ЭКГ кезінде жүрек қызметін тіркеу қысқа уақыт ішінде жазылады (30 сек) , бұл уақыт аралығында науқастың шағымдарын туындатқан себептерді (брадикардия, тахикардия, аритмия) анықтау мүмкін емес.
ЭКГ науқастың тыныш қалпында тіркеледі, бұл күнделікті өмірдегі физикалық жүктеме кезінде миокардтағы бұзылыстарды көруге мүмкіндік бермейді. ЭКГ Холтер мониторингін тіркеу қарапайым ЭКГ-да көрінбейтін науқастың күнделікті өмірінде болатын әртүрлі жағдайларды тіркеуге мүмкіндік береді.
Қорытынды :алынған мәлімет аритмия түрлері мен стенокардия ұстамасын, жүрек ырғағының бұзылысын, жүрек өткізгіштігін,гипертонияда, гипотонияда, эндокриндік ауруларда, бауыр ауруларында, миокард ишемиясының бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс тек нақты диагноз қойып, өмірге қауіпті ауруларды анықтап қана қоймай, сонымен қатар жүрек- қан тамыр ауруларын емдеу және жүргізілген емнің нәтижелігін жоғарлатуға да мүмкіндік береді.