360
Хамзина С.С., Әнес Б.
Абай ауданы, «Қуаныш» мектеп-бөбекжай кешені» КММ
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДЕ
IT ҚОЛДАНУ
Дана халқымыздың «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен
тәрбиеле» деген жақсы сөзі бар. Ұлт тәрбиесі дегеніміз не?
Ол – ұлттың тілі, ұлттың салт-дәстүрі, мәдениеті, әдебиеті,
ойындары, ырымдары. Жалпы
айтқанда оны басқа ұлттан ерекшелендіріп тұратын өзіндік рухани құндылықтары.
Мемлекет және қоғам қайраткері М.Шоқайдың «Ұлттық құндылықтардан жұрдай
рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат
шықпайды», - деп айтқан сөзінен баланы жастайынан ұлттық құндылықтар арқылы
тәрбиелеу қажет екенін түсінеміз. Біз болашағымызды ойласақ – онда бала тәрбиесіне мән
беруіміз керек. Ендеше мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық құндылықтар арқылы
тәрбиелеуді қалай жүзеге асыруға болады?
Қазіргі таңда біраз құндылықтарымызды жоғалтып алып жатқанымызды
мойындауымыз керек. Соның арқасында бала тәрбиесіндегі олқылықтарды да көріп
жатырмыз. Жоғалтқанымызды қайтарып, ұмытқанымызды қайта жаңғыртып, бала тәрбиесін
саналы да мазмұнды етіп беруді жүзеге асыруымыз керек. Біздің тәжірибемізде балабақша
жағдайында балаларға ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру «Атадан қалған мұра»
бағдарламасы арқылы жүргізілуде.
Бұл бағдарламаның мақсаты: балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, жалпы
адами
және ұлттық құндылықтарды, халықтың мәдени мұрасын зерделеу арқылы
отаншылдыққа, еңбекқорлыққа, білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу. АҚТ ойындары
арқылы балалардың білім білік дағдыларын бекіту. Бағдарлама «Ертегіде қонақта», «Сен
білесің бе?», «Әжемнің әңгімесі», «Отбасыммен» айдарлары бойынша ұйымдастырылады.
Бағдарламаны жүзеге асырушылар – тәрбиешілер, ата-аналар және тәрбиеленушілер.
Бағдарламаның мазмұны бала дүниеге келгеннен бастап қандай салт-дәстүрдің
орындалатыны, оның бала өміріндегі маңызы, өмірде адам болып қалыптасуына ықпал
ететін әдіс-тәсілдерден тұрады. Қазіргі таңда дүниеге келген балалардың бәрі көріп біле
бермейтін дәстүрлерімізді, балабақшада көрсету арқылы, балаларды ойландырған сұрақтарға
жауап беру арқылы бойларына сіңірудеміз. Біздің балабақшада
ата-аналармен бірігіп,
«Атадан қалған мұра», «Әжемнің ертегісі», «Алғашқы ұстаз – ата-ана» бағдарламаларын
байланыстыра отырып ұйымдастырылған іс-шаралар өз нәтижесін беруде.
Әр нәрсені білдірген ишарамен,
Біздің қазақ осындай текті ел еді.
Мысалы жас балаға сирақ берсе,
Сүрінбей сынықтардан өт дегені,
Құлақ берсе, тыңдап тек жақсы нәрсе,
Тіл берсе, сөздің майын төк дегені... – деп халық даналары айтқандай тыйымды –
жақсы әдетке, жақсы әдетті – әдепке, әдепті – дәстүрге, дәстүрді-әдет ғұрыпқа, әдет-ғұрыпты
– салт-санаға айналдырған қазақпыз. Ендеше сол даналығымызды келешек ұрпаққа мирас
ету біздің міндетіміз.
Бала дүниеге келгеннен кейін бірінші жасалатын рәсім – ол ат қою. Балаға ат қою
рәсімін көпті көрген ел ағасына,
аузы дуалы ақсақалдарға, елге сыйлы үлкен кісі жасатын
болған. Азан шақырып ат қою – ол халқымыздың парызы. Баланың құлағына азан шақырып
«Сенің атың ....» деп үш рет айту баланың құлағына сіңеді, зердесіне тарайды деген наным.
[1.45б]
Балаға берілген есім – оның адам болып қалыптасуына, өміріне тікелей әсер етеді
деген де наным бар. Сондықтан бала есімін қоярда дұрыс таңдаған абзал. Ат қойған соң
балаға бата беріледі.
361
Талдай бой берсін,
Таудай ой берсін.
Жаздай жамал берсін,
Оттай жанар берсін.
Анаға шуақ болсын,
Әкеге қуат болсын.
Бала естігеннен бір көргені жақсы деп, балалар өз көздерімен көріп, салт-дәстүрдің
қалай жүргізілгенін көріп, балалардың «Менің де атымды осылай қойды ма?», «Неге
құлағына айтады?», «Менің атымды кім қойды?» - деген сұрақтарына ата-аналарынан жауап
алуды ұсындық. Ол біріншіден ата-анамен балалар арасындағы қарым-қатынас, мәмлеге
келуді ұйымдастыру. Үйіне барған балалар көрген
іс-әрекеттерді баяндай отырып, өздерін
ойландырған сұрақтарын қойған. Келесі салт-дәстүріміз «Баланы бесікке салу». Бұл үрдісті
біздің Гүлімжан әжеміз көрсетіп, балаларды іс-әрекеттің ырымдарымен таныстырды. Баланы
бесікке салу көп ұрпақ өсірген, мінезі жайдары, көпті көрген кейуанаға жүктеледі. Оның
мақсаты баланың да мінезі көркем, үбірлі шүбірлі болсын деген ырым еді. Баланы бесікке
бөлеместен бұрын арша немесе адыраспанмен аластайды. Аластаған бесікте ұйықтаған бала
шошымайды, тынысы таза, ұйқысы тыныш болады. [1.56 б] Балалар әжемен бірге
«Алас, алас, алас!
Бар пәледен қалас!
Көзі
жаманның көзінен сақта,
Сөзі жаманның сөзінен сақта!
Алас, алас, алас! – деп қайталап айтып, әженің әңгімесіне қызыға түсті. Осыдан кейін
«Тышты ма?» ырымы жасалды. Бесіктің түбегіне тәттілерді уыстап тастап «Тышты ма?,
Тышты ма?» деп сұрағанда қолдарын тосып тұрған балалар «Тышты, тышты» деп мәз болды.
Бұның мәні дүниеге келген нәрестеге құт-береке дарысын дегенді білдіреді. Тыштырмадан
кейін Гүлімжан әже бесік жабдықтарымен және олардың қызметімен таныстырып өтті.
Баланы бесікке бөлеп болған соң әже «Құтты болсын бесігің,
Артық болсын несібең.
Дастарқаның жайылып,
Ашық болсын есігің.
Құтты болсын бүгінгі
Бесік жасар тойларың» - деп батасын берді. Осыдан кейін балалар әжемен бірге «Бесік
жырын» айтты.
Ертеде қыз балаларды тәрбиелеуге аса жауапкершілікпен қараған. Сөзге де шебер, іске де
ұста халқымыздың зор мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтарымыздың бірі –
қолөнер. [2.210 б]
Қыз баланы кішкентай кезінен әдемілікке, әдептілікке, инабаттылыққа,
еңбекқорлыққа
тәрбиелеген. Әжелері оларды іс тігуге, тоқыма тоқуға т.б қолөнерге үйреткен. Солардың
бірі құрақ құрауды біздің топтың қыздарымен Иманқажы Қуандық әжеміз өткізді.
Балаларды құрақтың түрлерімен таныстыра отырып, қалай тігілетіні жайлы, қалай
құрақты құрастыру керектігі жайлы, құрақтың түрлері туралы айтып берді. Балалар өздері
құралған
көрпелердің көздерін келтіруді, бір-біріне қаттап салуды үйренді. Балалар бұл
машинамен көйлек тігуге болады ма? Біздің үйде іс тігетін машина жоқ?, Менің мамам неге
іс тікпейді? – деген сауалдарын жарысып қойып жатты.
Сол сияқты «Әжемнің ертегілері», «Тұсау кесер», «Ертегілер елінде» т.б іс-шаралар ата-
аналардың қатысуымен ұйымдастырылуда.
Түрлі салт-дәстүрлерімізді видео арқылы көрсету де, оларды үнемі ойын арқылы қайталау
дәстүрге айналған.
Осы бағдарлама бойынша балалардың алған білімдерін түрлі «Microsoft Power Point»
бағдарламасында жасалған «Артығын тап», «Не жоқ», «Жауабын тап», ойын әрекеттер
арқылы жүзеге асырамыз. Осындай іс-шаралар қазіргі таңда ұмытқанымызды қайтарып,