«Ақ жол» газетінде



бет2/10
Дата03.07.2016
өлшемі0.7 Mb.
#174256
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

«ПП ОГПУ-дiң (Бiрiккен Мемлекеттiк Саяси Басқарманың өкiлеттi өкiлдiгiнiң – авт.) iстерi жөнiндегi прокурор Столбов жолдасқа және ОСО -ның (ерекше тергеу бөлiмiнiң) тергеушiсi Попов жолдасқа

Тұтқын Әуезов Мұхтардан

Мәлiмдеме:

Алматы қаласындағы өкiлеттi уәкiлдiктiң (полпредства) жанындағы түрмеде қамауда жатқаннан бергi уақыттың iшiнде сұрақ - жауап алуға мен бiр –ақ рет шақырылдым. Бұл сұрақ - жауапттың кезiнде Попов жолдас менiң жекелеген адамдардың көрсетуi бойынша тұтқындалғанымды, менiң қандай әрекеттерiм үшiн ұсталғаным бұдан кейiнгi тергеу барысында нақты көрсетiледi, деп мәлiмдеген едi. Ташкенттегi тергеушi де менiң қандайда бiр нақты айыбымды ашып көрсетпеп едi. Қазақстанның 10 жылдық мерекесiне орай өткен салтанатты мәжiлiстегi Голощекин жолдастың жасалған баяндамасында келтiрiлген Байдiлдин мен Аймауытовтың куәлiгiне орай түсiнiк беруге шақыруын өтiнiп Попов жолдастың атына жазған арызым да ескерiлмей, аяқсыз қалды. Байдiлдин болса осы көрсетуiнде маған қарсы ойдан шығарылған қисынсыз бiрнеше айып тағыпты. Ол бiр кезде баспасөз беттерi арқылы маған қарсы ашық түрде жапқан жаласы мен көкмылжың көкезу көпiрмесiн (насквозь демагогическую травлю) түрмедегi көрсетiндiлерiнде одан әрi жалғастырып отыр.

Оның әдебиет туралы мақалаларының барлығы тек қана бiр-ақ мақсатпен – партияда жоқ әдебиетшiлердiң, оның iшiнде менiң есебiмнен өзiне саяси бедел жинау үшiн жазылды. Ол қысылып-қымтырылмастан-ақ, менiң «Қаракөз» атты пьесамның сыйлық алуы Сәдуақасовтың тамыр-таныстарының арқасы деп жала жапқан болатын, шын мәнiнде бұл сыйлықты құрамында Жандосов, Майлин, тағы да басқа комиссия мүшелерi бар комиссия берiп едi.

Ол өзiнiң баспасөзде жарияланған арандатуларында мен туралы күйсегенi сондай, мен тек қана ақша үшiн жазады дегенге дейiн барды, сөйте тұра бiрде – бiр нақты деректi келтiрмейдi, әншейiн, партияда жоқ Әуезов туралы не айтса да жарасады дегендi желеу етiп, сол сыпыра жамандап, жаттанды тұжырымдар жасайды.

Тiптi баспасөз бетiнде маған қарсы ешқандай негiзсiзден негiзсiз шабуыл жасап, қуғындаған адамның өзi әшкереленiп, қара бет болғаннан кейiн, әрине, қиялына ерiк бередi, өзiнiң iс – әрекетiн Ақтау үшiн жалғыз-ақ жол қалғанын бiледi, ол – өзi қуғынға ұшыратқан адамдардың үстiнен жала жабу, қаралау, контрреволюционер едi-мiс, қазақ буржуазиясының көсемi едi-мiс деп кiнә тағу деп түсiнетiнi анық.

Маған қаратыла қолданылған мұндай теңеулердiң әдiлетсiз әрi оған мүлдем сенуге болмайтынын мен өте жақсы бiлемiн. Өйткенi мен ешқашанда контрреволюционер болғамын да жоқ, болмаймын да. Менiң идеологиялық тұрғыдан алғанда ұстамсыз жазылған шығармаларым болды, алайда контрреволюционер болатындай, кеңес құрылысын жоққа шығаратындай дәрежеде жазылған бiр шығармамды бiр адам көрсетiп берсiншi. Ал менiң 1928 жылдан басталған оқытушылық және ғылыми – зерттеу жұмысымның негiзi толықтай қалыптасқан маркстiк бағытқа құылды.

Қандайда бiр нақты саяси қылмыс жасағаным туралы күдiк те, ол туралы жүргiзiлiп жатқан тергеу iсi де менi бұған сендiре алмады. Менiң үстiмнен тергеу жүргiзуге тек қана Байдiлдиннiң ойдан шығарған жаласы жеткiлiктi болады деп ойламаймын. Сондай-ақ, 1921 жылғы Бүкiлқазақстандық II съездiң тұсында тек қана қазақ қызметкерлерiнiң басын қосқан мәжiлiстi өткiздi деген мен туралы айтылған Аймауытовтың сөзi де (Голощекин жолдастың жоғарыда көрсетiлген сөзiнде келтiрiлген), жауабы да шұғыл түрде анықтауды қажет етедi.

Тергеу iсiнiң аяқталып келе жатқанына және менiң тұтқындалуыма себепшi болған нақты әрекетiм туралы бiр ауыз сөз естiмеуiме, сондай-ақ түрмеде осыншама ұзақ уақыт қамауда отыруыма байланысты менi сұрақ - жауапқа шақырып, менi жазаға тартқан оқиғаның мәнiсiн көрсетуiңiздi сұраймын. Мұхтар Әуезов».

Араға бір жыл өткен соң Ерекше Мемлекеттiк саяси басқарманың тергеушiсi, сол баяғы ерекше өкiлеттi өкiл В. Поповтың өзi мүлдем басқа мағынадағы айыптау қортындысын шығарды. Мұхамеджан Тынышбаев, Халел Досмұхамедовтер бастатқан, Мұхтар Әуезов, Қошке Кемеңгеров қостатқан 20 адамның әскери өнерден аулақ, оларға мұндай жаланы жабу мүмкiн емес екенiне көзi жеткен «ерекше өкiлдер» тергеу саясатын өзгерттi. Сөйтiп, жазалау идеологиясының түпкi пиғылын ашатын, тұлғаны құртуға арналған айып тағылды. Ұлтшыл деген сөз қылмыскер, халық жауы iсi қайта қаралып, ол «Алашорда» мен ұлтшыл-контрреволюциялық ұйымның құрамында болған және соған қатысқан қазақ ұлтшылдарының iсi» деп аталды. Тiзiмнiң он екiншi кезегiнде тұрған Мұхтар Әуезовке:



«34 жаста, қазақ, партияда жоқ, астыртын контрреволюциялық ұйымның тапсырмасымен 1922 жылға дейiн ВКП (б)-ның мүшесi болған, жоғары бiлiмi бар, ұстаз – журналист, үйленген, семьясында үш адам бар. Ол:

  1. Контрреволюциялық астыртын ұйымға қатысып, оның мүшесi бола жүрiп ұйымның тапсырмасымен ВКП(б)-ның мүшелiгiне өткендiгi үшiн; Бөкейхановтың, Омаровтың, Әшiмнiң (?), Сәдуақасов пен Досовтың дайындаған бағдарламасының (платформасының) негiзiнде 12 партсъездiң ұлт мәселесi жөнiндегi қарарларын отаршылдықпен күресу деген желеумен ұлтшылдық бағытын жүргiзгенi және оны заңдастыру үшiн Орынборда өткен бүкiл Қазақстандық 2 съезiнде тек қана қазақ делегаттарын жиып алып, мәжiлiс өткiзгенi үшiн; «Алқа» атты астыртын ұлттық - әдеби үйiрменiң бағыт-бағдарын жасауға белсене араласқаны үшiн;

  2. (Астыртын) ұйымның мүшелiгiнде бола тұрып, кеңестiк мемлекет мекемелерiне сол ұйымның мүшелерiн тықпалағаны үшiн және солардың ықпалындағы қызметкерлердi пайдалау арқылы кеңес аппаратының бағытын өзгертiп, контрреволюциялық ұйымның талап – тiлегiн қанағаттандыру мақсатын көздегенi үшiн;

2370 iстiң – 140, 311, 28, 146, 159, 206 және 378; № 5411784 iстiң (А. Байтұсыновтардың тергеуi – авт.) 4 томындағы – 28, 106 және 134; I «а» томдағы – 112 және 366; I томдағы – 29, 93, 94, 189, 251, 255, 350, 352, 400, 401, 404 беттердегi куәлiк бойынша – қылмысты iстер кодексiнiң 58 – 7 – 10 – 11 баптарымен айыпталды.

ОГПУ – дiң 1924 жылы № 172 бұйрығы бойынша бұл iс соттан тыс қаралуы үшiн ОГПУ – дiң коллегиясының жанындағы Ерекше Кеңестiң қарамағына жiберiлуге тиіс.

Ескерту: Осы iс бойынша тұтқындалғандардың барлығы да Алматы қаласында қамауда отыр және ОГПУ – дiң коллегиясының қарамағына табыс етiлдi».

Мiне, бұл айыптау Мұхтар Әуезовтiң қайраткерлiк iс-әрекетiне, атқарған қызметi мен жазған шығармаларының нысанасына қабысатын. Республикалық ОГПУ-дiң Ерекше бөлiмiнiң бастығы Хворостян мен жай өкiлдiктен өкiлеттi өкiлдiкке көтерiлген тергеушi В. Попов бұл iске ерекше саяси мән берiп, оны Ерекше Кеңестiң қарауына жiбердi. Бұл – әйгiлi аты шықпағыр «үштiктiң» өзi болатын. Олардың үкiмiн сот та бұза алмайтын. Тек қана қаралау мен ату үшiн ғана құрылған мұндай жазалау «кеңесi» кеңес өкiметiнде ғана болды. Ол, соғыс жағдайында қолданылатын әскери соттың азаматтық мекемелердегi көшiрмесi едi. «Айыптауға» қол қойған прокурор қазақ. Бiрақ оның қолын ажыратудың сәтi түспедi. Сөйтiп, жазушы, ғалым Мұхтар Әуезов мемлекетке аса қауiп төндiрген саяси қылмыскер болып шыға келдi.



Айыптау қорытындысын дайындау барысында тергеушілер үікім шығарылып, ісі Мәскеуге бекітуге кеткен алдыңғы істегі көрсетінділер қайтадан ақтарылып, сұрақтар қойылған. Сол нақты сұраққа орай жауап жазылған. Мұндағы оқиғалар бұрын да бір рет баяндалып кеткендіктен де тек Мұхтар Әузовке қатысты мәселені ған оқшаулап, ойып береміз:

31 жылдың 20 қыркүйегі күнгі айыпталушы Мұхтар Әуезовтен алынған қосымша тергеу сұрағының хаттамасы:

«Ташкентке мен 1922 жылдың желтоқсан айында келдім, сол жылдан бастап «Шолпан» журналының редакциясында қызмет істей бастадым. Мен Ташкентте өз таныстарымның ішінен «Шолпан» жураналында істейтін тек Мағжан Жұмабаевті ғана кездестірдім. Бұрынғы алашордашылар туралы көпшілігі, оның ішінде Жұмабаев та теріс пікірде болды. Ал менің өз жеке басым бұрынғы алашордашылармен ешқандайда ортақ мүддем болған жоқ. Бұрынғы алашордашылар Жұмабаев екеумізді жақтырмайтын, «жазғыштар» деп кекететін.

Д.Әділев(жалғасы): «1923 жылы күзде Ташкентке қайтып келіп Қазақ комиссиясы мен Оқу-ағарту институтына оқытушы, біраз уақыт директор болып істедім. Ұйымға қайта мүшелікке алындым. Оның жаңа құрамында Мұхтар Әуезов пен Мағжан Жұмабаев болды-ау деймін. Ташкентте мен оқу-ағарту комисариатының жанындағы ғылыми орталық пен қазақ ағарту институтына оқытушы боп орналастым. Онда Досмұхамедов, Әубәкір Диваев, Жұмабаев, Жандосов, Соколовский, Мұхтар Әуезов жұмыс істейтін. Мұхтар оған дейін Орталық комитеттің президум мүшесі болған».

М.Әуезов (жалғасы): «Ташкентте ұйымдастырылды-мыс делінетін астыртын ұйымға мүше болуды былай қойғанда ол жөнінен мүлдем хабарсызбын, естігемін де жоқ. Мені астыртын ұйымның мүшесі болды деп көрсеткен Әділевтің көрсетіндісі мүлдем жалған. Өйткені мен ешқандай ұйымға кірген емеспін».

Х.Ғаббасовқа сұрақ: Тағы кімге көмек бердіңіз? Жауап: Әуезовке 70-80 сом аудардым. Одан қаражатқа өте қат боп жүргені туралы хат алдым. Біз 10 теңгеден жиып бердік. Одан басқа ешкімге ақша бер гемін жоқ. Сұрақ: Сіздердің араларыңызда жер мәселесі туралы сөз қозғалды ма? Жауап: Жоқ».

М.Әуезов (жалғасы): Ленинградта оқып жүрген кезімде ескі танысым, менімен ауылдас семейлік Халел Ғаббасовқа қаражат жағынан қысылып жүргенімді ескеріп, ақшалай көмек көрсету тауралы хат жазғаным рас. Оны кейін қайырып беретіндігімді де ескерттім. Бұл 1927 болатын. Жаңа ғана үйленгемін, әйелім екеуміз Ленинградта тұрдық. Университеттің соңғы курсында оқитынмын. Ғаббасов маған 125 сом жіберді. Бұл менің Ғаббасовқа жеке өзімнің қайтарып беруге тиісті қарызым деп есептедім. Ұмытпасам Ғаббасов жіберген ақшаны 1928 жылдың басында алдым. Мен ол қарызымды Ғаббасовқа қайырудың реті келмеді. Студенттік жағдайда жүрген менің ақшам болмады. Ал мен Ташкентке келіп, қызмет ісетей бастағанда Ғаббасов тұтқынға алынды да, қарызымды қайтара алмадым. Ғаббасовтан қарызға ақша алғанда мен қайдағы бір ұйымның бар екенін, Ғаббасов ол ақшаны сол ұйымнан алғанын білгемін жоқ, бұл жөнінде ол хат та жазған жоқ, ауызша да айтпады. Егерде ол ақшаны таныстарынан жинаса, оны да маған айтқан емес. Мен өзімнің жеке танысым ретінде тек қана Ғаббасовтан ғана қарыз сұрадым, алған ақша үшін мен тек қана Ғаббасовтың өзіне қарыздармын деп ойладым.

Сәрсенбаев Жәкеннің көрсетуіндегі «Алқа» әдеби үйірмесінің платформасы туралы Мағжан Жұмабаевқа жазған хатқа келетін болсам, оның айтқаны шындыққа жатпайды. «Алқаның» бағдарламасын және оған қоса жіберілген Жұмабаевтің хатын мен Семейде жүргенде алдым. Екеуі бір конверттің ішіне салынған. Ол туралы алдын-ала хат жазысқан емеспін. «Алқаның» бағдарламасында заңға қарсы келетін ештеңе де байқамадым. Жұмысшылар комитетінің нұсқауымен ол хатты ВКП(б) Семей губкомының үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің редакторы Тоқжігітовке тапсырдым. «Алқаның» бағдарламасы сонда қалды. Ал Жұмабаевқа: «Алқаны» негізінен қолдаймын және әдебиетшілердің үйірмесін құру үшін қазақ жазушыларын жинап, ресми тіркеу керек – деген мағынада жауап бердім. Хаттың толық мазмұны есімде қалмапты. Мен ол бағдарламаны бар ниетіммен қолдадым.

Жұмабаевтің мені неге «ол бағдарламады қостамады және шикі деп есептеді» - деп айтқанын түсінбедім (Зады Мұхтарды «астыртын ұйымға қатысқан» деген айыптан құтқарғысы келген болса керек. Бұл қалыпты әрі түсінікті жағдай – Т.Ж.). Ұлтшылдық көзқарас менде болды және ол менің шығармаларымда да орын алды. Мен оны жасырмаймын. Ал менің ондай көңіл-күйім астыртын ұйымның бағдарламасы бола алмайды. Университетте оқып жүрген кезімде маркстік ілімнің теоретиктерінен және өнертанушы ғалымдардан дәріс тыңдаған тұста менің әлеуметтік танымым мен өнерге, әдебиетке, оның қоғамнан алатын орнына деген көзқарасым біртіндеп өзгере берді.

«Ақ жол» газетіне менің қатысым аз, тек бір-ақ рет «Кім кінәлі» атты әңгімемді жариялады. Мен негізінен «Шолпан» журналында қызмет істедім.

Ә.Байділдин (жалғасы): «Х патсьезге арнап Байтұрсынов ұлт мәселесі жөнінде бағдарлама жазды. Байтұрсынов жасаған платформаның көшірмесі менің қолыма түсті, олар мұны ұлтшылдар мен коммунистердің арасына таратты. Бұл құжаттың көшірмесі өзге документтермен бірге Орал қаласында жоғалып кетті. Байтұрсынов жазған бұл платформаны маған не Сәдуақасов, не Әуезов берді. Платформаны жазған сол кездегі партия мүшесі Байтұрсынов. Маған, Байділдинге берілген жоғарыда айтылған құжатқа Сәдуақасовтың, Бөкейхановтың, Досовтың, Әшімовтің, Омаровтың және Байтұрсыновтың қолы қойылған болатын. Мендегі тура сол құжаттың көшірмесі еді. Бұл құжат партиялық ұстанымдарға қарама-қайшы келетін, ол құжат партия және кеңес құрылымында ұлттық көзқарасты жүзеге асыруға бағытталған. Кеңестердің екінші құрылтайы кезіндегі қазақ өкілдерінің алдында жасаған Әуезовтің баяндамасы осы платформаның негіне құрылды. Ташкенттен Иса Тоқтабаев пен Бариев деген біреу келді. Рысқұлов өзінің ұлт мәселесі жөніндегі тезистерін тықпалап жүргені есімде. ХІ немесе ХІІ партия сьезінің қарсаңындағы Өлкелік комитеттегі мәжілісте ол осы тезистерінің негізінде сөйледі. ІІ партконференцияда менің де сөйлегенім есімде, менің сөзімді Авдеев Рысқұловтың жылжымалы тезисі деп бағалады. Бұл тезистер басшылыққа алу үшін партия мүшелеріне таратылып берілді. Тоқжігітов, Орымбаев, Ыдырыс Мұстамбаев, Мұхтар Әуезов және Аймауытов алашордашылардың нұсқауы бойынша коммунист болды. Ол кандидатуралар Семейде талқыланды. Ол туралы маған Нахимжанов айтты. Қазақтардың астыртын ұйымы қазір де жұмыс істейтін болуы керек, бірақ мен олармен 1923 жылдан бастап байланысымда үздім» – деп көрсетті.

Ә.Байділдин (жалғасы): «Менің бұл мақалам сол кезде Орынборда тұратын алашордашылардың ренішін туғызды. Олар менен дәл осындай мақаланы күтпеген тәрізді. Ол аздай, менің бұл мақалам өзімнің коммунист жолдасым, жауапты қызметкер Әуезовтің де наразылығын тудырды. Газет шыққан күні ол мені шақырып алды да жеріме жете ұрысты (ІІІ том.175-бет) . Ол менен: «Неге газеттің жауапты редакторына №1 санның материалдарын көрсетпедің, неге келіспедің, өзіңнің мақалаңды алдын-ала маған неге оқытпадың, бұл мақалада сен неге Қазан Төңкерісін жөн-жосықсыз даурыға “жасасындатқансың”, “Алашорданы” жамандап нең бар еді, – деп ұрысты да, түсініктеме беруімді талап етті. Ол бұған қоса: бұл мақалада айтылғандардың бәрі де құр көкмылжың қызыл сөз. Егерде “Алашорданың” атына қатысты тағы да осындай пікір білдіретін болсаң, онда сені редакция алқасының мүшелігінен шығаруды талап етемін, не өзім кетемін, мұндай газетте жұмыс істей алмаймын», – деді».

М.Әуезов (жалғасы): «Мен 1921 жылдың аяғында «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы болып тағайындалдым. Бірақ орнығып істегемін жоқ. Барлық жұмысты Байділдин жүргізді. Іс жүзіндегі редактор сол болды, қызметкерлерді де өзі жұмысқа алды. Газетте сондай сұрықсыз, әдеби тұрғыдан алғанда ешқандай сын көтермейтін дүмбілез мақалалар жарияланып жатты. Онымен ешқандай да принципті әңгіме болған жоқ, мен оған газеттің техникалық тұрғыдан нашарлап кеткенін, газетті өзінің ойы таяз, мән-мағынасыз шұбалаңқы мақалаларымен толтыра беретінін сынадым. Орнығып жұмыс істемегендіктен де өзімнің редакциядағы қызметтен кететінімді мәлімдедім.

Ұлтшылдық туралы мәселеге келсем, оның (Байділдиннің – Т.Ж.) мені жазғыратындай ешқандай айғағы жоқ, болуы да мүмкін емес. Өйткені оның өзі барып тұрған ұлтшыл болатын. Газетте жүргенде ұлтшылдық туралы онымен пікір алысатындай қажеттілік туған жоқ. Қазақ қызметкерлерінің мәжілісі 1921 жылы ІІ кеңес құрылтайынан кейін өтті. Құрылтай өткен залға барлық қазақ комунистері жиналды. Семейден сайланған өкілдердің тапсыруы бойынша Сәдуақасовты ақтап алу туралы мәселе қойдым. Семейге барған кезінде губернияны Қазақстанға қосу барысында жүргізген саясаты мен көрсеткен мінезі үшін ұлтшыл ретінде айып тағылды (Қазақстанның құрамына өтуден бас тартып, уақытты соза берген Ежов бастатқан губком мүшелерін тарқатып, төрағалық міндетті бір айдан астам уақыт бойы өзі атқарды, басқару жүйесі толықтай Қазақ өлкесінің қарамағына көшкен соң орнына Мұхтар Әуезовті қойып өзі Орынборға қайтқан болатын. Мұны кешіре алмаған «коммунист колонизаторлар» (Смағұл Сәдуақасовтың сол мәжілісте қолданған саяси термині) құрылтай кезінде қатты сынға алып, оған орталықтан арнайы нұсқау келгенше барлық жұмыстан уақытша шеттетілген болатын – Т.Ж.).

Бірақ оның бұл ұлтшылдығы Семей губерниясындағы отаршылдық өктемдіктің жанында жай ғана көлеңке сияқты еді, қазақ тұрғындарымен ешқашан санасып жұмыс істелген жоқ. Жиналыста отаршылдықпен күрес туралы мәселені өз басым күн тәртібіне қойғамын жоқ.

Байділдин өзін партияның жолына түскен адам ретінде көрсетуге тырысқаннан бастап барлық жерде мені өзінің сыни нысанасы етіп таңдап алды. Әсіресе баспасөз бетінде қатты белсенділік көрсетті. Өзінің сөздерінде шешендікке салып, тұрпайы марксизмді жамылып, жала жабуға көшті. Ол тіпті: «Қаракөз» пьесасына силықты Сәдуақасовтың жең ұшынан жалғасуымен алды – деп те жазды. Ал нағында силық арнайы құрылған сынақ комиссияның шешімімен берілді. Мұны Байділдиннің өзі де жақсы біледі. Ал баспасөзде дерексіз жала жабылды. Мұндай жаланы ол өзінің қызметтегі беделін өсіру үшін пайдалануға тырысты, газеттер мен журналдардың үстінен қарайтын оның жалғыз өзі екендігін көрсетіп қалуға ұмтылды.

Байділдиннің «Алқа» туралы берген көрсетіндісі дұрыс, әдеби үйірмені принципті түрде қолдағанымды бұрынғы түсінігімде жазған болатынмын. Мен Жұмабаевқа бір-ақ рет хат жаздым, астыртын ұйым туралы ештеңе естігемін жоқ.

Партияның Х сьезіне арналып Байтұрсынов жасаған ұлтшылдардың көзқарасын білдіретін баяндама туралы ештеңе де білмеймін, Байділдин маған ешқандай мәлімет берген жоқ. Байділдиннің көрсетіндісіндегі: мен және басқалар «Алашорданың» тапсырмасымен коммунист атанды – деуі шындыққа жатпайды. Өйткені бұрынғы алашордашылардың бізге ешқандай ықпалы болған емес. Мен партияға губкомның қызметкері Кожевник пен ...дің кеңесімен және кепілдік беруімен өттім. Менің партияға өтуім соған дейін Колчакқа қарсы жүргізген астыртын жұмысыммен тікелей жалғасып жатты.

Ұлттық белгісіне орай Шығыс өлкелік партия комитетін құру туралы ұсынысы жөнінде ештеңе білмеймін. Орынборда өткен өлкелік комитеттің кеңейтілген мәжілісінде Рысқұловтың сөйлеген сөзін естідім. Алайда онда Күншығыс коммунистік партиясын құру туралы мәселе көтерілген жоқ. Ол мәселе жөнінде өз басым жарыссөзге шыққамын жоқ.

Қалған сұрақтар бойынша бұрынғы берілген жауаптарымды мақұлдаймын. Қазақ ұлтшылдарының ұйымына мүше болған емеспін және ұлтшылдық бағдарлама менде болған емес. Ғылыми марксизмді және кеңес құрылысын оқығаннан кейін артта қалған елдер үшін кеңес жүйесі бірден-бір ынталы құрылым екеніне көзім жетті. Менің көзқарасым түбірімен өзгерді, педагогикалық және оқытушылық қызметім тек маркстік көзқарасқа негізделді.

Хаттама маған оқылып берді (Әуезов. Қолы).

Жауап алған Попов».

Тергеудің бұл хаттамасы машинкаға басылған. Бұл өте сирек кездесетін жай.

Ендi Мұхтардың соңғы жауабына келейiк. Бізге салса, оның бұл қорытынды жауабында үлкен кілтипан бар. Әсіресе, «Алашорда» үкіметі мен Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Заки Валидов тұрғысындағы жауаптарында тарихи деректермен тоғыспайтын тұстар мен пайымдаулар, өмірлік шындықтар бар. Қалай жоққа шығаруға тырысқанымен де, Мұхтар Әуезовтің осы үш тұлғамен де астыртын байланысы болғаны анық. Сонымен, Мұхтардың Орта Азиядағы басмашылар қозғалысының басшысы болғаны, Англиямен, Түркиямен астыртын байланыс жасап, қазақ даласында қарулы көтерiлiс ұйымдастырмақ болғаны рас па, жоқ па?



Әрине, Мұхтар мұны өзiне тағылатын айып анықталып, тоғыз ай түрменiң дәмән татып, тұтқын есебiнде тәжiрибе жинақтап, тергеушiлерге жонын алдырмайтындай дәрежеге жетiп, ысылған кезiнде жазып отыр. Оның үстiне iсi де аяқталып келе жатқан. Біз тек Мұхтардың жеке басына қатысты тағылған айып пен оның көзқарас арнасына ғана тоқталамыз.

«О.Г.П.У.–дiң коллегиясына қазақ ұлтшылдарының қылмысты iсi бойынша тұтқынға алынған Мұхтар Әуезовтiң мәлімдемесі

«Айыптау статьялары қайтадан өзгертiлiп (переквалификация статей) көрсетiлген соңғы жолғы маған тағылған кiнә бойынша, мен: 1) ұлтшыл Байтұрсынов пен Бөкейхановтың, тiкелей нұсқауымен кеңес мекемелерi арқылы аты аталған адамдар жетекшiлiк ететiн контрреволюциялық астыртын ұйымның тапсырмасын жүзеге асыру үшiн қаскүнемдiк мақсатпен ВКП(б)-ның қатарына өтiппiн; сол мақсатпен отарлаушыларға (колонизаторством) қарсы күрестi желеу етiп өзiме пайдалы адамдарды кеңес мекемелерiне қызметке орналастырыппын; сондай – ақ - Байтұрсынов, Сәдуақасав, Досов және тағы басқалар дайындаған бағдарламаны 12 партсъезде өткiзiп жiберу үшiн мен Бүкiлқазақстандық ІІ – кеңес құрылтайна жиналған барлық қазақ өкiлдерiнiң басын қосып, мәжiлiс өткiзiппiн.

Бұл сұрақтардың барлығына орай мынаны мәлiмдеймiн: бұрынғы түсiнiктерiмде iшiнара атап өткенiмдей, менiң партия қатарына кiруiм туралы жоғарыдағы тағылған айып ешқандай шындыққа сай келмейдi, өйткенi менiң қоғамдық қызметiмнiң өзi партия қатарына өткеннен кейiн басталды деп есептеймiн. Өткен өмiрiмде iс жүзiнде де, идея жүзiнде де «Алашордамен» байланыс жасағаным жоқ, оның ешқандай мекемесiнде қызмет те iстегемiн жоқ. Жас болдым, бiлiм алдым. Керiсiнше, 1919 жылдың қараша айынан бастап қана Колчакқа қарсы астыртын ұйымның жұмысына араластым. Семей қаласындағы кеңестiк төңкерiс жүзеге асқан алғашқы күннен бастап мекеме жұмысын жөнге қоюға, кеңес өкiметiнiң мүддесi үшiн Семей қаласының оқушы қазақ жастары мен жұмысшыларын төңкерiс iсiне тартуға құлшына кiрiстiм. Қоғамдық қызметiмнiң жол басы болғандықтан да мен ол кезде жаныммен берiлiп, шын көңiлiммен, аса зор үмiтпен, жас адамға тән қызығушылықпен қызмет еттiм. Бiрақта өмiрлiк тәжiрибесi аз жас қызметкерге тән балаңдыққа байланысты, оның үстiне артта қалған ұлттық ортадан шыққандықтан да және өзiнiң идеясы үшiн табанды түрде күресетiн саяси дәстүрдiң үлгiсi болмағандықтан да еркiмдi көңiл-күйiме жеңдiрдiм. Сол тұста кеңiнен тараған өткен дәуiрдiң өктемдiгiнен – отаршылық пиғылынан арыла алмаған жергiлiктi партия қызметкерлерiнiң әрекетi менiң көңiлiмдi суытып, әптiгiмдi басты. Отаршылдық пиғыл бізді, оның iшiнде менiң iшiмдегi намысымды қоздырды, бiрақ ол жоспарлы түрде (ұлтшылдықты ешқашан да өмiрлiк мақсат етiп көрген емеспiн) қалыптасқан ұлтшылдық емес, тек көңiл-күйдiң әсерi ғана болатын. Бұл сезiмнiң билеп алғаны сондай, бұдан әрi менiң партия қатарында қалуыма мүмкiндiк бермедi. Көңiлдiң жетегiне ерiп өмiр сүрiп, өзiңдi сынайтын нағыз шағымды iстi таппағандықтан да бұдан әрi партия қатарында қалуым мүмкiн емес деп шештiм. Сол кезде ұлтшылдық бағыт ұстағаным және партиялық тәртiптi бұзғаным үшiн Қазақстан өлкелiк комитетi менi партиядан шығарды. Мен Орталық комитетке арыз жазып, партиялығымды қалпына келтiруiме болатын едi, ол кезде (партиядан 1922 жылы шығарды) аз ұлттың өкiлдерiне, оның iшiнде жастарға үлкен кешiрiммен қарағаны белгiлi, партиядан шығып қалған қазақтардың бiразы дерлiктей қайта қабылданды, солардың бiрi боп мен де сөзсiз қабылданатын едiм. Алайда мен өтiнiш бергемiн жоқ. Партииядан сырт қалдым. Сонда өз – өзiнен мынадай сұрақ туады: егерде мен ұлтшылдардың тапсырмасымен партияға кiрген болсам, сонда ол тапсырма 1922 жылы толық орындалып бiттi деп ойлауға бола ма? Керiсiнше, партияға жат пиғылмен кiргендер сол кезде де, одан кейiнгi жылдарда да партия қатарында қалып, әлгi тапсырманы одан әрi орындай беруге ұмтылмай ма» - деп жауап қайырған…»

Рас, Мұхтардың өзi түсiнiк бергенiндей, Колчак пен Анненковтiң әскерi Семей қаласын басып алған кезде қазақ зиялыларының астыртын әрекетке көшкенi, Мұхтар мен Әлiмхан Ермековтер шаhарда қалып, ақтарға қарсы күрес жүргiзгенi, кейбiреулерi қолға түсiп, оларды Семейдiң көпестерiнiң көмегi арқылы босатып алғаны, кеңес өкiметi орнасымен 1919 жылдың желтоқсанынан бастап қазақ бөлiмiнде қызмет атқарғаны шындық. Әлiмхан Ермековтiң естелiгi де, түрмедегi жауаптары да мұны толық дәлелдейдi. Дегенменде осы арада Мұхтардың өзі де мойындамаған бiр оқиға бар.

Бұрын жазушының өзi де, зерттеушiлер де жасырып келген бiр ақиқат – Мұхтардың «Алаш» партиясының жастар iсi жөнiндегi жауапты адамның бiрi болуы едi. «Алашорда» үкiметiнiң құрамына сайланбағанымен де, партияның идеология саласындағы үгiт – насихат жұмысын, өзi айтқандай, жанын салып iстедi. «Сарыарқа» газетi мен «Абай» журналы «Алаш» идеясының ту ұстар басылымы болды. Сол тұста, Омбы қаласында, 1918 жылдың қазан айында қазақ жастарының құрылтайы өткiзiлдi. Бұл ұйымға Смағұл Сәдуақасов жетекшiлiк еттi. Осы құрылтайға «Алашорданың» Семейдегi шығыс бөлiмшесiнiң жастар өкiлi ретiнде Мұхтар Әуезов қатысып, баяндама жасады. Ол баяндамасы Қызылжарда шығатын «Жас азамат» газетiнiң 15 және 25 қазандағы санында «Ескеру керек» деген атпен жарияланды. Жанартаудай жалындап тұрған Мұхтар бұл құрылтайда батыл пiкiрмен, шешен сөзiмен көзге түстi. Смағұл екеуiнiң танысып, табысуы сол жиыннан басталса керектi. Құрылтайда алаш жастарының мiндетi мен бағдары талқыланды. Мұхтар да соған үн қосып:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет