337
көрсетіп те
айтады; бір адамның басындағы мін, кемшілік,
жамандықтарын көрсетіп те айтады. Үгітті бүтін жұртқа айтса
да, бір адамға айтса да үгіт болады.
Сөгіс бір адамға бастап
айтылғанда,
масқаралау (әлемдеу) болады да, жұртқа қастап
айтқанда
әшкерелеу (даттау) болады.
Әшкерелеу де, масқаралау да екі түрлі болады.
Жай сөгіс
әшкерелеу бар, күлкі қылып әшкерелеу бар. Масқаралау да сон-
дай. Жай жамандап масқаралау бар да, күлкі қылып масқаралау
бар. Жамандық адамды кейітеді, қайғыртады, мұңайтады, рен-
жітеді. Кемшілік пен мін адамның күлкісін келтіреді. Осыған
қарай толғаудың ойдамалдау түрі көбінесе не сөгіс толғауға не
күліс толғауға айналып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: