Мойын, өңеш кеңірдек хир.аурулары
258.Туа бiткен қисық мойынның себебi не:
a)мойын омыртқаларының аурулары
b)мидың туа біткен аурулары
c)мойының беткей бұлшық еттерiнiң жетiспеуi
+d)төс,бұғана, емiзiк тәрiздi бұлшық еттiң жетiспеуi (изейтiн бұлшық ет)
e)бұлшық еттердiң қабынуы
259.Қисық мойынды қандай әдiстермен анықтауға болады?
a)саусақтармен қағу
b)тыңдау
+c)саусақтармен анықтау
d)рентгенде тексеру
e)эндоскоппен тексеру
260.Нәрестенi тексергенде төс,бұғана, емiзiк тәрiздi бұлшық еттiң сол жақта тығыздалып, қалындағаны анықталған. Қандай ауру туралы ойлауға болады?
a)сау
+b)сол жақтық туа бiткен қисық мойын
c)туу жарақаты
d)мойын тұсы терi астына қан жиналу
e)мойын лимфа түйiндерi қабынуы
261.4 жастағы балада мойны сол жағына қисайған, дәрiгерге қаралмаған
a)омыртқаның туа бiткен ауруы
+b)туа бiткен қисық мойын
c)ми сауытының ауруы
d)мойын бұлшық еттерi iсiгi
e)мойын лимфа түйiндерiнiң қабынуы
262.Есептiң шарты бойынша болжам диагноз қой: сәбидiң мойын аймағында көмейден төмен ортаңғы сызық бойымен жылан көз орналасқан, шырышты iрiңдi бөлiнiс шығады,
айналасындағы терi қызарған.
a)мойын iрiңдесуi
b)мойын тiлмесi
+c)мойын ортасы жылан көзi
d)лимфа түйiндерi қабынуы
e)кеңiрдек тесiгi
263.Дұрыс жауабын таңда: мойын жарақаты және артериалды қан кету бар науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсету жүргiзгенде:
a)тығыз таңба салу
b)мойынға айналдыра тартпа салу
+c)Крамер құрсауы арқылы сау жаққа тартпа салып жарақаттанған жердi қатты таңып байлау
d)жараны тығыздау
e)саусақпен басу
264.Есеп шарты бойынша көрсет:Бала қарбыз жеп отырып кенеттен жөтелдi, тұншығып көгере бастады, суық терге малшынды.
a)өңеш бөгде денесi
+b)тыныс жолдарының бөгде денесi
c)тамақ ауруы
d)тамақ қабынуы
e)бронхтардың қабынуы
265.Науқастың өңешiне бөгде дене тұрып қалды деген күдiк бар. Бөгде дене - 3 тиын көлемiндей түйме. Сiздiң тактикаңыз:
a)жансыздандыру, жедел ауруханаға жеткiзу, ауруханаға жатқызу
+b)науқасты тыныштандырып, жедел ауруханаға жеткiзу
c)науқасты тыныштандырып, емханалық бақылау
d)науқасты операцияға дайындау
e)iш өткiзетiн дәрi берiп бақылау
266.Тамақ үстiнде науқас өзiн нашар сезiндi, төс артында ауру сезiмi, қысылу сезiмi пайда болды, жұтынғанда ауырады, қорқыныш сезiмi пайда болды. Су iшкенде, су өтпейдi. Не туралы ойлауға болады?
a)тыныс жолдарына бөгде дене түсуi
+b)өңеште бөгде дене тұру
c)көмейдiң iсiнуi
d)өңеш iсiгi
e)өңеш қабынуы
267.Өңеш қатерлi iсiгiне тән емес белгiлердi таңда:
a)науқастың азуы
b)төс артында ауру сезiмi, әсiресе жұтынғанда
c)алдымен қатты, одан соң сұйық тамақтың өтпеуi
d)жұтынудың қиындауы
+e)зәрде қан көрiнуi
268.Өңеш қатерлi iсiгiне қүдiк болса науқасты кiмге бағыттау керек?
a)хирургке
b)терапевтке
+c)онкологқа
d)өзiңiз емдейсiз
e)экстрасенске
269.Өңеш қатерлi iсiгiн емдеу әдiсiн таңда:
a)антибиотиктермен емдеу
b)гормондармен емдеу
+c)сәулелiк,химиялық дәрiлермен емдеу
d)ауру сезiмiн жеңiлдету
e)физиотерапиялық ем
270.Зоб-бұл:
a)Қалқанша бездiң қатерлi ұлғаюы
+b)Қалқан бездiң йод жетiспеуiнен ұлғаюы
c)Лимфа түйiндерiнiң ұлғаюы
d)Мойынның ортаңғы жылан көзi
e)Мойын аймағы дәнекер тiн iсiгi
271.жемсау ауруының белгiлерiн таңда?
a)Қалқанша бездiң сол жағында iсiк тәрiздi түзiлiс, гиперемия, ауру сезiмi
b)Көмей тұсында ауру сезiмi,гиперемия
+c)Қалқан безi тұсында iсiну көзге көрiнедi , экзофтальм
d)Көмейден төмен қызару
e)Терi қызаруы
272.Жемсау қалқанша бездiң қызметiне байланысты жiктеледi?
+a)Эутиреойдты, гипертиреойдты, гипотиреойдты
b)Спородикалық, эпидемиялық, түйiндi
c)I,II,III дәрежелi
d)үлкейген кеуде iшiнде
e)Нақты үлкеiп өсу жай өсу
273.Жемсау мөлшерiне қарай жiктеледi?
a)Үлкен,орташа, кiшкене
b)Анық және жасырын өсу
+c)I,II,III,IV,V дәрежелерге
d)Бiркелкi емес
e)Түйiндi,тегiс
274.Гипертиреоидты жемсаудың белгiлерiн таңда?
+a)Терлегiштiк, жоғарғы тәбет, арықтау, күйгелектiк, экзофтальм, саусақтар дiрiлi
b)құсқысы келедi ақыл аздық
c)Дене қызуының көтерiлуi, қалтырау, терлегiштiк
d)Сарғаю, ұйқысыздық
e)Судан қорқу, Жақтың құрысуы, құрысып тырысулар
275.Жемсауға әкелетiн себептердi таңда:
a)Зиянды әдеттер
b)Майлы қуырылған тамақ қолдану
c)Қанда қант мөлшерiнiң көбеюi
+d)Тамақ пен суда йодтың жетiспеуi
e)Iшетiн суда хлордың көп болуы
276.Қалқанша безi ауруларында диагноз қою үшiн қолданылатын әдiстi таңда?
a)Хромоцистоскопия
b)Контрасты рентгенография
c)Маммография
+d)Сканерлеу
e)Ангиография
277.Түйiндi жемсауды емдеу әдiсiн таңда
a)Дәрi дәрмектермен емдеу
b)Сәулелi ем
c)Инемен емдеу
+d)Ота жасау
e)Кешендi ем
278.Қалқанша безiн алып тастау операциясы қалай аталады?
a)Қырып тазалау
b)Холецистоэктомия
c)Кесiп алып тастау
+d)бездiң үлкейген жерiн кесiп алып тастау, тиреойдэктомия
e)Соқыршек өсiндiсiн алып тастау
279.Гипертиреоидты жемсауда тез көз белгiлерiн таңда?
a)Коньюктивит, гингивит
+b)Экзофтальм ,жоғарғы қабақтың кешiгуi,
c)Мүйiздi қабықтың лайлануы
d)Хрусталиктiк көмескiлену
e)Нистагм қылилық
280.Қалқанша безiнiң ауруын таңда?
a)Дауна ауруы
b)Эпидидимит
c)Верльгоф ауруы
+d)Базедов ауруы
e)Боткин ауруы
Достарыңызбен бөлісу: |