Ақ, экг тәуліктік мониторингі



бет2/3
Дата05.03.2024
өлшемі2.08 Mb.
#494382
1   2   3
АҚ, ЭКГ тәуліктік мониторингі Абеуова

ЭКГ-нің тәуліктік мониторингі немесе осы әдісті алғаш 1961 жылы ұсынған американдық биофизик Норман Холтердің құрметіне Холтер бойынша ЭКГ деп атайды. Холтеров мониторингі- бірнеше тіркемеде ЭКГ жазатын функциональді диагностикада өте кең тараған әдіс болып саналады. Бұл әдістің көмегімен, жүректің жұмысын тәуліктік бақылауға мүмкіндік туады. Бұл үшін алып жүретін портативті регистратор қолданылады. Ол электрокардиограмманың тәуліктік жазбасын жүргізеді.


Холтер мониторингін жүргізуге көрсеткіш :
  • Жүрек ырғағы бұзылысының нәтижесінде пайда болатын( жүрек қағуы, тоқтауы, есін жоғалту, бас айналу) шағымдар және миокард ишемиясы (кеуде тұсында әртүрлі сипаттағы ауру сезімі)
  • Ишемияылық (стенокардия, миокардтың «мылқау» ишемиясын тіркеу, қант диабеті) өзгерістерді бағалау
  • Кардиомиопатия және миокард ишемиясы бар науқастарда өміріне қауіпті аритмиялардың болуы, QT интервалының ұзару синдромы, түнгі апноэ синдромы
  • Антиаритмиялық және интиангинальді терапияның нәтіжесін бағалау
  • Кардиостимулятордың жұмысын бағалау
  • Жүрек ырғағының вариебельдігін бағалау
  • QT интервалының динамикасын тәуліктік бағалау (QT интервалының ұзару синдромына күдік туғанда)
  • Скрининг (миокардтың ишемиясын және жүрек ырғағының бұзылысын іздеу). Ер адамда 35-тен жоғары- 3 жылда 1 рет, әйелде 40-тан жоғары- 3 жылда 1рет жүрек ырғағы бұзылысында

Холтер мониторингін жүргізу техникасы:
  • Зерттеу 24 сағ. бойы немесе одан да көп электрокардиограммаларды үздіксіз тіркеу арқылы жүргізіледі. ЭКГ жазбасы арнайы портативті аппараттың көмегімен іске асады- науқас өзімен бірге алып жүретін (иығы арқылы белдікте немесе белінде) рекордер (тіркеуші). Жазба 2,3 немесе одан да көп каналдар бойынша жүргізіледі.
  • Тіркеу кезінде науқас күнделікті тіршілігін өзгертпейді, холтер бойынша ЭКГ-ны тіркеу аурухана немесе амбулаторлы жағдайда жүргізіледі. Тіркеу нәтижесі компьютер арқылы оқылып, тиісті программа арқылы зерттелінеді.
  • Холтерлік мониторлау кезінде барлық науқастарға жалпы жағдайы мен шағымдарын, сипатын, физикалық жүктеме, дәрі-дәрмек қабылдау және ұйқы мен ояу кезіндегі жағдайларын белгілейтін күнделік беріледі.
  • Күнделіктегі мәліметтер ЭКГ-дағы мәліметтермен салыстырады.
  • Холтер мониторинг жазбасының ұзақтығы зерттеу тапсырмасына байланысты. Скринингтік тексеру кезінде 12 сағ жеткілікті, есін жоғалтқан жағдада себепті анықтау үшін 24 сағ керек. ST динамикасын қарау үшін де тәулік қажет.
  • Теріге ешқандай зақым келмейді, өйткені ешқандай тесулер болмайды.
  • Құрал экологиялық жағынан да қауіпті емес, радиялық сәулелер жоқ
  • Аппаратқа ешқандай қарсы көрсеткіш жоқ, орнату оңай

  • ЭКГ Холтер мониторингін орнатуда науқасқа берілетін ескертпелер:
  • Суға, бассейн,душқа түспеу.
  • Электроқұрылғылармен жұмыс істеуге болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет