А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)


Использованная литература



Pdf көрінісі
бет69/222
Дата02.02.2024
өлшемі7.01 Mb.
#490546
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   222
1679742366435 (2)

Использованная литература:
1. 
Инструктивно-методическое письмо об организации воспитательно-образовательного 
процесса в дошкольных организациях и предшкольных классах Республики Казахстан на 
2022-2023 учебный год. Нур-Султан, 2022. 
2. 
Фомичева О. С. Воспитание успешного ребенка в компьютерном веке. М.: «Гелиос 
АРВ», 2000г. 
Гумарова А.К. 
Бұқар жырау ауданы «Балдәурен» КМҚК бөбекжайы 
ТЕХНОЛОГИЯСЫН «ӘЖЕМНІҢ ЕРТЕГІСІ» АЙМАҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУДА ҚОЛДАНУ 
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар жаңа өмірлік мәселелерді тиімді 
және инновациялық шешуге қабілетті, белсенді, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру 
қажеттілігін талап етеді. Осыған байланысты мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің 
алдында жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамытудың маңызды міндеті тұр, бұл өз 
кезегінде мазмұнды және педагогикалық тұрғыдан дұрыс технологияларды, әдістер мен 
құралдарды пайдалануға байланысты.[1] 
Бұл мәселені шешуде бізге Қарағанды облысындағы білім беруді дамытудың оқу-
әдістемелік орталығы қолға алған «Әжемнің ертегісі» атты аймақтық әлеуметтік-
педагогикалық жобасы көмектесті. Балабақшамыздың тәрбиешілері бірлескен жұмысының 
мақсаты: «Ертегі терапиясы» технологиясын қолдану арқылы қазақ халқының ертегілерін 
пайдалану негізінде балаларды туған өлкенің мәдениетімен таныстыру міндеті қойылды. 
«Әжемнің ертегісі» аймақтық әлеуметтік-педагогикалық жобасын жүзеге асыруда 
Л.Б.Фесюкованың «Ертегімен білім беру» технологиясын қолдандық[3]: 
1. Адамгершілікке арналған сабақтар 
2. Мейірім сезімдерін тәрбиелеу 
3. Сөздік жаттығулар 
4. Ойлау мен қиялды дамыту 
5. Ертегі және математика 
6. Ертегі және экология 
7. Ертегі арқылы қолды дамыту 


120 
Осы орайда үш салаға кеңірек тоқталғым келеді. 
Бағыты: Адамгершілік сабағы. 
Мақсаты: балаларды адамгершілік – рухани қасиеттерге, сүйіспеншілікке, жанашырлыққа, 
жақындарына қамқорлық жасауға тәрбиелеу. 
Осы бағытта жұмыс жасай отырып, ұстаздарымыз облыстық жобаны жүзеге асыруда. 
«Ертегі терапиясы» технологиясын пайдалана отырып, балалардың үйлесімді психикалық, 
адамгершілік және физикалық дамуының негізін қалайды және жеке тұлға ретінде 
қалыптастырады. Ертегілер ізгілік, достық, өзара көмек, еңбексүйгіштік сияқты негізгі 
адамгершілік қасиеттерді ұрпақтан-ұрпаққа береді. Мысалы: Қазақтың көптеген 
ертегілерінің басты кейіпкері – Алдар Көсе: өте мейірімді, дана, көршісіне қол ұшын беруге 
әрқашан дайын. Алдар көсе кездесетін барлық ертегілер; «Алдар көсе мен сараң бай», 
«Алдар көсе мен аңдар», «Ғажайып тон», т.б., келемеждейтін сараңдық, ақымақтық, 
жалқаулық, қорқақтық ертегінің бейнелілігімен, жарқындығымен, терең мағыналылығымен 
ерекшеленеді. Олар еңбексүйгіштік, мейірімділік, қамқорлық, батылдық сияқты жағымды 
қасиеттерге тәрбиелейді.
Келесі бағыты: Мейірімділікке тәрбиелеу.
Мақсаты: балаларды салыстыруға үйрету; балаға өз ұстанымын таңдауға мүмкіндік бере 
отырып, басқаша емес, солай екенін дәлелдеуді әдетке айналдыру, мейірімділік, жанқиярлық, 
жанашырлық сезімдерін қалыптастыру. Қоғам дамуының жоғары технологиялар кезеңінде 
мұғалімдер балаларды ізгілікке, бақытқа, сүйіспеншілікке, ғажайыптарға яғни, ертегіге деген 
сенімін сақтауға тырысуда.
Мысалы, қазақтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» деген ертегісінде татулық
жанашырлық, мейірімділік, нәзіктік, ашықтық, ақжарқындық, шапшаңдық, мейірімділік 
сияқты ең жақсы рухани адами құндылықтар ашылады. 
Келесі бағыты: Ой-өрісін, қиялын дамыту. 
Мақсаты: баланы шынайы өмір мен қиялды ажырата білуге, үйреншікті стереотиптерден 
алшақтауға, жаңа ертегі ойлап табуға немесе оның қандай да бір эпизодын басқаша ойлап 
табуға, жаңа кейіпкерлермен, жаңа объектілермен таныстыруға, кейіпкерлер бір-біріне 
рухани немесе тәндік зиян келтірмей, ертегінің соңын ойлап табуға үйрету. Мұғалімдер 
балаларға өздері білетін ертегінің басы мен ортасын айта отырып, мысалы: «Ғажайып тон». 
Балалардың өздері ертегінің басқаша аяқталуын табуы керек (мысалы, сіз алдай алмайсыз, 
бұл жақсы емес, сіз басқалардың заттарын ала алмайсыз т.с.с.).
Сондай-ақ, балалармен бірге мұғалімдер өз ертегілерін құрастырады. Кез келген 
ойыншықты (қуыршақ Айсұлу) ала отырып, айта бастаймыз, содан кейін ойыншықты балаға 
береміз, кейін ол келесі ойыншыға береді, т.б. Сіз балалармен «Басқа ертегіге тап болдық» 
ойынын ойнай аласыз, мұнда біз балаларға әйгілі «Бауырсақ» туралы жаңа ертегі жаз, оған 
тағы не болуы мүмкін? Мүмкін ол өзенге батып кете жаздады, ал түлкі оны құтқарып қалды 
ма? Деген секілді нұсқаларды ұсынамыз. Осы бағытта жұмыс істей отырып, 4K моделін 
енгізу жұмыстары жүргізілуде: шығармашылық, коммуникативті дағдыларды, сыни ойлауды 
және топтық жұмысты дамыту.[2] 
Аймақтық жобаны іске асыру барысындағы жұмыс нәтижелері: 
- «Әжемнің ертегісі» жобасы аясында өткен облыстық форумға қатысып, іс-тәжірибемізбен 
алмастық; 
- балаларда ертегі кейіпкерлерінің эмоционалдық күйі және олардың бейнелерін әр түрлі 
мимика, ым-ишара, қимыл, интонация арқылы беру туралы түсінік қалыптасты; 
- әр түрлі іс-әрекетте балалардың шығармашылық қабілеттері дамыды; 
- ата-аналар пандемияға қарамастан бөбекжай-бақшасының ұжымдарының өміріне белсенді 
қатысты; 
- мектеп жасына дейінгі балалардың ертегіге деген тұрақты қызығушылығы қалыптасты
- пікірлес ұжым қалыптастыру: мұғалімдер, балалар және ата-аналар; 
- отбасында кітап оқуды жандандыру; 
- мұғалімдердің оқу іс-әрекетінде жоба әдісін қолданудағы кәсібилігі артты. 


121 
Біздің жұмысымызда 4K моделінің бағыттары қолданылуда және болашақта 
балаларды оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық технологиялары мен әдістерін әзірлеп, 
енгізе отырып, балабақшаның педагогикалық ұжымы бұл жұмысты жалғастыруда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет