«Ақ жол» газетінде



бет6/10
Дата03.07.2016
өлшемі0.7 Mb.
#174256
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Еще хуже обстоит дело с учебниками, которые к 1934 учебному году в массе ока­зались забракованными, как идеологически невыдержанные. Готовит их националисти­ческая часть писателей, во главе с АУЭЗОВЫМ Мухтаром (бывшим лидером Алаш-орды).

2. АУЭЗОВ Мухтар — один из вождей Алаш-орды, остающийся на своих идейных позициях, сейчас при помощи связей ловко лавирующий в целях избежания полного ра­зоблачения. Ни одно из его признаний, на­чиная с заявлениям в «Казправде» весной 1932 года и кончая статьей о драматургии, написанной для «Литературной газеты», не вскрывает ни сущности его собственной контреволюционной деятельности, ни деятельности его партии.

АУЭЗОВ продолжает являться «вождем и идеологом» целой группы казахской ин­теллигенции (главным образом, писательс­кой) и всюду, где можно соприкасаться с молодежью (охотно идет в вузы, дает лите­ратурную консультацию и т. д.).

В своих пьесах «Енлик-Кебек», постав­ленной 17 мая 1933 года в Казгостеатре, АУЭЗОВ, по словам его самого, выводит ка­захских баев — богатырей, «показывая про­шлое в нарочито подобранных сгущенных, ярких красках». Вещь эта реакционна, но «доходит до зрителя», чему свидетельству­ют битковые сборы.

Фигура ДЖАНСУГУРОВА Ильяса (пред­седателя Оргкомитета Союза советских пи­сателей Казахстана) заслуживает особо тщательного внимания. Коммунист, один из несомненно талантливейших казахских пи­сателей. ДЖАНСУГУРОВ в своих произве­дениях больше всех других писателей вос­певал Алаш-орду, а поворот свой, по словам КАИП-НАЗАРОВА на 1-м съезде КазАИ-Па, от Алаш-орды ДЖАНСУГУРОВ начал в 1925 году.

Но по показаниям участников вскрытой контрреволюционной организации, ДЖАН­СУГУРОВ рисуется и по настоящее время, как идейный алаш-ордынец в казахской ли­тературе, являющийся одним из алаш-ордынских идеологов, работающий по заказу АУЭЗОВА И ЕРМЕКОВА.

«...В целях сохранения своего руководства и влияния алашордынского идеолога в области литературы, ДЖАНСУГУРОВ тщательно кон­спирирует себя и держится внешне, как один из ярых врагов контрре­волюционного национализма, бичует его в печати и открыто выступа­ет против национализма на собраниях литераторов и т.д.» (Август 1933 г.).

Вопрос об изданиях алыш-ордынских произведений ДЖАНСУГУРОВА под чужими фамилиями обсуждался на совещаниях чле­нов организаций, о вымышленном авторст­ве АУЭЗОВА, с согласия этого последнего.

«... ДЖАНСУГУРОВ коммунист, ему издавать алаш-ордынские про­изведения нельзя потому, что в случае провала мы потеряем ценного для нас товарища» (Август 1933 г.).

Составление стабильных учебников по­ручено НКПросом бригаде в составе: АУЭЗОВА, ДЖОЛДЫБАЕВА, ДЖАНСУГУРО­ВА. Представители этой части националис­тической интеллигенции ищут стыков с мо­лодежью и охотно идут на доцентуру в ВУЗах (СЕЙФУЛЛИН, ДЖОЛДЫБАЕВ, МУСРЕ­ПОВ), пользуясь большой поддержкой в Наркомпросе со стороны ЖУРГЕНОВА, ДЖАНТЛЕУОВА.

ВЫВОДЫ


  1. Необходимо отметить, что команд­ная ведущая роль в литературном творчестве остается до сих пор в руках алаш-ордынцев и алаш-ордынствующих кадров (АУЭЗОВ, ЕРМЕКОВ, ДЖАНСУГУРОВ).

(исп. Рудовский).

Врид ПП ОГПУ в К АССР: (подпись)

(МИРОНОВ).

ЗАМ. НАЧ. СПО ПП ОГПУ: (подпись)

(ПАВЛОВ)».

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

«Алашордашылардың» алдыңғы тергеу iсіндегі айыптау қорытындысын кейінгі лекке орайластыру үшiн тергеушілер Дiнше Әдiлев сызып берген кестеге сүйене отырып, Мұхамеджан Тынышбаев бастаған топқа түрлi арандату сұрақтарын қойды. Ахмет Байтұрсыновтан бастап Абдолла Байтасовқа дейiнгi адамдардың барлығының атын атап, олардың әр қайсысына жеке тоқталып, кімнің кімге қаншалықты «қылмыстық байланысы» барлығын адақтап шықты.

Солардың ішінде астыртын контрреволюциялық ұйым ретiнде бағаланған «Алқа» әдеби үйiрмесiнің бағыт-бағдарламасы туралы көрсетінділердегі пікірлер Мұхтар Әуезовке басты қылмыстық айып ретінде таңылды.

«Тергеу протоколы.

30 жыл қазанның 8 күнi.

Мен, ПП ОГПУ-дiң Шығыс бөлiмiнiң КССР бойынша өкiлi Попов, төменде аты аталған адамды айыпталушы ретiнде жауапқа тарттым, ол мынаны көрсеттi:

Мұхтар Омарханұлы Әуезов (бiз тек М.Әуезов толтырған жазуды ғана көшiрдiк – Т.Ж.)), 33 жаста, Семей губерниясының Шыңғыс болысында туған. Партияда жоқ. 1922 жылға дейiн ВКП (б) мүшесi болған, қазақ, орта шаруаның баласы, Ақпан төңкерiсiне дейiн оқуда болған, Қазан төңкерiсiне дейiн оқыған және мұғалiм болған, мамандығы педагог, бiлiмi жоғары, үйленген және екi баласы бар, жалақымен күн көредi, олар қазiр қасында жоқ, қазақ болғандықтанда әскерге алынбаған.

Осыдан кейін ұзақ уақыт жауапқа тартылмайды. Өйткенi, олардың қолында М.Әуезовтің астыртын ұйымға, басмашылар қозғалысына, ақ гвардияшылардың жазалау әрекеттеріне, мойынсерік пен тәргілеу науқанына, жер телімі жөніндегі айтыс-тартысқа қатысқаны қақында нақты айғақтар да жоқ едi және олардың көкейiн тескен оқиғалар өткен тұста Мұхтар Әуезов Ленинград қаласында оқуда жүрген болатын. Бұл оған түрме тергеушiлерiнiң қойған сұрақтарына жалтара жауап беруге мүмкiндiк жасады.

Алайда Голощекиннiң өзi партия конференциясында Мұхтар Әуезовті «контрреволюцияшыл ұлтшыл» деп ашық жарияланғандықтан да iстi тоқтатудың ешқандайда лажы табылмаған. Сондықтан да өткендегi оқиғаларды қоздырып-қотарып, қашан iлiк тауып, ресми айып таққанша бiраз уақыт өттi. Мұхтар Әуезов өзінің сенімді шәкiртi Қайым Мұхамедқановқа: түрмеде Ахмет пен Мiржақыптың, Мағжан мен Жүсiпбектiң, өзге де алаш азаматтарының әңгiмесiн емiн-еркiн тыңдап, айызы бiр қанып қалғандығы туралы меңзеген кезi де осы дүбара сәт болса керек. Дәл сол кездерi «Байтұрсыновтың және басқа да алашордашылардың кеңес өкіметін құлату мақсатында құрылған астыртын ұйымының қастандық әрекеттері туралы қылмыстық істің» (Бас құжатқа бастапқыда «Д.Әділев бастатқан...», одан кейін «Е.Омаров бастатқан...» деп жазылып, ең соңында «А.Байтұрсынов бастатқан...» деген атауға тоқталған – Т.Ж.) тергеуi аяқталып, олар Мәскеудiң пәрменiн күтiп жатқан тұста екi топтың да «бос уақыттары» болған. Мiне, сол кезде Ақаң өзiнiң ақылын кейiнгi ұсталғандарға айтып үлгерсе керек.

ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх



Әуезовке: Бұған қоса Байтұрсынов: қазақ жазушылары өзiнiң туындыларында тек қана қазақ ұлтының мұқым мүддесiн қорғауы тиiс деп үндеу тастады... Әуезов Мұхтар мен Ысқақов Даниал да 1923 жылы осыған үндеді, әдебиет мәселелерiн ұлтшылдық бағытта талдады, өздерiнiң мақалаларында Аймауытов пен Кемеңгеров те солай iстедi» (Байдiлдин, № 5441 784-iс, 4 т., 134-парақ»).

хххххххххххххххххххххх

ххххххххххххххххххххххххххххххххх

Соның iшiнде ол Мұхтар Әуезовке қарата Жүсiпбек Аймауытовтың айтқан:



«Екiншi съезд кезiнде тек қана қазақ уәкiлдерiнен тұратын кеңес шақырылды, онда Әуезов төрағалық жасады... Отаршылдармен күрес туралы мәселе қаралып, анық мүденi көздейтiн шешiм қабылданды», - деген сөзiн Мұхтарға айып ретiнде тақты.

Екiншi айыпты Әбдiрахман Байдiлдиннiң көрсетуiне негiздедi. 1921–1922 жылғы аштық пен қазақ халқын аштықтан құтқарудың жолын қарсатырған бұл кеңестiң ешқандай қылмыстық сыпаты жоқ болатын. Жүсiпбек Аймауытовтың өзi соның iшiнде жүрiп, белсене атсалысты. Сондықтан бұл деректiң айтылуы, қағазға түсуi заңды. Оның үстiне Жүсiпбек аштарға көмек көрсеткенi үшiн тергеуге алынып, өзiн-өзi ақтап шыққан болатын. Демек, бұл үшiн көңiл қобалжытатындай пәле Әуезовке төнiп тұрмаған едi. Мәселе, соның астарында жатты. Өйткенi, тура сол кезде Жүсiпбек Аймауытовқа ату жазасы кесiлiп, оны орындауға ұйғарылып қойған. Мұхтардың егiзiнiң сыңарындай боп өмiр сүрген досының тағдыры Бутырьканың түрмесiндегi ажал жаңғырығын күтiп тұрды.

Бұл кеңес өкiметiнiң ұлттық тұлғаларды толықтай жанышытап, талқыдан өткiзiп, Троцкий мен Фрунзе сияқты көсемдерiн аластатып, ендi «мәдиенет майданындағы» тұлғаларды тұқыртуға көшкен қатерлi бағытының күш алған тұсы болатын. «Алаш iсi» бойынша Әуезовтiң «төртiншi қылмысы»да соған жатқызылды. Өзге айыптарды мойындамаған Мұхтар Әуезов өзiнiң «Алқа» әдеби үйiрмесiне қатысын, оның «Табалдырық» атты бағдарламасысын жасырмай айтқан және одан бас тартпаған.

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

хххххххххххххххххххххх

.

хххххххххххххххххххххххххххххх



Тергеу iсi бойынша нақты мынаны көрсеттi:

«Мен Байтұрсыновты 1918 жылдан берi бiлемiн, ал онымен етене жақын араласқаным 1921 жылы Орынборға ауысып келген соң басталды. Тынышбаевпен Ташкентке ауысып барған кезде 1922 жылдың күзiнен бастап таныспын. Халел және Жаhанша Досмұхамедовтермен де, И. Қашқынбаевпен де, А. Омаровпен де, Д – М. Әдiлевпен де сол Ташкентте таныстым. Қандай да бiр үйiрменiң бар екендiгiн мен олардан естiгенiм жоқ».

«Ал «Алқа» үйiрмесiне байланысты айтарым мынау:

1925 жылдың басында «Табалдырық» әдеби тобының декларациясы қосып салынған Жұмабаевтың хаты маған почта арқылы келдi. Ол партияда бар және партияда жоқ 6 - 7 адамнан тұратын топ жария түрде «Алқа» әдеби үйiрмесiн құрғандығын, бұл туралы менiң пiкiр бiлдiруiмдi, егерде бұл үйiрменi қостайтын болсам, онда соның құрамына кiруiмдi өтiнiп, тiлек бiлдiрiптi. Мен ол кезде Семейде болатынмын. Мен «Табалдырықтың» декларациясын губерниялық комитеттiң үгiт-насихат бөлiмiнiң меңгерушiсi Тоқжiгiтов жолдасқа көрсеттiм, бiрақта ол мұны бiр айдай ұстады да, қайтарып бердi, алайда нақты ештеңенi ашып айтқан жоқ.

Бұл декларацияның мазмұнынан ұққаным: үйiрме ашық жұмыс iстеу керек екен және баспасөзге араласуы керек көрiнедi, өйткенi өзiнiң бағыт-бағдарынан байқалып тұрғанындай, М.Жұмабаевтiң бұрынғы көзқарастарына қарағанда мүлдем басқаша, мазмұны жағынан солшылдыққа жақын, бүгiнгi күнге бейiмделе жасалған едi. Жұмабаев бұл бағдарлама (платформа) туралы маған баспасөз бетiнде пiкiр бiлдiруiмдi өтiнiптi, бiрақ та мен олай iстемедiм және оған жауап хат жаздым, мазмұны толық есiмде жоқ, бiрақ та әдеби мектептiң өмiр сүруi аса қажеттi, көкейкестi мәселе, «Алқаның» талап-тiлектерiн қостаймын, кейбiр дiттеген ұсақ мәселелер жазушылардың кеңесiнде талқылануы тиiс екендiгiн ескерттiм.

Жұмабаев екеумiз бұдан кейiн де хат жазысып тұрдық, мен оған шақыру, қалайда кеңесу керек екендiгi туралы жаздым, алайда «Алқа» жөнiндегi мәселе бiрте-бiрте өшiп тынды.

Қандай да бiр астыртын ұйым туралы ештеңе естiгенiм де жоқ, бiлмеймiн де.

Күдеринмен арадағы қарым-қатынасым туралы Ташкентте берген жауабымда айтқан болатынмын».

Мұхтар Әуезов».

ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх



Түрме кiмдi де болса түршiктiредi. Белгiсiздiк – одан да қиын. Сондықтан Мұхтар Әуезов тергеушiлерге ресми мәлiмдеме жасауға мәжбүр болды. Оның мазмұны төмендегiдей:

«ПП ОГПУ-дiң (Бiрiккен Мемлекеттiк Саяси Басқарманың өкiлеттi өкiлдiгiнiң – Т.Ж.) тергеу iстерi жөнiндегi прокуроры Столбов жолдасқа және ОСО -ның (ерекше тергеу бөлiмiнiң) тергеушiсi Попов жолдасқа Тұтқын Әуезов Мұхтардан Мәлiмдеме:

Алматы қаласындағы өкiлеттi уәкiлдiктiң (полпредства) жанындағы түрмеде қамауда жатқаннан бергi уақыттың iшiнде сұрақ-жауап алуға мен бiр-ақ рет шақырылдым. Бұл сұрақ-жауапттың кезiнде Попов жолдас менiң жекелеген адамдардың көрсетуi бойынша тұтқындалғанымды, менiң қандай әрекеттерiм үшiн ұсталғаным бұдан кейiнгi тергеу барысында нақты көрсетiледi, – деп мәлiмдеген едi. Ташкенттегi тергеушi де менiң қандайда бiр нақты айыбымды ашып көрсетпедi. Қазақстанның 10 жылдық мерекесiне орай өткен салтанатты мәжiлiстегi Голощекин жолдастың жасалған баяндамасында келтiрiлген Байдiлдин мен Аймауытовтың куәлiгiне орай түсiнiк беруге шақыруын өтiнiп Попов жолдастың атына жазған арызым да ескерiлмей, аяқсыз қалды. Байдiлдин болса осы көрсетуiнде маған қарсы ойдан шығарылған қисынсыз бiрнеше айып тағыпты. Ол бiр кезде баспасөз беттерi арқылы маған қарсы ашық түрде жапқан жаласы мен көкмылжың көкезу көпiрмесiн (насквозь демагогическую травлю) түрмедегi көрсетiндiлерiнде одан әрi жалғастырып отыр.

Оның әдебиет туралы мақалаларының барлығы тек қана бiр-ақ мақсатпен – партияда жоқ әдебиетшiлердiң, оның iшiнде менiң есебiмнен өзiне саяси бедел жинау үшiн жазылды. Ол қысылып-қымтырылмастан-ақ, менiң «Қаракөз» атты пьесамның сыйлық алуы Сәдуақасовтың тамыр – таныстарының арқасы деп жала жапқан болатын, шын мәнiнде бұл сыйлықты құрамында Жандосов, Майлин, тағы да басқа комиссия мүшелерi бар комиссия берiп едi.

Ол өзiнiң баспасөзде жарияланған арандатуларында мен туралы күйсегенi сондай, мен тек қана ақша үшiн жазады дегенге дейiн барды, сөйте тұра бiрде-бiр нақты деректi келтiрмейдi, әншейiн, партияда жоқ Әуезов туралы не айтса да жарасады дегендi желеу етiп, сол сыпыра жамандап, жаттанды тұжырымдар жасайды.

Тiптi баспасөз бетiнде маған қарсы ешқандай негiзсiзден негiзсiз шабуыл жасап, қуғындаған адамның өзi әшкереленiп, қара бет болғаннан кейiн, әрине, қиялына ерiк бередi, өзiнiң iс-әрекетiн Ақтау үшiн жалғыз-ақ жол қалғанын бiледi, ол – өзi қуғынға ұшыратқан адамдардың үстiнен жала жабу, қаралау, контрреволюционер едi-мiс, қазақ буржуазиясының көсемi еді- мiс деп кiнә тағу деп түсiнетiнi анық.

Маған қаратыла қолданылған мұндай теңеулердiң әдiлетсiз әрi оған мүлдем сенуге болмайтынын мен өте жақсы бiлемiн. Өйткенi мен ешқашанда контрреволюционер болғамын да жоқ, болмаймын да. Менiң идеологиялық тұрғыдан алғанда ұстамсыз жазылған шығармаларым болды, алайда контрреволюционер болатындай, кеңес құрылысын жоққа шығаратындай дәрежеде жазылған бiр шығармамды бiр адам көрсетiп берсiншi. Ал менiң 1928 жылдан басталған оқытушылық және ғылыми-зерттеу жұмысымның негiзi толықтай қалыптасқан маркстiк бағытқа құрылды.

Қандайда бiр нақты саяси қылмыс жасағаным туралы күдiк те, ол туралы жүргiзiлiп жатқан тергеу iсi де менi бұған сендiре алмайды. Менiң үстiмнен тергеу жүргiзуге тек қана Байдiлдиннiң ойдан шығарған жаласы жеткiлiктi болады деп ойламаймын. Сондай-ақ, 1921 жылғы Бүкiлқазақстандық II съездiң тұсында тек қана қазақ қызметкерлерiнiң басын қосқан мәжiлiстi өткiздi деген мен туралы айтылған Аймауытовтың сөзi де (Голощекин жолдастың жоғарыда көрсетiлген сөзiнде келтiрiлген), жауабы да шұғыл түрде анықтауды қажет етедi.

Тергеу iсiнiң аяқталып келе жатқанына және менiң тұтқындалуыма себепшi болған нақты әрекетiм туралы бiр ауыз сөз естiмеуiме, сондай-ақ түрмеде осыншама ұзақ уақыт қамауда отыруыма байланысты менi сұрақ - жауапқа шақырып, менi жазаға тартқан оқиғаның мәнiсiн көрсетуiңiздi сұраймын. Мұхтар Әуезов».

Мұхтар Әуезовтiң бұл жолғы мәлiмдемесi барынша батыл әрi сенiмдi түрде баяндалған. «Адам үш күннен кейiн көрге де үйренедi». Алғашқы кездегi көңiлдiң алабұртқаны мен алаңдауы басылып, ендi тiкелей шарпысу мен қарпысуға бекiген сыңайы танылады. Тергеушiнiң «жекелеген адамдардың көрсетуi бойынша тұтқындалғанын» меңзеуi – олардың арасына сенiмсiздiк тудырып, өзара кiнәластыруды қарастырған аярлық екендiгiн Мұхтар да түсiнген. Голощекиннiң баяндамасындағы Жүсiпбек Аймауытов арқылы «әшкереленiп шығуы» сондай айла екендiгiн де аңғарған. Берiлген жауаптар да соны растайды. Оқиғаның барысына қарай екеуi бiрiнiң атын бiрi атағаны болмаса, жастық шақтан басталған достық көңiлдерiне шiркеу түсiретiндей жаңсақ жала мен әбес сөз айтпаған. «Аймауытовтың сөзi де, жауабы да шұғыл түрде анықтауды қажет етедi»,– деп уәж айту арқылы Мұхтар тергеушiлердiң бопсасының бетiн қайырып тастады.

Әуелде, «Алқа» әдеби үйiрмесiн құрып, «Табалдырық» атты бағдарды жазғаны үшiн айыпталған Мұхтар Әуезовтiң «қылмысы ауырлап», ендi кеңес өкiметiнiң экономикасына қастандық жасаған бүлiкшiл, оқу-ағарту iсiндегi шараларға кедергi келтiрген, марксшiл iлiмге қарсы үгiт-насихат жүргiзген идеологиялық дұшпан болып шыға келдi. Тергеу барысында мұның барлығын жоққа шығарған Мұхтар Әуезов осыдан екi жыл кейiн жазған «Ашық хатында» жоғарыда жазғандарының бәрiн терiске санап, «қатесiн мойындады». Тiптi, «Алқа» үйiрмесi туралы да мүлдем басқаша пiкiр бiлдiрдi. Ол:

«Алқаның» бағытын әдебиеттегi жаңа төңкерiсшiл бағыт деп қабылдауым да терiс едi. Анығынла ол марксшылдыққа құр ғана иек сүйеп отырып, негiзiнде бұрынғы тар ұлтшылдықты қайта тереңдетiп, қайта қалыптап, қайта нығайтамын деген жол болатын. Мен оның негiзгi бағытын қаталасып барып, көтере бағалаппын. Қазiрде қазақ жазушыларының алдында тұрған төңкерiстiк мiндеттердi түсiну жолында, мен ол «Алқаның» терiс ұлтшылдық бағытынан бойлап астым. Сондықтан бұдан былай онымен ешбiр байланысым жоқ деп санаймын», – деп алдыңғы пiкiрiнен айнып кеттi.

Шығар үкiм шығып қойған соң дәл осылай бүгежектеудiң қажетi бар ма едi. Бар едi. Өйткенi, бостандыққа шығарғанменде, еркiндiк бермейтiн. Бұл «Ашық хат» аз да болса тыныс алудың амалы едi.

Ал түрмедегi жауаптарынан ерекше бiр қайсарлы мiнез аңғарылды. Тiптi кей тұста тергеушiнiң өзiне кiнә таға сөйлейдi. Мына жауапқа назар салыңыз:

«ГПУ-дiң өкiлеттi өкiлiнiң орынбасары Ольшанскийге және Попов жолдасқа

Тұтқын Әуезов Мұхтардан Мәлімдеме

6/ХII күнгi маған көрсетiлген айыптау қорытындысына қарағанда мен 58 – статьяның 7 және 11 тармақтары бойынша жауапқа тартылыппын, оның мағнасына (формулировкасына) орай менiң түсiнгенiм мынау: мен Досмұхамедов пен Тынышбаевтiң ұйымының құрамына мүше болыппын-мыс және сол ұйымның тапсырмаларын орындай жүрiп, кеңес мекемелерiндегi бұл ұйымның идеялық ықпалын күшейтуге әрекеттенiппiн, жерге қоныстандыру, баспасөз, мектеп саласы бойынша жүргiзiлген аса маңызды шараларды жүзеге асыруға тосқауыл қойыппын, мұндай мемлекеттiк жоспарлы iстiң атқарылуына мен кедергi жасаппын-мыс.

Мен өзiмнiң өмiрiмде қандайда бiр мекемеде iстемейiн, бiрде-бiр рет 7 –тармақтағы айыптаудан туындайтын экономика саласындағы контрреволюциялық бүлiкшiл әрекетпен айналысқан емеспiн және бұл айыптың маған қатысы бар екендiгiне ешқандайда сенбеймiн.

Оның үстiне мен 1924 жылдан бастап Қазақстанда қызмет iстегемiн жоқ (1924 жылға дейiн Ленинградта тұрып оқыдым, ал 1928 жылдан бастап тұтқындалған күнiме дейiн Ташкентте тұрдым, САГУ-дiң ғылыми қызметкерi болып iстедiм).

Сондай-ақ соңғы екi жылда мұнымен қоса қазақ мектептерiнде (оқу-ағарту институтында және орман шаруашылығы техникумында) қазақ әдебиетiнiң тарихының оқытушысы ретiнде өткiзiлген дәрiстерiмдi өкiметiң ағарту саласындағы бекiтiп берген бағдарламасына қарсы жүргiздi-мiс деген айыпты да мойындамаймын, керiсiнше, қазақ әдебиетiн маркстiк әлеуметтiк тұрғыда оқытуды негiз етiп алған менiң жұмысым өзiнiң пайдасын тигiзгенiне және Қазақстанның орта мектептерiнiң әлеуметтiк бағытына сай жүргiзiлгенiне ешқандай шүбәсiз сенемiн. Бұл бағдарлама қазақ әдебиетi мен қоғамтану пәндерiнiң оқытушыларының 1930 жылы жазда өткен өлкелiк кеңесiнде бекiген болатын. Екi жылдық ұстаздық қызметiм тек осы бағдарламаның негiзiнде жүргiзiлдi, ал бұл бағдарлама марксизмге жат идеология мен қондырғылардың барлығын батыл ысырып, терiске шығарады.

Баспасөз беттерiндегi мақалаларыма орай сiздiң назарыңызды мына мәселеге аударамын: Қазақтың мерзiмдi баспасөздерiндегi идеологиялық күрес – пiкiр алысу (дискуссия) үрдiсiнде бiреше жыл бойы жүргiзiлдi, менi сырттай қосақтап кiргiзiп қойған әдеби топтың кқзқарасын көздеп бiр де бiр мақала жазған (1922-23 жылдан кейiн) жоқпып. 1926 жылғы қаңтар айынан кейiн жарық көрген жалғыз шығармам - «Қилы заман» повесi. Алайда ол тарихи шығарма болғандықтан да, бүгiнгi күнге ешқандай қатысы жоқ. Ал соңғы жылдары басылып шыққан оқу құралдарына келетiн болсақ, мен оны қазақ мектебiнiң бастауыш кластарына көмек көрсету үшiн ғана жаздым.

Жалпы алғанда, мен өзiмнiң әдеби шығармаларымда ешқашанда контрреволюциялық арандатуға барған емеспiн, егерде алғашқы кезде жiберген идеологиялық ауытқуларым болса, онда оның қандай дәрежеде зиян әкелгендiгiн, қандай пайда келтiрiлгенiн тергеу орындары емес, өлкелiк комитеттiң тиiстi бөлiмдерi анықтауы тиiс. Сондай-ақ, жоғарыда аталған туындыларды 7-тармаққа әкеп қосақтау – шектен шықққандық деп есептеймiн.

Соңғы айтарым: Досмұхамедов пен Тынышбаевтiң астыртын ұйымына қатысың бар деген айыпты маған жабылған жала деп есептеймін, одан мүлдем бас тартамын, басқасын былай қойғанда, мен оларды сондай бiр сүйкiмдi саяси тұлға деп ешқашанда таныған емеспiн. Тiптi қиыннан қиылысып, жолымыз тоғыса қалған күннiң өзiн де, бұл екi адамға деген менiң көзқарасымның терiстiгiне байланысты, қасақана олармен бiрге жүрмес едiм. Бұл екi адамға деген өзiмнiң бағамды мен 1926 және 1927 жылдары-ақ берiп қойғанмын. «Сұғанақ сұр» повесiм мен Абайдың өлеңдерiне жазған алғы сөзiмде берiп қойғанмын. (Бұл екi қолжазбаны сiздердiң адамдарыңыз өзге жазуларыммен қоса алып кеткен болатын).

Байларды тәркiлеуге қатысты көзқарасымды бiр повесть пен орыс тiлiнде жазылған «Соңғы соққы» атты либреттомен бiлдiрдiм, онда бұған аса маңызды революциялық шара деп баға бердiм. Бұл «Соңғы соққы» деген атпен «Шығыскиноға» тапсырылды. Мұнда ешқандай өшпендiлiк жоқ, сол шараларды жүзеге асырған кездегi адамдардың шынайы iзгiлiк сезiмi суреттеледi.

Әуезов. 12/ ХII – 30 ».

Мұндай мәлiмдемеден кейiн айыпкердi тағы да жауапқа тартуға үлкен дайындық керек. Солай болды да. Ол қайтадан араға тура он бiр ай салып барып тергеуге шақырылды. Бұл жолғы сұрақтар алыстан орағытылып барып қойылса керек. Өйткенi Мұхтар мұнда өзiнiң өмiр жолының елеулi кезеңдерiне баға бере келiп, кеңес өкiметiне сiңiрген еңбегiн баса көрсетуге тырысады. Екi тергеудiң арасының ұзаққа созылуы Мұхтардың ойланып жауап беруiне мүмкiндiк жасағанымен, түрменiң жағдайы оған әсер етпей қойған жоқ. Торыақты, толғанды, күйiндi, қорланды, ақыры өзiн-өзi қайрады. Алғашқы жолдағыдай көзсiз батырлық байқалмағанымен де, жан отының өшпегендiгi анық аңғарылады. Дәлелдерi де орнықты, сөздерi де ширақ. Әуелгi берген куәлiгiмен екi ортада пәлендей айырмашылық жоқ. Ал, Халел Досмұхамедов пен Тынышбаев туралы пiкiрiне келетiн болсақ, бiрiншiден, мұны әр тұлғаның арасында бола беретiн қарым-қатынас ретiнде қараған жөн. Екiншiден «аразбын» деу арқылы олардан ара жiгiн ашып алып отыр. Бұл – сыналған, сынақтан өткен, өзiн өзi ақтаған «түрме заңы». Ендi Мұхтардың соңғы жауабына келейiк:

«ОГПУ – дiң коллегиясына Қазақ ұлтшылдарының қылмысты iсi бойынша тұтқынға алынған Әуезов Мұхтардан Мәлiмдеме

Айыптау статьялары қайтадан өзгертiлiп (переквалификаций статей) көрсетiлген соңғы жолы маған: 1) Алашордашыл ұлтшылдар Байтұрсынов пен Бөкейхановтың тiкелей нұсқауымен аты аталған адамдар жетекшiлiк ететiн контрреволюциялық астыртын ұйымның тапсырмасын кеңес мекемелерi арқылы жүзеге асыру үшiн қаскүнемдiк мақсатпен ВКП(б) -ның қатарына өтті; отарлаушыларға қарсы күресу үшін тиісті адамдарды кеңес мекемелерiне қызметке орналастырды; сондай-ақ: Байтұрсынов, Сәдуақасов, Досов және тағы басқалар дайындаған бағдарламаны 12 – партсъезде өткiзiп жiберу үшiн Бүкiлқазақстандық II кеңес құрылтайына жиналған барлық қазақ өкiлдерiнiң басын қосып, мәжiлiс өткiзді – деген айып тағылыпты.

Бұл мәселелерге байланысты мәлiмдеймiн: бұрынғы көрсетінділерімде аталып өткенiндей, менiң партия қатарына өтуіме жоғарыдағы тағылған айыптың ешқандай қатысы жоқ, өйткенi менiң қоғамдық қызметiмнiң өзi партия қатарына өткеннен кейiн басталды деп есептеймiн. Өткен өмiрiмде iс жүзiнде де, идея жүзiнде де «Алашордамен» байланыс жасағаным жоқ, оның ешқандай мекемесiнде қызмет те iстегенiм жоқ. Жас болдым, бiлiм алдым. Керiсiнше, 1919 жылдың қараша айынан бастап қана Колчакқа қарсы астыртын ұйымның жұмысына араластым. Семей қаласындағы кеңестiк төңкерiс жүзеге асқан алғашқы күннен бастап мекеме жұмысын жөнге қоюға, кеңес өкiметiнiң мүддесi үшiн Семей қаласының оқушы қазақ жастары мен жұмысшыларын төңкерiс iсiне тартуға құлшына кiрiстiм. Қоғамдық қызметiнiң жол басы болғандықтанда мен ол жаныммен берiлiп, шын көңiлiмен, аса зор үмiтпен, жас адамға тән қызығушылықпен қызмет еттiм.

Бiрақта өмiрлiк тәжiрибесi аз жас қызметкерге тән балаңдыққа байланысты, оның үстiне артта қалған ұлттық ортадан шыққандықтанда және өзiнiң идеясы үшiн табанды түрде күресетiн саяси дәстүрдiң үлгiсi болмағандықтан да еркiмдi көңiл-күйiме жеңдiрдiм. Сол тұста кеңiнен тараған өткен дәуiрдiң өктемдiгiнен – отаршылдық пиғылынан арыла да алмаған жергiлiктi партия қызметкерлерiнiң әрекетi менiң көңiлiмдi суытып, әптiгiмдi басты. Отаршылдық пиғыл бiздiң, оның iшiнде менiң iшiмдегi ұлттық намысты қоздырды, бiрақ ол жоспарлы түрде (ұлтшылдықты ешқашанда өмiрлiк мақсат етiп көрген емеспiн) қалыптасқан ұлтшылдық емес, тек көңiл-күйдiң әсерi ғана болатын. Бұл сезiмнiң билеп алғаны сондай, бұдан әрi менiң партия қатарында қалуыма мүмкiндiк бермедi. Көңiлдiң жетегiне ерiп өмiр сүрiп, өзiңдi сынайтын нағыз шағымды iстi таппағандықтанда, бұдан әрi партия қатарында қалуым мүмкiн емес деп шештiм.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет