А. Бимаханова 2021ж Курстық жұмыс Тақырыбы


Геометрия негізгі түсініктері. Нүктемен танысу әдістемесі



бет4/17
Дата13.09.2023
өлшемі0.8 Mb.
#477465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
А. Бимаханова 2021ж Курсты ж мыс Та ырыбы

1.2 Геометрия негізгі түсініктері. Нүктемен танысу әдістемесі
Әлі адамдар ештеңе білмейтін, ештеңе қолдарынан келмейтін ертедегі алғашқы заманарда да олар өздеріне әр түрлі пішінде үйлер салып , құнарлы жерлерді өлшеп, оларды ауылдарға бөлді, Біртіндеп өлшеумен және тұрғызумен байланысты дағдылар, әр түрлі ережелер пайда болды. Осылайша геометрия ғылымы пайда болды, ол грек тілінен аударғанда «жер өлшеу» деген мағынаны білдіреді. [1]
Оқушы өзін қоршаған ортадағы заттардың ішінен текше, тік бұрышты параллелепипед, пирамида, конус, призма, цилиндр пішінді баршарды оңай таба алады. Бұлар – көлемді фигуралар немесе геометриялық денелер.








Суреттен көлемді фигуралар – геометриялық денелердің бейнелерін көруге болады. Оқушы өзіде үшбұрыш, тіктөртбұрыш, шаршы , көпбұрыш, шеңберді оңай сала алады. Бұлар – жазық геометриялық фигуралар. Ал жазық фигуралар дегеніміз не?


Олардың ерекшелігі сонда, әрбір жазық фигураны қағаз бетінен қиып алуға және үстел бетіне тұтасымен орналастыруға немесе тақтаға ілуге , қатты қағазға жапсыруға болады. Ал мұндай кәлемді фигуралармен істеуге болмайды.
Жазық геометриялық фигуралар


Нүкте мен сызық – қарапайым геометриялық фигуралар. Оларға анықтама берілмейді, қоршаған ортадағы заттармен байланыстырып, сипаттап, түсіндіруге болады. Нүктелерді латын алфавитінің бас әріптерімен белгілейді. Сен суреттен А,В,М нүктелерін көріп тұрсың. Нүктені белгілеу үшін былай айтылады: «А нүктесі», «В нүктесі», «М нүктесі».
A . M .

.B
Екі нүкте арқылы тек бір түзу ғана жүргізуге болады.
Бір нүкте арқылы неше түзу болса да жүргізуге болады.
Сызу кезіндегі түзуді бейнелеу үшін сызғыш қолданылады. Бірақ сызбада біз түзудің бөлігін ғана көрсете аламыз. Сондықтан да түзуді басы да, ұшы да жоқ шексіз деп айтады. Түзуді бір кіші әріппен немесе латын алфавитінің екі бас әрпімен белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет