Әсер тигезетін микроорганизмдер топтарына немесе қатерлі ісікке қарсы препараттар: - Әсер тигезетін микроорганизмдер топтарына немесе қатерлі ісікке қарсы препараттар:
- 1. Бактерияға қарсы: пенициллин, ристомицин, полимиксин, левомицитин, мономицин т.б.
- 2. Саңырауқұлақтарға қарсы: нистатин, леворин, амфотерицин В.
- 3. Қатерлі ісік ауруларына қарсы: лактиномициндер, антриациклиндер /бубомицин/, оливомицин, блеомицин.
- 4. Вирустарға қарсы: интерферон /стоталон, эленин/, йод-дезоксиурудин, фтордезоксиурудин /ұшыққа қарсы/, рифамин /аденовирустарға қарсы/, метасазон /шешек вирусына қарсы/.
Антибиотиктердің микробтарға әсер ету механизмі: - Антибиотиктердің микробтарға әсер ету механизмі:
- 1. Бактериялық клетка қабатының құрылуын тоқтататын /пептидогликанның синтезделуіне әсер етеді/-пенициллин.
- 2. Цитоплазмалық мембранаға әсер ететін-полимиксин, нистатин, леворин.
- 3. Рибосомаларда белоктың құрылуын тоқтататын – эритромицин, стрептомицин, неомицин, тетрациклин, левомицитин, линкомицин.
- 4. Гендердің транскрипциялануын бұзатын рифампицин.
- 5. ДНК-ға әсер ететін-митомицин, новобиоцин /ДНК-ның қайта құрылуын бұзады, ДНК полимеразаның белсенділігін азайтады/.
Микробтарға әсерін тигізетін механизмдер: 1. Бактериостатикалық-микробтардың өсіп-өнуін тоқтатады. 2. Бактериоцидтық - микробтарды қырып жібереді. Антибиотиктерге қойылатын талаптар - Организм үшін улы емес дозадағы микробтарға қарсы әсерлерінің жоғары деңгейде таңдаулуы;
- Препаратқа, оны қолданған кезде қоздырғыштың тұрақтылығының болмауы немесе баяу дамуы;
- Организм сұйықтықтарында, эксудаттарында және тіндерде микробтарға қарсы әсерінің сақталуы, қан сарысуының белоктарымен, тіндік энзимдермен белсенділігі жойылмауы;
- Препараттың организмге енгізілген емдік концентрациясы әсерін жылдам көрсетіп, ұзақ сақталуы керек, жақсы сіңуі, тарауы, шығарылуы керек;
- Зақымдану аймағында жоғары концентрациясында жиналуының маңызы күшті;
- Дәрілік формасы қолайлы және сақтаған кезде тұрақты болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |