А. Ж. Кунанбаева



жүктеу 89.8 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі89.8 Kb.
А.Ж. КУНАНБАЕВА

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия

Ұлттық Университетінің психология

кафедрасының аға оқытушысы



ЖҰМЫС ЖАСАУ БАРЫСЫНДА ТҮСТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ КӨҢІЛ-КҮЙІНЕ ӘСЕР ЕТУІ

Бүгінгі дамыған қоғамымызда еңбек өнімділігі - өзекті мәселелердің бірі. Еңбек өнімділігіне әсер ететін бірден бір фактор адамның эмоционалдық көңіл күйі. Түс адамды өзіне тартуы немесе итеруі мүмкін немесе оған тыныштық пен комфорт немесе ыңғайсыздық сезімін оятуы мүмкін. Түстік орта біздің эмоционалды және психофизикалық жағдайымызға міндетті түрде әсер етеді. Тіпті бір түстің өзі әсер ету интенсивтілігі мен ұзақтығына қарай бізде оң және теріс эмоция қалыптастырады. Түстің көп мүмкіндіктері бар, оларды дұрыс басқару арқылы көрер көзге кеңістіктің өлшемін де өзгертуге, шуды басуға, көңіл-күйді көтеруге және тіпті иісті бейтараптандыруға болады.

Қызметкерлердің эмоционалдық көңіл күйін қалыпты болуына әсер етудің алғы шарты жұмыс орнындағы түстер үйлесімділігі болып табылады. Адамның өміріне оның психикалық және физикалық күйіне түстің әсері үлкен. Түстер мен олардың реңдерін дұрыс пайдалану арқылы ыңғайлы жұмыс орнын және жұмысшылардың еңбек дәрежесін көтеруге болады. Түстің адамға әсер ету туралы білім барлық мамандыққа қажет, себебі ол арқылы өзінің қызметінің деңгейін жоғарлатады.

Түсті қабылдау феномені мен адам организмінің түспен өзара әрекет ету ерекшеліктері бұрыннан адам жанын зерттеушілерді қызықтыраған. Ежелгі эзотериктер, орта ғасырдағы герметиктер мен қазіргі заманғы парапсихолог ғалымдардың көпшілігі түстің адам микрокосмосының ішкі дүниесіне терең әсер ету жұмбағын шешуге талпынған. Ежелгі индустар адамды «жарық шығарғыш» деп санаған, мұны түр-түстің энергиясы мен дене «шырынының» фундаменталды біртұтастығы деп түсінген. Үнді йогтарының доктринасына сәйкес адам организмі дыбыстар мен түстердің, әндер мен жарық ағымы вибрацияларының шырмалуынан жасалған, олардың динамикасы адам тіршілігі мен психикалық өмірін толық айқындайды.

Түс шын мәнінде құдіретті дүние. Бағытталған музыкалық әсермен үйлесе отырып, ең күрделі жағдайларда айығуға апаруы мүмкін. Әңгіме тек органикалық аурулар туралы ғана емес, ауыр психоздар туралы да. Түс құпиялы, себебі бір мезетте адамның өзі де ол туралы жорамалдап білмеген қажет ету сипаты бойынша ішкі-жеке қажеттілікті «анықтай алады». Түс әркімге өмірдей қажет, себебі денеге қорек береді және жанға дем болады. Түс мәдени салттарға тереңдеп қосылған және әрбір адамның психогенетикалық кодымен биологиялық тұрғыда байланысты. Бұл ежелден белгілі болатын. Бүгінгі күш ғасырлар бойы жинақталған білімді қазіргі заманғы ғылымның тіліне ауыстыруды талап етеді. Түс медиктер мен суретшілерге, психологтар мен құрылысшыларға, педагогтар мен жарнамашыларға, ғалымдар мен саясаткерлерге өмірдей қажет. Түс жанның жай-күйімен синонимдес, түс психикалық процесстерге тектес, түс біздің жанымыздағы ең маңызды, ең терең, ең ақиқатына жақын [1].

Белгілі орыс психологы А.Льеонтьев адамдарда түске деген жоғары сезімталдықтың даму әдістемесін әзірлеп шығарған. Экспериментте ол бір топ сыналушыда түс ағымын қабылдауға шартты рефлекс дағдыландырған, ол алақанның көмегімен іске асырылған. Түрлі-түсті сәуле алақанға түседі, ал арнайы құралдар қандай да бір болмасын спецификалық реакцияның барын тіркеп отырған, бұл ретте оның сипаты алақанға түскен сәуленің спектрлік құрамына дәл сәйкес келген. Сонымен қатар Льеонтьевтің сыналушылары түс ағымын көзбен көру мүмкіндігін толық жоя отырып, түстерді алақанмен ажыратуды үйренген. Осындай эксперименттер 70-ші жылдары Чехославакияда өткізілген. Көптеген тіркегіш құрылғылар байланған датчиктерді асынған сыналушы «түрлі-түсті бөлмеге» жалаңаш кірген. Бөлмедегі заттар белгілі бір түске боялған, құрылғылар адамның бар терісінің бетімен қабыл алатын түске деген белгілі бір әсерін тіркеген. Құрылғылардың көрсетуі бойынша сыналушының қай бөлмеге – көк немесе қызыл, сары немесе жасыл бөлмеге кіргенін оңай ажыратуға болатын. Сыналушылардың өздері уақыт өте түстерді әзер сезілетін белгілер бойынша және тек олардың өздеріне ғана мәлім критерийлер бойынша анықтай алған [2]. Бұл экспериментте ең ғажабы мүлдем жарық жоқ «түрлі-түсті бөлмелерде» дәл маңызды нәтижелер алу болды. Адамдар көзбен түстің ең басым түрін де ажырата алмайтын қараңғы бөлмеге кірген. Сонда да организм «алға қойылған міндетке» дұрыс әсер еткен – адам қай түстің ортасына түскенін анық белгілеуге болатын. М.Люшер ең негізгі төрт түсті нақтылап сипаттауға және осындай алғашқы сипаттаулардың негізінде көптеген түстер мен түрлердің мағынасын қисынға келтіруге мүмкіндік берді. Г.Воробъев пен В.Налимов 80-ші жылдары М.Люшердің түс тестіне ұқсас керемет психодиагностикалық әдістеме жасап шығарды [3].

Көптеген авторлар адамзаттың мәдени салт-дәстүрде дамуының ұзақ тарихы ішінде жекелеген түстер мен белгілі бір символды мағыналар арасында түсіне алмайтын сәйкестіктер пайда болды деп ұйғарады. Адам қандай да болмасын бір түсті кезіктірген жағдайда физиологиялық сезімді сол мәдени дәстүрде бекітілген символикалық мағынамен спонтанды байланыстыра бастайды [4]. Алайда бұл тұжырымдаманың дәлелдігіне әртүрлі мәдени әдеп-ғұрыптарда бірдей түстермен байланысты түрлі символдық айырмашылықтардың болу фактісі күмән келтіреді. Әрине, культуралды конструкттардың түсті қабылдауға әсері, егер психикада терең тамыр жайған әлеуметтік конвенциялар және қандай да бір этнопсихологиялық ерекшеліктер түстің «физиологиялық» мағынасына жатқызылғанда орын алады. Мысалы, коммунистік мемлекеттер түстің қызыл гаммасының басым қысымында болған, ал фундаменталды ислам елдері жасыл түсті артық көретіні атап өтілген. Алайда түстің психологиялық әсер ету процесінің мағынасын ашуға бұл гипотезаның әсері жоқ. Символикалық мағыналардың пайда болуы туралы мәселе ашық қалып отыр. Олар «әлеуметтік келісім-шарттың» негізінде пайда бола алмаған, себебі түстің «ұғыну» мен «белгілеу» процесінің фундаменті болып қандай да болмасын түстің тербелістері мен түсініп болмайтын психикалық динамикасы арасындағы терең байланыс болып табылады. Өзге түсіндірмелер қажет, оларды М. Люшер ұсынды.

Люшер түсті қабылдаудың функционалдық психологиясының негізін әзірлеп шығарды және оның базасында психодигностика практикасында кең танымал, жоғары тиімді жобалау әдістемесіне жататын және адамның ахуалды эмоционалдық жай-күйін және оның түрлі әлеуметтік-пихологиялық жағдайларға бейімділігін зерделеуге арналған түс тестін жасады. Бұл әдістемені жарты ғасырдай уақыт әлемнің барлық елдерінде он мыңдаған педагогтар, психиатрлар мен психологтар табысты пайдаланып келеді. Ол түрлі топтардың, кәсіби әлеуметтік топтардың, этностардың және субмәдениетті бірлестіктердің психологиялық ерекшеліктерін зерделеуде қолданылады [5].

Түс психологиялық диагностикалық жүйені құрудың ақырғы нүктесі негізгі түстердің белгілі бір көңіл-күймен және спецификалық сипатымен интуициялық құрылған байланыс тұжырымдамасы болып табылады.

Физиологтар әрбір белгілі бір түс кез келген адамда, әрбір мәдени топта дәл сондай түйсік қана емес, субъектінің көңіл-күйімен байланыссыз дәл сондай әсер қалдырады. Мысалы, қызыл түс қоздырады және белсендіреді, ал көк түс тыныштандырады және тежейді. Бұл түс психологиясының объективті жалпы мағыналылығынан тұрады. Алайда адамның қандай да бір түске деген жеке сүйіспеншілігі, немқұрайлығы немесе ұнатпауы жеке алғанда әрқалай болып келеді.

Мән-жайларға байланысты қандай да болмасын түс бізде белгілі бір психологиялық сезімдерді туғызады. Сары мен ашық сары-жасыл түстер жеңілдікті сезіндіреді, ал керісінше, күлгін түсті көк қара түстер ауыр бір нәрсені білдіреді. Сары түсті кәмпитке қараған кезде қызыл кәмпитке қарағаннан көрі сілекей көп бөлінеді. Кәмпиттің сары түсінен қышқылдықты, ал қызыл түсінен тәттілікті күтеміз. Көк түсті жиһаз суықтық әсерін береді. Көк орындықта отырған, қоңыр-қызыл орындықта отырғаннан гөрі онша «жылы емес» болып сезілуі мүмкін. Қызыл сары түске боялған бөлменің температурасы көк-жасыл түске боялған бөлмеге қарағанда жылы болып көрінуі мүмкін, дегенмен екі бөлмеде де бірдей температура болған .

Түс адамды үндестіре алады, ол оның ресурстарын жұмылдыруы мүмкін, тыныштандырып, босаңсытуы мүмкін. Түспен емдеуге болады, түс субъектіні көңілсіз жай-күйге апаруы мүмкін. Бір жағынан жасырын үрейліліктің нақты себептерін танып-білуге әкелетін психоаналитикалық жұмыс түсті артық көру мен қайта құрудың сипатын спонтанды өзгертуге апарады. Әрбір тілек, талпыну және қажет ету түстер қатарының барлық дәрежесінің редукцияға тартылуына негізделеді. Артық көруді зерттеу – психикалық жай-күй мен көңіл-күйді түзеу мақсатында организмге шындығында пайдалы, тиімді әсер ету режимін сауатты және негізді таңдауға мүмкіндік беретін керемет диагностикалық әдістеме. Мұндай әсер бұзушылықтың тереңдігіне қарамастан тікелей миға жетеді, барлық физиологиялық құрылымдарға өтеді, көздің сыртқы мөлдір қабатының белсенді рецепторлық зоналары арқылы тікелей органдарға өтеді. Организм тез арада емдік түс ағымына жауап береді. Бірақ ол заңды, ұнамды және пайдалы болуы үшін оны түс тестінің деректерімен ұйымдстыру қажет. Міне бұл біріңғай тестілік әдістеменің көмегімен әсер етудің біріңғай факторын таңдап алуға мүмкіндік беретін нақты психосоматикалық көзқарас. Денелік тіршілік қарекетін жөндеуде де және психикалық жай-күйді түзетуде де бірдей тиімді

Тәжірибеде адамның түске деген психологиялық әсерін ескеру қажет. Адам қабылдайтын түс сырттай оның басқа да сезімдеріне әсер етеді. Мысалы, қатты акустикалық қоздырғыштарды тиісті түс қоздырғыштарымен басуға болады. Қатты, шаңқиған шу сарғыш-жасыл, сұр-жасыл, сазды-жасыл немесе қара қоңыр түске боялған бөлмеде сабырмен қабылдануы мүмкін. Қатаң күрілдегіш шуды бөлмені сарғыш бояумен бояп бәсеңдетуге болады. Атмосферасы тәтті иіске қанық кондитерлік фабрикада бөлмені «ащы», көк түске бояу арқылы басуға болады. Сондай-ақ жұмысшылар отпен немесе балқытылған металмен жұмыс істейтін темір соғатын немесе құятын цехтерде қабырғаларды отты-қызыл түске боямаған дұрыс. Мұнда бөлме суығырақ болып көрінуі үшін балқытылған металға қарама-қарсы көк немесе жасыл түстерді пайдалану орынды болады [6].

Бірдей жағдайда жұмыс істейтін әртүрлі адамдар өздерін ашық күні бұлтты күнге қарағанда көңілді сезінеді. Осыған қарамастан көптеген өнеркәсіпте бөлменің төбесі ойланбастан сұр-ақ түске, ал қабырғалар былайша айтқанда піл сүйегі түсіне боялған. Мұндай бөлме сұр болып көрінеді. Онда өзіңді бұлыңғыр тұманды күндегідей сезінесің. Өндіріс бөлмелерінде күн мен орманды елестететін, мысалы сары охра мен ашық жасыл шөп, қызыл сары мен сары-жасыл түстердің үйлесімін қолдану керек. Жоғары температура тұрған цехті бояу үшін (ең бастысы оның қабырғалары үшін) суығырақ түстерді таңдаған жөн. Бөлменің төбесіндегі ашық лимонды-сары түс әлсіз жылы түс ретінде әсер етеді: қызыл сары жылылырақ болады. Оң мінездер: көсемдік, қажырлылық, өз құқығы үшін күрес, жасампаздық, серпінділік, табандылық, тұңғыш жол салушы: жағымсыз мінездер: дене зорлығы, нәсіпқұмарлық, шыдамсыздық, мейірімсіздік, қирату, қыңырлық.

Психологтардың тәжірибелеріне сәйкес түстік қатынаста қалыпты, гармониядағы орта өзіне тартады, шығармашылық атмосфера тудырады, сабырлылық береді және адамның арасындағы қарым-қатынасты жақсартады. Түс адамның психоинтеллектуалдық жай-күйіне әсер етеді. Түстер адамның логикасына емес, сезімдеріне әсер етеді, толығырақ:

- психологиялық реакция тудырады: сапаны, көңіл-күйді, айқын өрсетеді; жылы немесе суық орта тудырады; жыл мезгілін білдіреді және т.б.;

- жақсы немесе жаман оптикалық тітіркендіргіштер физиологиялық салдарларға алып келеді;

- түйсінулерге мыналар «жанасады»: қанағаттану, жағымды сыртқы бейне және т.б.;

- сезімдерді «шақырады»: ортаға және заттарға көлем береді. Арнайы зерттеулерге сәйкес, түс пен жарықтың 80% жүйке жүйесіне, ал тек 20% көзге жұмсалады.

Түстердің адам қабылдауына немесе оның психикалық жай-күйіне әсерін швейцариялық психолог Макс Люшер көп зерттеген. Оның зерттеулеріне сәйкес, белгілі бір анықталған түс адамда анықталған эмоциялар тудырады. Мысалы, сары-қызыл тондар белсенділік, қозғыштық, алаңдаушылық сезімдерін тудырады. Көк, сұр түстік тондар, керісінше, демалдырады, сабырлық сезіміне алып келеді [7].

Қара немесе сұр түстер мәдениеттілікті білдіреді. Ол барлық көз тартатын түстер гаммасына қарсы шығады. Бірақ бір уақытта ашық түс эмансипация, еркіндік белгісі болып табылады. Түс заттардың және оның жарнамалық бейнесінің жалпы шешімінің маңызды элементі болып табылады. Түстер бір-бірімен және ортамен қатынасқа түседі және бұл олардың функционалдығымен байланысты.

Жұмыс орнындағы керекті құралдар мен жабдықтардың сәйкес түспен рәсімделуі немесе безендендірілуі еңбек өнімділігін көбейтуге мүмкіндік жасайды. Бұл біркелкі түрде басшылардың қызметкерлердің жағдайын ойлауын көрсетеді. Сондықтан да, мекемедегі жұмыс орнын түрлі түстермен безендендіруде ондағы қызметкерердің ұлттық ерекшеліктері ескерілу керек.



Қорытындылай кетсек, адамның өміріне оның психикалық және физикалық күйіне түстің әсері үлкен. Түстер мен олардың реңдерін дұрыс пайдалану арқылы ыңғайлы жұмыс орнын және жұмысшылардың еңбек дәрежесін көтеруге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Альтшуллер Г. С. и Шапиро Р. Б. О психологии изобретательского творчества. — «Вопросы психологии», 1996, № 6.

  2. Хрестоматия по истории психологии // Под ред. Ждана А.Н. М., 2000

  3. Макс Люшер. Какого цвета ваша жизнь. Закон гармонии в нас. пр. ру / пер. с нем. Е.Назарян: научная ред. Е.Шикова. – М.: HIPPO, 2003.-254с.

  4. Практикум по психологии личности. СПб Питер 2003. Елисеев О. П.

  5. Собчик Людмила Никонова. Модификакация восьмицветного теста Люшера: практическое руководство/ гл. ред. И.Авидон.-Спб.: речь/2006.-128.: ми.-(пр. по педагогике).

  6. Гуревич П.С. Приключения имиджа: типология телевизион­ного образа и парадоксы его восприятия. – М. 2001.

  7. Анна Стармер. Цвет. Энциклопедия 2005-14-15 стр. (Советы по цетовому оформлению интеръера вашего дома).


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет