334
ә) Толғау қысқа болуы тиіс. Көңіл күйінің
көбі-ақ бір
қалыпта ұзақ тұрмайды. Көңіл күйінен шығатын толғау көңіл
табиғатына қарай ұзын болмасқа тиіс, ұзын болмайды да. Нағыз
толғаулардың көбі-ақ 4-5 ауыз өлеңнен аспайды.
б) Толғау әуезді сөзбен айтылуы тиіс. Адамның көңілінің
күйін жақсы білдіретін – күй мен ән. Әннен соңғы көңілге
көбірек әсер беретін – әуезді сөз, әуезді сөздің әдемісі – өлең.
Толғау көңіл сөзі болғандықтан әсер күшін
көбейтетін өлең
түрде айтылуы тиіс. Көбінесе солай айтылады да. Толғаудың
құны қанша деген мәселеге келсек, толғау сөз өнерінің барып
тұрған жері деп саналады. Толғаудағы көңіл күйлерінің бәрі
өмір жүзінде адам біткеннің бәрінің басында бола бермейді.
Көңілдің түрлі күйін әдемілеп айтып, сөзбен келтіруге үлкен
ақындық керек; толғау жақсы болса, оқығандар өз басын-
да болмаған күйлерді толғау күшімен өзінде болған күйдей
басынан кешіріп өтпек. Бұл өзгелердің көңіл күйін де дұрыс
танып, дұрыс білуге үйретпек. Толғау көңілдің көркем сырла-
рын өрнекті сөздермен айтып білдіріп, адамның көрік сезімін
күшейтеді. Әдемі толғаудан алатын
адамның көрік ләззаты
басқа сөздердің бәрінен де артық болады.
Ақынға дүниенің әдемілігі көрік пен махаббат екеуінде ғана.
Өмірдің көрік пен махаббатқа дұрыс келетін істері сүйіндіреді,
теріс келетін істері күйіндіреді. Мұның мағынасы көңілді
сүйінішті, күйінішті күйге түсіру болады. Күйініш көңілге
наразылық туғызады. Көңіл наразылығы мұң туғызады, мұң ой
туғызады.
Осы айтылған істерге қарай күйлі толғау бірнеше
түрге бөлінеді:
1. сап толғау. Қорыққанда «ойбай!», қуанғанда «алақай!»,
қиналғанда «уһ!», таңданғанда «о!», өкінгенде «қап!» деген
сияқты пайым, пікір, ой
белгілі кіріспеген, құстың сайрауы
сияқты көңілдің таза күйінен шығатын сөз сап толғау яки сай-
рау деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: