17
балалар ойын арқылы білім меңгереді, ойын арқылы еңбекке үйренеді, ойын арқылы
тәрбиенің негізі қаланады.
Ойын – айналадағыны танып білу тәсілі.
Шынайы анықтамасын берсек, ойын есте
сақтауын, сөйлеуін, ойлауын, салыстыру іскерлігін, үйлесімін тауып, салыстыруға
қиялдауын, шығармашылық қабілетін,
оқу уәждемелік қызметін дамыту, қоғам
құндылықтарының ережелеріне тарту, қоршаған орта жағдайына бейімдеу, қарым-қатынасқа
дағдыландыру болып табылады.
Кәзіргі кезде көптеген ойын түрлері бар екенің жақсы білеміз. Бірақ сол ойын
түрлерімен кәзіргі замандағы өте гиппербелсенді балаларды қалай жалықтырып алмауға
болады? - деген сұрақты біз өзімізге қойдық та, өзіміздің іс - тәжірибемізде мектепке дейінгі
жастағы балаларға, оның ішінде «Күншуақ» балабақшасында мектепалды тобында В.В
Воскобович ойындарын алдық. Воскобович ойындарын ерекшелігінің бірі ол балалардың
ойнап отырып ойлауға деген ынтасы жоғары болатындығына, ойында қойылған шешімдерді
іздеп табу керектігіне өте үлкен мән бердік. Және де бір ерекшелігі ол әр түрлі
жастағы
балаларға арналған қызықты ойындар бар екенін байқадық, балалар ойнай отырып
қиялдайды және де өздеріде бір нәрсені ойлап табуға талпынады.
Біздің ең алғашқы топта қолданған ойын ол «Геоконт» конструкторлық ойыны болды,
ойын белгілі бір ретпен орналасқан қалампырлары бар тақта түрінде ұсынылған екен. Ойын
алаңында түрлі-түсті резеңке таспалар жиынтығы арқылы әр түрлі деңгейдегі
тапсырмаларды орындадық (сурет – видео көріп, тапсырма орындап отырғандары).
«Геоконт» ойынының нәтижесінде балалардың қол және саусақ моторикасы,
сенсорлық қабілеттері, шығармашылық және логикалық ойлау қабілеттері дамиды.
«Күлгін орман» Ойын және ертегі қағидасына құрылғандықтан,
біздің балалардың
жанына жақын. Ойынды ойнау кезінде балалар жақсы әсер алды Балалардың ертегі
кейіпкерлері мен табиғаттағы ерекшеліктерді әңгімелеу арқылы тілдері мен сөздік қорларын
дамыды.
Шаршы тек ғана ойнауға ғана емес, сонымен қатар, кеңістікті қабылдау, жеңіл
моториканы да дамытуға да, геометрия, кеңістік координациясымен, көлем негіздерімен,
есептеу материалы, балаларымыздың шығармашылықтарын дамытты.
Игровизор - ұзақ ойналатын папка болғандықтан алғашқы кезде мөлдір қағаз бетіне
балалар фломастермен сурет салып үйренгенде және оларды бояу барысында қате жібердім
деп ойлайтын, әңгімелеу барысында ол қателерді майлықпен
оңай өшіруге болатындығын
көрсетілді нәтижесінде балалар суреттерін жалғастырып салып шығармашылық қабілеттері
дамыды.
Мектепке дейінгі жас жеткіншектердің ойын ойнау кезінде, ақыл-ойларын
жетілдіруге (зейін, есте сақтау, ойлау, қиял, сөйлеу) үлкен әсері бар болып шықты, оңы
жұмыс барысында көз жеткіздік. Біздің топтағы балалар «Кілемграф», «Игровизор»,
«Кемелер», «Фонарик», сынды ойындармен жұмыс істегенді өте ұнатады. Қысқасы
ойындардың көмегімен балалар математикалық
ұғымдардың айырмашылықтарын,
қызығушылықтарын, ықылас-ынталарын көтерді.
18
Балабақша қызметі отбасымен бірлесе жүргізіледі. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі
мекемеге ата-аналардың талабы жоғары
Сонымен қатар балармен бірге осы В.В.Воскобовичтің ойындарын қосымша ата-
аналар да, пайдалана алды. Ата – аналар да қызығушылық танытып ойындарды ойнап көріп
балалардың жан-жақты дамып білімдерін арттырғанына сенімді
Сондықтан, білімді ұрпақ тәрбиелеуде жаңа технологиялар мен жаңаша
көрнекіліктерді қолданудың маңызы зор деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: