А. Бимаханова 2021ж Курстық жұмыс Тақырыбы


Кесіндімен таныстыру әдістемесі



бет6/17
Дата13.09.2023
өлшемі0.8 Mb.
#477465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
А. Бимаханова 2021ж Курсты ж мыс Та ырыбы

Кесіндімен таныстыру әдістемесі
Мақсаты: кесінді жайында түсінік беру және оларды басқа фигуралардан ажыратуды үйрету, кесінді салудың ерекшелігімен таныстыру. Математика – 1 – сынып. 13 – бет.
Сымның қиындысын алып, басымен ұшын көрсетіп немесе тақтаны жиектеп керілген жіптің үстінен борды жүргізіп, жіпті тартып, жіберіп қалса, тақта бетіне із түседі. Оның екі ұшын нүктемен тұйықтап, бұл кесінді деп түсіндіреміз. [6]

1.4 Сәулемен , бұрышпен таныстыру әдістемесі
Нүктемен түзу туралы білімді пайдаланып, оқушыларды сэуле туралы ұғымды түсіндіруге болады. Сәулемен танысу машықтық жұмысты орындау процессінде өтеді:
1) нүкте саламыз
2) нүктеге оңға қарай түзу сызық жүргіземіз (бұл сәуле екенін айтамыз. Нүкте сәуленің басы, сәуле оңға бағытталған).
3) латын әрпімен сәуленің басын белгілейміз
4) әр түрлі бағытта сәулелер салу.
Сәуле
Сәуле – түзу сызықтың бір бөлігі. Оның басталу нүктесі болады, аяқталу нүктесі болмайды. Егер бір нүкте белгілеп , одан түзудің бөлігін. жүргізетін болсақ, онда сәуленің кескіні пайда болады. Түзудің бөлігі жүргізілетін нүкте сәуленің басы деп аталады. Сәуленің ұшы жоқ.
С әуле деп текке аталмаған. Ол күн сәулесін немесе жарық түсіргішті еске түсіреді. Солар сияқты математикалық сәуленің басы бар да, соңы жоқ болады. Сәуле латынның екі бас әрпімен белгіленеді, оның алғашқысы сәуленің басын, ал екіншісі – сәуленің кез келген ішкі нүктесін белгілейді. [7]
Бұрышпен танысу әдістемесі.
Бұрышты қағазды бүктеп шығарып алуға немесе әр түрлі құралдармен бұйымдардан көрсетуге болады.
Мақсаты: геометриялық фигуралармен таныстыру (нүкте, сәуле, бұрыш) және оларды бір бірінен ажыратуға үйрету.
1) сәулелер арасындағы жазықтық бөлігін басқа түспен бояймыз (бұрыш)
2) қағаз бетіне бұрыш саламыз да оны қиып аламыз. Бұрыш үлгісі (моделі) бойынша бұрыштың төбелерімен қабырғаларын таныстыру.
3) айналадығы заттардын бұрышты табу, шама бойынша бұрыштарды салыстыру.
Балаларды бұрышпен бірге оның ішкі облысы жөнінде түсінік қалыптастыру үшін алғашқы кезеңдерде бұрыштардың қағаздық үлгілерімен жұмыс жасайды (ермексазбен жұмыс жасату). Бұрыштың өлшемі оның қабырғаларының ұзындықтарына тәуелді емес, қабырғаларының бір – біріне қатысты өзара орналасуына байланысты қабырғалары неғұрлым жақын болса, бұрыш аз, ал қабырғаларының арасы қашық болса, бұрыш үлкен болады.
Басы ортақ екі сәуле жазықтықты екі бөлікке бөледі. Осының кіші бөлігі бұрыш деп аталады. Сәулелер бұрыштың қабырғалары деп аталады, ал олардың ортақ бастаулары бұрыш төбесі деп аталады. [8]
Бұрыш үш нүктемен белгіленеді: біреуі бір қабырғасында, екіншісі –төбесінде, үшіншісі – екінші қабырғасында. Бұрышты белгілеуде таңбасы пайдаланылады. Мысалы: АВС бұрышы. Бас нүктесі ортақ екі сәуле жазықтықты екіге бөледі. Осының кішісі бұрыш дел аталады. Сәулелердің өздері бұрыш қабырғалары, ал олардың ортақ нүктесі бұрыш тебесі деп аталады. Математика – 2 – сынып. 83 – бет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет