қажет-
тіліктерін қанағаттандыру болу керек;
— кəсіпорын сатып алушылардың қажеттіліктерін толығырақ 
қанағаттандыратын жаңа тауарды жасау мүмкіндіктерін үнемі 
іздестіруге тиісті;
Маркетингтің мақсаттары
Өндіріс талаптары
Қоғамның жақсы тұрмысы жəне қауіпсіздігі 
Қажеттіліктерді қанағатттандыру
Фирманың табысы 


44
45
— кəсіпорын өз тауарларын сатып алушынының мүдделеріне 
сəйкес, жүйелі түрде жетілдіруге дайын болу керек; 
— кəсіпорын тұтынушылар мен бүкіл қоғамның қызығушы-
лықтарына қайшы келетін тауарларды өндіру мен сатудан бас 
тарту керек;
— тұтынушылар тіршілік сапасын сақтау мен жақсартуды 
ойлағандықтан, қоршаған ортаға зиян келтіретін өндіру тех-
нологиясын қолданатын кəсіпорынның тауарларын сатып алмауға 
тиісті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет