«Ақ Берен» Батыс Қазақстан атқыламаға қарсы әскерилендірілген бөлім филиалының озат қызметкерлері Иванченков Николай Николаевич



Дата25.02.2016
өлшемі35.25 Kb.
#20785
«Ақ Берен» Батыс Қазақстан атқыламаға қарсы

әскерилендірілген бөлім филиалының озат қызметкерлері


Иванченков Николай Николаевич - «Ақ Берен» Батыс Қазақстан атқыламаға қарсы әскерилендірілген бөлім филиалының алдын алу жұмыстары жөніндегі жетекші инженері.

1950 жылы 20 ақпанда Каракалпак АССР-і, Кунград қаласында дүниеге келген. Гурьев политехникалық техникумының техник-мұнайшы мамандығын бітірген.

Еңбек өтімі жылдарында взвод командирінен жедел жұмыстар жөніндегі командир орынбасарына дейін көтерілді. 2-ші дәрежедегі құтқарушы мәртебесіне ие.

1999 жылы «Қазақстан мұнайына 100 жыл» құрмет белгісімен, «Ақ Берен» РМҚК-ның «Құрмет граммотасымен» марапатталған.




Бозбаев Кадыржан Қағазұлы - «Ақ Берен» Батыс Қазақстан атқыламаға қарсы әскерилендірілген бөлім филиал директорының жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары.

1952 жыл 22 қыркүйекте Гурьев облысы, Мақат ауданы, Макат ауылында дүниеге келген.

В. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығын бітірген.

«Ақ Берен» РМҚК-ның «Құрмет граммотасымен» («Ақ Берен» РМҚК-ның 2003 ж. 19.09 № 148-к бұйрығы) және «Ақ Берен» РМҚК-ның «Еңбек озаты» медалімен («Ақ Берен» РМҚК-ның 2007 ж. 14.12 № 100 л/с бұйрығы), БҚО ТЖД Құрмет грамотасымен (Орал қ., 2008 ж.) марапатталған.

Бозбаев Қадыржан Қағазұлы «Ақ Берен» Батыс Қазақстан атқыламаға қарсы әскерилендірілген бөлім филиалында 1999 жылдан бастап қызмет етеді. 2 санатты алдын алу жұмыстары бойынша инженер қызметінен бастады. 2-ші дәрежедегі құтқарушы мәртебесіне ие.

Қызмет істеген кезінде нысаналарда ашық атқыламаларды жою және апаттан соң қайта қалпына келтіру жұмыстарына қатысты:

-2000 жылғы 9 қаңтарда Қаламқас кең орнында № 5749 ұңғымасында мұнайгазсу апаты кезінде апаттық- қайта қалпына келтіру жұмыстары;

-2000 жылғы 15 шілдеде Шығыс Жетібай кең орнында № 207 ұңғымасында мұнайгазсу апаты кезінде апаттық- қайта қалпына келтіру жұмыстары;

-2000 жылғы 5 тамызда Өзен кең орнында № 2130 ұңғымасында мұнайгазсу апаты кезінде апаттық -қайта қалпына келтіру жұмыстары.

Әскерилендірілген авариалық-құтқару қызметінде істеген кезінде Бозбаев Қадыржан Қағазұлы қиын жағдайларда өзін жауапты және қабілетті маман ретінде көрсете білген озат маман.


Макаренко Владимир Иванович - «Ақ Берен» Батыс Қазақстан атқыламаға қарсы әскерилендірілген бөлім филиал директорының алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары.

14.10.1954 жыл Белорусь Республикасы, Гомельс облысы, Хойник ауданы, Глинище ауылында дүниеге келген.

Батыс Қазақстан Жәңгір хан атындағы мемлекеттік университетінің «мұнай-газ кенорындарын талдау» мамандығы бойынша оқып бітірген.

Макаренко Владимир Иванович «Ақ Берен» Батыс Қазақстан атқыламаға қарсы әскерилендірілген бөлім филиалында 1999 жылдан бастап қызмет етеді. Еңбек өтімі жылдарында взвод командирінен директордың алдын алу жұмыстар жөніндегі орынбасарына дейін көтерілді. Мұнай-газ саласындағы қызмет еткен жылдарында апаттық-қалпына келтіру жұмыстары мен қызмет көрсетілетін нысаналардағы ашық атқыламаларды жою жұмыстарына қатысқан. 2-ші дәрежедегі құтқарушы мәртебесіне ие.

Еңбек жолы барысында В.В.Макаренко 2009 жылы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.

Иманмухамбетов Хамит Оразғалиұлы- «Ақ Берен» Батыс Қазақстан атқыламаға қарсы әскерилендірілген бөлім филиалының алдын алу жұмыстары жөніндегі ІІ санатты инженері.

1952 жылы 12 тамызда Орал облысы, Тайпақ ауданы, Калмыково ауылында дүниеге келген.

Батыс Қазақстан инженер-технологиялық колледжінің техник-технолог мамандығын тамамдаған.

Иманмухамбетов Хамит Оразғалиұлы 1999 жылдан бастап Батыс Қазақстан атқыламаға қарсы әскерилендірілген бөлім филиалында жұмыс жасайды. Еңбек жолын респиратор болып бастаған іскер жауынгер ІІ санатты алдын алу инженері дәрежесіне дейін көтерілді. 2-ші дәрежедегі құтқарушы мәртебесіне ие.

1974ж. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, 2007 ж «Ак Берен» РМҚК-ң «Еңбек озаты» медалімен марапатталған.

Луговой Олег Александрович- «Ақ Берен» Батыс Қазақстан атқыламаға қарсы әскерилендірілген бөлім филиалының алдын алу жұмыстары жөніндегі ІІ санатты инженері.

1960 жылы 12 желтоқсанда Краснояр өлкесі Норильск қаласында дүниеге келген.

Батыс Қазақстан инженер-гуманитарлық университетінің мұнайгаз ісі мамандығын бітірген.

Луговой Олег Александрович «Ақ Берен» Батыс Қазақстан атқыламаға қарсы әскерилендірілген бөлім филиалында 1987 жылдан бастап қызмет етеді. Еңбек өтімі жылдарында взвод командирі көмекшісінен ІІ санатты алдын алу жұмыстары жөніндегі инженерге дейін көтерілді. 2-ші дәрежедегі құтқарушы мәртебесіне ие.



Ашық атқыламаға қарсы қызмет саласының 30 жылдық және «Ак Берен» РМҚК-ның 5 жылдық құрмет мерекесіне «Еңбек озаты» құрмет белгісімен марапатталған.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет