Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бастауыш сыныптарда оқылатын математиканың бастауыш курсы орта буын математикасының ажырамас табиғи бөлігі болып табылады. Олай болса, математикалық білім негізі бастауыш курсындағы тығыз сабақтастықты жалғастырып, оны сапалық (ғылыми) жаңа биікке көтеру күн тәртібінде өзекті мәселе болып отыр. Бұл мектеп ісіне комплексті қарап, білім беру мен тәрбиелеудің біртұтастық принципіне әдістемелік жағынан жаңаша жұмыс жасауды талап етеді.
Білім беру жүйесінің барлық буындарына, соның ішінде бастауыш буынға зор жауапкершілік жүктейді. Өйткені білім мен тәлім-тәрбиенің негізі бастауыш мектепте қаланады.
1-4 сыныптардағы математика оқулықтарының әрқайсысының аса маңызды ерекшеліктерінің бірі - қарастырылатын мәселелердің және оқушылардың игеруі тиіс білік пен дағдыларының іргетасы болып табылатын, математика ғылымының негізгі қағидаларын айшықтап көрсетумен және түсініп сезінумен сипатталатын теориялық білімнің жетекшілік рөлін қамтамасыз ету болып табылады.Ал теориялық білім жайында сөз болғанда, тек қана терминдермен және анықтамалармен шектеліп қалмайды, керісінше, тәуелдіктерді, заңдарды және т.б.игеруге де ерекше мән береді,яғни оның жан-жақтылығын да ескереді.
Оқулықта әр сабақтың жаттығулар жүйесіне негізделген жұмыс әдістемесінің үлгісі берілген.Оқулықтағы тапсырмалардың берілу формасы; түрі; көлемі;орналасу қалпы және рет-тәртібі әр оқушының өздігінен оқу іс-әрекетін қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді. Оқушы мұғалімнің педагогикалық әсерінің объектісі ғана емес; оқытудың белсенді субъектісі деңгейіне көтерілуі керек.Осыған қолайлы жағдай туғызу мақсатында тапсырмалар жүйелі жасалған және орындалатын амалдар мен іс-әрекеттердің түрін және рет-тәртібін анықтауға септігін тигізетін алгоритмдер мен нұсқаулар нақты жаттығулар бойынша келтіріледі.
Өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесін жан-жақты жетілдіру қажет. Осыған орай бастауыш мектепте оқытылатын пәндерден жаңа мемлекеттік стандарт, бағдарламалар жасалып, соларға сәйкес оқу-әдістемелік кешендер жазылды, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың жаңа жүйесі мектептердің тәжірибесіне енгізілуде, яғни педагогикалық ғылымның озық идеялары мен жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жаңа жағдайларда өзінің қолданысын тауып отыр.
Сондықтан да бастауыш сыныптарда математиканы оқыту процесінің және оның құрамды бөліктерінің өзіндік ерекшеліктерін айқындайды:
Математиканы оқытудың мақсаты тұжырымдалады;
Кімді оқытамыз, яғни бастауыш буындағы оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктері зерттеледі,
Оқытудың мазмұны анықталады және оны қарастырудың тәртібі негізделеді;
Оқытудың әдіс-тәсілдері іріктеледі;
Оқытудың құрал - жабдығының түрлері ұсынылады;
Оқытуды үйымдастыру түрлері айқындалады;
Оқытудың нәтижелері және олардың нақты деңгейінің қандай болу керектігі анықталады.
Геометриялық кеңістік ұғымдары жөніндегі білімдерін жалпылау.
Геометриялық фигураларды бір бірінен ажыратуға машықтандыратын тапсырмалар қайталау және пысықтау мақсатында кездесуі мүмкін және олардың бәрі жаңадан еңгізіліп отырған түсініктермен тығыз байланысты қарастырылған жөн.
Қоғамның қазіргі даму кезіндегі басты мәселелердің бірі мектептегі білім беру жүйесінде оқыту үрдісін технологияландыру. Қазіргі заман талабына сай білім беру-бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалдық, мәдени дамуының жоғарғы деңгейлік және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған оқыту мен тәрбие берудің үздіксіз үрдісі екендігі белгілі. Осы орайда қазіргі білім беру салысының алдындағы өзекті мәселелердің бірі-мектеп оқушылыраның математикалық сауаттылығын арттыру болып отыр. Ал оқушылардың математикалық сауаттылығы мен мәдениеттілігі тек берілген білімге оның деңгейі анықтау критерилеріне, тексеру құралына ғана емес, тәсіліне де тәуелді. Білім негізі-бастауышта болғандықтан, жоғарғы сыныптағы математикалық білімге негіз болатын маңызды мәселелердің бірі- геометриялық фигураларды оқыту болып табылады. Осы материалдарды бастауыш сыныпта оқыту кезінде цифрлық білім беру ресурсын қолдану арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |