А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)


Использованная литература



Pdf көрінісі
бет20/222
Дата02.02.2024
өлшемі7.01 Mb.
#490546
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   222
1679742366435 (2)

Использованная литература: 
1. Желобкович Е.Ф., «Физкультурные занятия в детском саду», изд. «Скрипторий 
2003», 2010г. 
2. Адашкявичини Э.И. «Спортивные игры и упражнения в детском саду». Изд. 
Просвещение, 1992г.
3. Картушина М.Ю. «Оздоровительные занятия с детьми 6-7 лет». Изд. «Сфера»,2010г. 
Аринбаева Ш. К. 
Қарағанды қаласы, «Балақай» КМҚК бөбекжайы
 
«БӨБЕКЖАЙҒА АРНАЛҒАН ДӘСТҮРДЕН ТЫС СУРЕТ САЛУДЫҢ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘДІСТЕРІ МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 
ҚОЛДАНУ» 
 
 «Жақсы салынған суретте көп сөздің түйіні бар»
деп бабаларымыз сурет өнері маңызына үлкен мән берген.
Қазіргі жағдайда мемлекеттердің даму деңгейі табиғи ресурстардың байлығымен ғана 
емес, сонымен қатар интеллектуалдық және шығармашылық әлеуметімен, ғылым мен 
өндірісте жаңа технологияларды игеру мен енгізу табыстарымен анықталады. 
Мен кішкентай жасымнан сурет салуды ұнатамын. Менің сурет салуға деген 
құштарлығым, өнерге деген құлшынысым арта түсті. Сурет салу- адамның ойын, өмірдің 
мәнін, ішкі жан-дүниесін суретпен түсіре алу болып табылады. Көп жағдайда сөзбен айту 
қиындық туғызғанда, суретпен жеткізе аласың. Өз тәжірибемде балалармен жобамның 
«Сиқырлы саусақтар» атты таңдауы арқылы, жұмысты іске асырып келе жатырмын.
Заман талабына сай жаңа тәсілдер баланың бойында өзгешілікті ойлап табуға қазіргі 
озық технологиялар арқылы заманында тың дүниелер ойлап табуға, ізденімпаздыққа, 
іскерлігін, мақтаныш сезімін ұялатуға, жетістікке жетуге септігін тигізетін негізгі құрал 
болып табылады. Инновациялық білім беру құралдары уақытты тиімді және ұтымды 
пайдалануға мүмкіндік туғызады: яғни біріншіден, балалардың қызығушылығын арттырады, 
екіншіден, зейін қойып көрумен қатар, түсінбеген жерлерін қайта көруге, тыңдауға және 
алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді. 
IT cаласы бойынша компьютерлік технология негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу 
істерін қамтамасыз ететін техникалық құрал жиыны.
Электрондық байланыс балалардың қызығушылығын арттыра, түсінбей қалған сәттерін 
қайталап көріп тыңдауға мүмкіндігін береді. 
Интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, бірлесіп шешуге әкелетін-
ұйымдастыруды ұсынады. Интерактивті құралдардың бірі проектормен және компьютермен 
бірге қолданылатын интерактивті тақта, онда көптеген бағдарламалық жасақтамалар бар. 
Виртуалды ақ парақ кескіннің үстіне сурет салып, жұмыс нәтижелерін сақтап, түрлі бейне 
фрагменттерін қосуға мүмкіндік береді.
Мен үшін балалармен жұмыс істеу процесінде мультимедиялық технологияларды 
қолданудың пайдасы орасан зор, соның ішінде проекциялық экрандар арқылы аудио, бейне, 
анимациялық эффектілерді пайдалануға болады. Ол балалардың ақпаратты визуалды 


27 
қабылдауына, сенсорлық жүйенің жетілуіне, практикалық және логикалық іскерліктерін 
дамытады. 
Мультимедиялық бағдарлама арқылы көптеген заттарды геометриялық фигуралар 
арқылы саламыз (сызықтар, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, сопақша). Мұнда кез-келген қиялды 
жүзеге асыруға болады – көк мұхит, жасыл шөп, сары күн, т.б. 
Балалардың өзіндік іс-әрекеті мектепке дейінгі білім беру жүйесінде үлкен маңызға ие. 
Сурет салу барысында мектеп жасына дейінгі бала байқау, эстетикалық қабылдау, көркемдік 
талғам, шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады. 
«Эбру» әдісі - су бетіндегі қызықты суреттер. 
Жабдықтар: арнайы желімдер, қылқаламдар, таяқшалар, арнайы , акрил бояулар, ақ 
қағаздар, арнайы тарақтар, құрғақ және дымқыл майлықтар, ыдысқа құйылған су, балаларға 
арналған алжапқыштар. 
«Эбру-суда сурет салу» деп аталады, яғни су бетіндегі қызықты суреттерді шығару 
болып табылады. «Эбру» деген сөзді аударғанда, «бұлт», «теңіз толқыны» деген мағынаны 
білдіреді. Қылқаламды бояуға малып, судың бетіне жай ғана шашыраңқы түрде сілкиді. 
Әртүрлі түрлі-түсті бояулармен бірнеше тамшы нүктелер түсіруге болады. Таяқшамен әр 
жерден өз қалауларынша өрнектер жүргізеді. (гүлдер, пейзаж, балық, ағаш, күн, т.б.) 
Ақ қағазды алып, (қағаздың көлемі ыдыстың көлеміндей) судың бетіне жайлап 
батырмай түсіреді. Қағаздың шеті қайырыла бастаған соң, қағаздың бір шетінен көтеріп 
шығарады. Қағаздың бетінде әдемі өрнектер шығады. 
«Пескография» Алақан бейненсін саламыз. Бұл жарықтандырылған әйнекке жұқа құм 
қабаты салынған жарық үстелі. Онда барлық әрекеттер қолмен жасалады. Дегенмен 
қылқаламдар, қарындаштар, таяқшалар және трафаретттерді қолдануға болады. 
«Дақтар» – бұл мектеп жасына дейінгі баланы дақтармен (қара және түрлі-түсті) сурет 
салуға үйрету. Тіпті кіші мектеп жасына дейінгі бала дақтарға қарап, суреттерді, заттарды 
немесе жеке бөлшектерді көре алады. «Сенің дағың неге ұқсайды?», «Ол сізге кімді немесе 
нені еске түсіреді?» - бұл сұрақтар өте пайдалы, өйткені олар ойлау мен қиялды, сондай-ақ 
мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеуін дамытады. Осыдан кейін, баланы мәжбүрлемей, 
бірақ көрсете отырып, келесі кезеңге өту керек – дақтарды сызу немесе аяқтау. Нәтижесінде 
толық сюжет пайда болуы мүмкін. 
«Түрлі-түсті ағаш үгіндісі». Жабдықтар: түрлі-түсті ағаш үгіндісі, қатты картон қағазы, 
гуашь, акварель бояулары, қылқалам, ПВА желімі. 
Балалар ою-өрнекті бейнелеу арқылы кеңістікті бағдарлауға үйренеді және олардың 
аттарын есінде сақтайды. Түрлі-түсті ағаш үгіндісі көмегімен, салынған бейнеге ерекше кесе 
үлгісінің эскизін жасауға немесе ұлттық ою-өрнектерден сәндік композициялар құрастыруға 
болады. 
«Қатты және жартылай құрғақ қылқаламмен ұру» Жабдықтар: қатты қылқалам, гуашь, 
кез-келген түсті және форматтағы қағаз немесе жануардың пішінін қолдануға болады. 
Мектеп жасына дейінгі бала қылқаламды бояуларға батырады және оны тік ұстап қағаз 
бетіне түсіреді, жұмыс кезінде қылқаламды суға батыруға болмайды. Сонымен бүкіл қағаз 
парағы, контур немесе шаблон толтырылады. 
«Ұшталған қарындаштан жапсырма». Жабдықтар: түрлі-түсті ұшталған қарындаштар, 
канцелярлық н/е ПВА желімдері, картон, ақ қағаз, жаз мезгіліндегі әдемі гүлдер мен 
көбелектің суреттері. 
Ақ қағазға немесе картонға қалауынша суреттің элементін қарындашпен салады. 
Салынған суретке жұқа қабатпен желімді (ПВА немесе канцелярлық) жағып, әр элементке 
таңдаулы түрлі түсті ұшталған қарындаштарды жапсырамыз. Осы тәсілмен пейзаждық 
суреттер, ою-өрнектер құрастыруға болады. Құмыраның сыртын да көрнекілікке қарап, 
түрлі-түсті ұшталған қарындаштарпен әсемдеп, жапсыруға болады. 
«Саусақтарыңызбен сурет» салған кезде келесі материалдар таңдалады: бояулар, кез 
келген тығыздалған қағаз, кішкене парақтар, майлықтар. Бейне баланың саусақты бояуға 
батырып, нүктені, дақты қағазға жағу арқылы алынады. 


28 
«Алақанмен сурет» салған кезде біз дақ, түс, фантастикалық силуэт түрінде кескін 
аламыз. Сурет бала алақанды бояуға түсіргенде немесе оны қылқаламмен бояғанда, қағазда 
із қалдырғанда алынады. Олар оң және сол қолдарымен сурет салады. 
Шығармашылық процесте дәстүрден тыс әдістердің қолдану нәтижесі: 
- балалардың қорқынышын жеңілдетеді; 
- өз қабілеттеріне деген сенімдікті арттырады
- кеңістікте ойлауды қалыптастырады; 
- балаларды шығармашылық ізденістер мен шешімдерге итермелейді; 
- әр түрлі материалдармен таныстырады; 
- композиция, ритм, түс қабылдау, пішін мен көлем сезімін дамытады; 
- қолдың ұсақ моторикасын дамытады; 
- шығармашылық пен қиялды дамытады; 
- эстетикалық қабылдау қалыптастырады. 
Шығармашылық жұмыстарды меңгеру барысында шығармашылық қабілеттері жоғары 
деңгейде дамиды. Дәстүрден тыс сурет салу әдістері балаларды жалықтыртпайды, одан олар 
тұрақты белсенділікті сақтайды. 
Осы өнерді өзім жалғастырып үйреніп келемін. Қорытындылай келе, балалардың 
арасындағы жаңаша қатынас, дамыта үйретудің нәтижелі болуы арқылы ғана өз жемісін 
берері анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет