А. Бимаханова 2021ж Курстық жұмыс Тақырыбы



бет17/17
Дата13.09.2023
өлшемі0.8 Mb.
#477465
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
А. Бимаханова 2021ж Курсты ж мыс Та ырыбы

«Шешімін тап» әдісіндегі жұптағы оқушылардың бірлесіп жасаған жұмыстарының қорытындыларына назар аудардым.

Ауызша кері байланыс жасаймын.
Оқушылар өздерін «Жетістік баспалдағымен» өзін-өзі бағалайды.



Сабақ бойынша рефлексия









Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралыда ойланыңыз)?
1:

2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады:
1:

2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қорытынды


Осындай қарапайым жаттығулар процесінде балаларды геометриялық фигураларды ажырату, анықтау, сызу, өлшемдерін таба білу дағдылары қалыптасып, геометриялық түсініктерін дамытып отырамын. Сондай – ақ балаларды математиканың бір бөлігі болып табылатын геометрияға деген қызығушылығы артып, қоршаған ортаны танып зерделеп үйренуге жетелейді.
Ғылым мен техника дамып отырған қазіргі кезеңде оқушыларға белгілі көлемде білім білік дағдыларын меңгертумен бірге табиғат, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып оларды зерттеушілік бағытта жан – жақты дамыту бүгінгі күннің талабы және әрбір ұстаздың басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Геометриялық фигураларды оқыту әдістемесінің негізгі талаптары.

  1. Геометриялық фигуралар туралы түсініктерін қалыптастыру.

  2. Сызбалық және өлшеуіш аспаптардың көмегімен және оларды пайдаланбай (көзбен өлшеу, қолдан сызу т.с.с.) оқушыларда өлшеудің және геометриялық фигураларды салудың машықтық біліктерін қалыптастыру.

  3. Кеңістік ұғымдары жөніндегі білімдерін жалпылау. Геометриялық фигураларды бір – бірінен ажыратуға машықтандыратын тапсырмалар қайталау және пысықтау мақсатында кездесуі мүмкін және олардың бәрі жаңадан еңгізіліп отырған түсініктермен тығыз қарастырылған жөн.

Геометрияны оқытуда есептерді шеше білу дағдысын қалыптастыру және оны жалпы түрде дамыту аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Геометриялық есептерді шешу туралы жалпы білік дағдылар әдетте көптеген есептерді шешу арқылы қалыптасады.
Мектеп оқушыларының кеңістікті қабылдап, оны көз алдына елестете алуы стереометрияны оқытудың негізгі мәселелерінің бірі болып саналады. Осы айтылған мақсатты іс жүзіне асыруда кеңістіктегі салуға берілген есептерді шешудің зор мәні бар. Жазықтықтағы геометриялық салулар теориясы жеткілікті түрде талқыланып ал стереометрияның әдістемелік мәселелеріне әлі де толық көңіл бөлінбей келеді.
Геометриялық салулар теориясы - салуды негіздеу, есептерді кластарға жіктеу, есеп шешу әдістері, белгілі бір класқа жататын есептерді шешу критериі, салу есептерін шешкенде барынша жай әдістерді тиімді қолдану сияқты мәселелерді қарастырады. Кеңістіктегі салу есептерін кластарға жіктеу туралы әр түрлі көзқарастар мен тәсілдер бар. А.Н.Чалов кеңістіктегі салу есептерін геометриялық салуды орындау тәсілдері бойынша келесі топтарға бөледі:
1) елестету арқылы шешілетін есептер;
2) проекциялық сызбамен шешілетін есептер;
3) модельмен шешілетін есептер.
Салуға берілген стереометрия есептерін позициялық және метрикалық деп екі топқа бөлетіндер де бар. Негізгі элементтерінің қиылысуын ғана іздейтін, соны салумен аяқталатын есептер позициялық әдіспен шешілетін есептерге жатады.
Кесінді сызу белгілі бір шамасы бар бұрышты салу, перпендикуляр тұрғызу, биссектриса жүргізу және т.б. белгілі шарттарды қанағаттандыратын фигура салу талабы қойылатын есептер метиркалық есептерге жатады. Мысалы, В.А. Гусев, В.Н. Литвиненко, А.Г. Мордкович өздерінің құрастырған «Математикалық есептер шешу практикумында» кеңістіктегі салуға берілген есептерді мынадай әдістер бойынша топтарға бөледі.
1) кеңістіктегі қарапайым салулар;
2) нүктелердің геометриялық орындары;
3) кейбір нүктелердің геометриялық орындары мен түзулерді пайдалану;
4) кескіндеу арқылы салу.
Салуға берілген стереометрия есептері талдау, салу, дәлелдеу және зерттеу сияқты төрт кезеңнен тұрады. Талдау – бір бүтінді, құрамды бөліктерге жіктейтін, әр бөлікті жеке қарастыратын зерттеу әдісі. Ол салу есебін шешудің жоспарын табуға мүмкіндік тудырады. Талдау – есеп шешудің барынша маңызды кезеңі. Есепке дұрыс жүргізілген талдау – есепті шешу жоспарын дұрыс құрастырудың кепілі. Салу есебіне талдау жасағанда сызба басты рөл атқарады. Сонда есеп шартын, сызбадағы элементтердің өзара орналасуына барынша басынан аяғына дейін талдау жасалады, есеп шартында берілгендер мен іздеген элементтер арасында байланыс орнатылады. Салуға берілген алғашқы есепті шығарғанның өзінде есепті шешудің кезеңдерін (талдау, салу, дәлелдеу, зерттеу) дәл анықтап бөлу керек. Кеңістіктегі салуға берілген есептерді шешудің негізгі әдістері: аксиоматикалық әдіс, проективтік әдіс, геометриялық орындар әдісі. [12]

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


1. Әмірова Ә. Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа технологиясын пайдалану. Әдістемелік құрал. – Алматы: 2016ж, 123 – бет.
2. Бидасов А. Математиканы оқыту методикасы. - Алматы: Мектеп, жа)
3. Елубаева С. Бастауыш кластарда математикадан жүргізілетін кластан тыс жұмыстар. – Алматы , 2015ж.
4. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика – Алматы: Атамұра, 2016 ж
5. Математиканы оқыту әдістемесі. 1 – сынып. – Алматы: Атамұра, 2015ж.
6. Математиканы оқыту әдістемесі. 2 – сынып. – Алматы: Атамұра, 2015ж.
7. Математиканы оқыту әдістемесі. 3 – сынып. – Алматы: Атамұра, 2016ж.
8. Математиканы оқыту әдістемесі. 4 – сынып. – Алматы: Атамұра, 2015ж.
9. Математика оқулықтары . 1 – 4 сынып. – Алматы: Атамұра, 2016ж.
10. Математика . 1 – сынып №1,№2 дәптер. – Алматы: Атамұра, 2015ж.
11. Математикаға арналған дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар. 1 – 2 сынып. – Алматы: Атамұра, 2016ж.
12. Математикаға арналған дидактикалық материалдар. 1 – сынып. – Алматы: Атамұра, 2015ж.
13. Оқушы анықтамалығы 1–4 сынып: Қазақ тілі, Русский язык, Математика, Дүниетану: – Алматы: «Алматыкітап» ЖШС,2015ж -640-бет,суретті.
14. Оспанов Т.Қ, Құраманалина Ш.Математиқаның бастауыш курсын оқыту әдістемесі. І – бөлім. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 2014ж.
15. Интернет материалдары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет