А. Бимаханова 2021ж Курстық жұмыс Тақырыбы


Нүктемен танысу әдістемесі



бет5/17
Дата13.09.2023
өлшемі0.8 Mb.
#477465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
А. Бимаханова 2021ж Курсты ж мыс Та ырыбы

Нүктемен танысу әдістемесі.
Мақсаты: геометриялық фигуралармен таныстыру (нүкте, сәуле, бұрыш) және оларды бір-бірінен ажыратуға үйрету.
Қарындаштың немесе қаламның ұшы және олардың қағаз бетіне қалдыратын іздері – нүкте жайында түсінік беріледі. Түзу сызықпен танысудан кейін балалар нүктені түзеуге қоюды, берілген 1,2,3 нүктелер арқылы түзу сызықтар жүргізуге, оған қатысты нүктенің орнын анықтауға үйренеді. 3 –сыныптың 3 – тоқсанында оқушылар нүктенін латынның бас әріптері мен белгіленетінін үйренеді. Мысалы К,М,О,А,Е және т.б. Олар нүктенің қасына жазылады. Балалар нүктелерді әріптермен белгілеуге және белгіленген нүктелерді оқуға жаттығады. [2]
Түзу шексіз болғандықтан , оны өлшеуге болмайды. Оқушылардың естеріне түсірген барлық геометриялық фигуралар нуктелер жэне түзулерден тұрады.

1.3 Сызықпен , кесіндімен таныстыру әдістемесі
1 – Сынып оқушыларының түзу сызық туралы түсініктері әр түрлі машықтық жаттығуларды орындау арқылы қалыптасады. Мұндайда түзу сызықты қисықпен сәйкестендіреді. Мысалы, жіпті созып қарайды, салынған суретін қарайды, қағазды сызық бойынша қияды, әрбіреуінде сызық қисық немесе түзу қалай пайда болғанын айтып отырады. Балалар жазықтықта кез келген бағытта сызылған түзу сызықты тануы, оны қисықтан айыра білуі, сызғыш көмегімен түзу сыза білуі керек. Осы мақсатта оқушылар түзу және қисық сызықтар жүргізеді. Оларды айналадағы заттардан, тақтада жазылған сызықтар ішінен табады және көрсетеді. [5]
Жаттығуларды орындау барысында балалар түзудің кейбір қасиеттерімен танысады. Мысалы, нүкте арқылы түзу немесе қисық, ал екі нүкте арқылы тек қана бір түзу, бірнеше қисықты жүргізуге болатынын бақылайды.
Егер нүкте қағаз бетімен қозғалатын болса сызық пайда болады. Сызық сызғыш арқылы жүргізілетін болса түзу болады. Ол қисық бола алады. Түзу сызықтың бөліктерінен тұратын сызық сынық деп аталады. Сызықтардың да нүктелер сияқты түсі, нісі, қалыңдығы, ені болмайды. Бірақ олардың ұзындығы болады және ол шексіз болуы мүмкін. Қисық сызықтардың бұрыштық нүктелері болады. Сызықтар тұйықталған және тұйықталмаған болып бөлінеді. Тұйықталмаған сызықтардың екі ұшы болады. Тұйықталған сызықтардың ұшы болмайды. Тұйықталған сызық жазықтықта ішіне шексіз түзу, тіпті сәуле жүргізуге мүмкін емес шектелген фигураны бейнелейді. Егер сызық сызғышпен ешқандай бөлігінде сәйкес келмесе, онда оның қисық болғаны. Егер кейбір бөліктері сызғышпен сәйкес келіп, бірақ түгел сәйкес келмесе онда ол – сынық болады. Сыныктың сыну нүктесі оның төбесі деп аталады. Сынықты құрайтын кесінділер оның бөліктері болып табыла.
ABCD – СЫНЫҚ
A,B,C,D – төбелері
AB,DC,CD,DE – бөліктері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет