Диазо-, азоқосылыстар
Реактивтер: анилин,натрий нитритінің ерітіндісі,сұйылтылған тұз қышқылы,иодкрахмал қағазы, хлорлы фенилдиазоний тұзының ерітіндісі,натрий гидроксиді ерітіндісі.
Диазоний тұздарын алу. 2 мл анилин ерітіндісі мен 2 мл сұйылтылған тұз қышқылы құйылған колбаны мұзы бар суға салқындатып,оған воронка арқылы 2 мл 3 мольді натрий нитриті ерітіндісін тамызады.
Реакцияның аяқталғанын ерітіндіде азотты қышқылдың бар жоқтығына қарап ажыратады.Ерітіндідегі азотты қышқыл мөлшерін иодкрахмалды қағаз көмегімен анықтайды.Иодкрахмалды қағазды қоспаға алғанда,қағаздағы калий иодиді тұз қышқылымен әрекеттеседі де иодсутек қышқылын түзеді,ол қоспадағы артық азотты қышқылмен әрекеттесіп,бос иод бөліп шығарады.Бөлінген иод крахмалды көк түске бояйды.Осыған сүйене отырып,тамызғыш воронкадан қоспаға бірнеше тамшы натрий нитриті ерітіндісін тамызғаннан кейін,колбаны шайқайды да оған иодкрахмалды қағазды салады.Оның үстіне азотты қышқыл натрий ерітіндісін иодкрахмалды қағазы тұрақты көк түсе айналғанға дейін араластыра отырып,тамшылатып құя береді.Қағаз өзгермейтін болып көгергенде ерітінді әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді де диазонийлы тұз түзіледі:
С6Н5−NН2+НСI+[С6Н5−NН3]+СI−
NаNO3+НСI→NаСI+НNO2
[С6Н5−NН3]+СI−+НNO2→[С6Н5−N≡N]+СI−+2Н2O
КI+НСI→КСI+НI
2НNO2+2НI→I2+2NO↑+2Н2O
Түзілген зат келесі жұмысқа қажет,мүмкіндік болса оны суық жерге сақтап қою қажет.
Диазогидрат алу. Пробиркаға өткен тәжірибе нәтижесінде түзілген заттың ерітіндісінен 1 мл құйып алып,оған аздап сілті тамызады.Сол кезде диазонийлы гидроксид түзіледі де ол сілтілік ортада орын алмастырып,диазогидрат береді.Диазогидрат сілтілік ортада әлсіз қышқылмен қосылып,тез ыдырайтын – диазлтат тұзы түзіледі.Бұлар қайтымды реакция:
[С6Н5−N≡N]+СI−+NaOН↔[С6Н5−N≡N]+OН−↔С6Н5−N=N−OН
С6Н5−N=N−OН+NaСI↔С6Н5−N=N−ONa+НСI
Достарыңызбен бөлісу: |