Ал нағына көшсек, Байділдин өзінің осы жауабында маған қарсы ойдан шығарылған, ақылға қонымсыз айыптар таққан. Ол ұзақ жылдар бойы баспасөз беттерінде маған қарсы жүргізіп келе жатқан өтірік жаласы мен еш мағынасыз қызыл сөздерді осы жауаптарында одан әрі жалғастырған. Оның әдеби мақалаларының барлығы жалғыз-ақ мақсатқа – партияда жоқ жазушыларды, соның ішінде мені де сынау арқылы өзіне саяси бедел жинауға құрылған. Ол қысылып-қымтырылмастан: бас бәйгені менің «Қаракөз» атты пьесам алған жоқ, Сәдуақасовтың беделі қамқорлығы алды –деп тұрып жазды. Ал бұл мүлде олай емес, бәйге құрамында Жандосов, Майлин т.б. мүше болған комиссияның шешімімен берілді. Өзінің баспасөздегі арандатуларында ол мені ақша үшін жазады – дегенге дейін барды, партияда жоқ Әуезов туралы не айтса да бола береді деген желеумен ешқандай дәлел келтірместен төпілдете береді.
Баспасөз бетінде ашықтан-ашық мені негізсіз айыптап, дақпырт таратқан адам енді өзінің қылмысы ашылып, іс-әрекеті әшкереленген соң оның алдында жалғыз-ақ жол қалды, яғни, өзі бұрыннан қудалап жүрген адамды контрреволюционер, қазақ буржуазиясының идеологі деп жала жабу арқылы өзін-өзі бүркемелеу жолы ғана қалды. Маған қаратыла қолданылған бұл теңеулердің әділетсіз және орынсыз екеніне толық сенемін. Мен контрреволюционер болған емеспін және болмаймын да. Идеялық жағынан ұстамсыз шығармаларым болды, бірақ та контрреволюциялық әрекетке шақырған, кеңес өкіметін жоққа шағарған бірде бір шығарманы атай алмайды. Ал 1928 жылдан басталған ғылыми-педагогикалық қызметім толықтай қалыптасқан маркстік көзқараста жүргізілді. Сондықтан да тергеу барысында маған айып ретінде тағылған саяси қылмыстардың еш қайсысы мені сендіре алмады. Тек қана Байділдиннің жалақорлықпен айтылған өтірігін негізге алып тергеу жүргізілді деп ойламаймын. Сондай-ақ 1921 жылғы бүкілқазақтық ІІ құрылтайдағы қазақ қызметкерлерінің мәжілісі туралы (Голощекиннің сол сөзінде аталып өткен) Аймауытовтың жауабы да міндетті түрде анықтауды талап етеді (Бұдан кейінгі төрт жол қарындашпен тынылмастай етіп өшіріліп тасталған – Т.Ж.).
Тергеу ісінің мерзімі аяқталып келе жатса да өз атыма әлі де бірде бір айып тағылмағанын, нақты не үшін тұтқындалғанымның анықталмағанын және тұтқында сұрақсыз ұзаұ отырғанымды ескеріп, мені жауапқа шақыруды және маған қаратыла қолданылған қысым шарасының себептерін көрсетуді сұраймын. Әуезов Мұхтар».
Белгісіздік қашанда адамның жанын жегідей жеп, жүйкеңді тоздырады. Сондықтан да тоғыз ай бойы сұрақ-жауапсыз отырған Мұхтар Әуезовтің өз тағдыры үшін алаңдауы заңды. Тергеу ісіне Мұхтар Әуезовтің өз қолымен Голощекиннің атына жазылған (12/ХІІ-30 ж.) хаты, 1931 жылы 20 қыркүйек күнгі тергеушіге берген жауабының хаттамасы, 1931 жылы 29 қазан күнгі тергеушіге арызы тіркелген. Мұндағы көрсетінділердің нақтылана қамтылғаны «Алқа» әдеби үйірмесіне қатысты жауаптар. Қалған айыптаулардың негізгі бағыты көркем әдебиеттегі ұлтшылдық пікірді насихаттауға байланысты қозғалған.
ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
31 жылдың 20 қыркүйегі күнгі айыпталушы Мұхтар Әуезовтен алынған қосымша тергеу сұрағының хаттамасы
Ташкентке мен 1922 жылдың желтоқсан айында келдім, сол жылдан бастап «Шолпан» журналының редакциясында қызмет істей бастадым. Мен Ташкентте өз таныстарымның ішінен «Шолпан» жураналында істейтін тек Мағжан Жұмабаевті ғана кездестірдім. Бұрынғы алашордашылар туралы көпшілігі, оның ішінде Жұмабаев теріс пікірде болды. Ал менің өз жеке басым бұрынғы алашордашылармен ешқандайда ортақ мүддем болған жоқ. Бұрынғы алашордашылар Жұмабаев екеумізді жақтырмайтын, «жазғыштар» деп кекететін. Ташкентте ұйымдастырылды-мыс делінетін астыртын ұйымға мүше болуды былай қойғанда ол жөнінен мүлдем хабарсызбын, естігемін де жоқ. Мені астыртын ұйымның мүшесі болды деп көрсеткен Әділевтің көрсетіндісі мүлдем жалған. Өйткені мен ешқандай ұйымға кірген емеспін. Ленинградта оқып жүрген кезімде ескі танысым, менімен аулдас семейлік Халел Ғаббасовқа қаражат жағынан қысылып жүргенімді ескеріп, ақшалай көмек көрсету тауралы хат жазғаным рас. Оны кейін қайырып беретіндігімді де ескерттім. Бұл 1927 болатын. Жаңа ғана үйленгемін, әйелім екеуміз Ленинградта тұрдық. Университеттің соңғы курсында оқитынмын. Ғаббасов маған 125 сом жіберді. Бұл менің Ғаббасовқа жеке өзімнің қайтарып беруге тиісті қарызым деп есептедім. Ұмытпасам Ғаббасов жіберген ақшаны 1928 жылдың басында алдым. Мен ол қарызымды Ғаббасовқа қайырудың реті келмеді. Студенттік жағдайда жүрген менің ақшам болмады. Ал мен Ташкентке келіп, қызмет ісетей бастағанда Ғаббасов тұтқынға алынды да, қарызымды қайтара алмадым.
Ғаббасовтан қарызға ақша алғанда мен қайдағы бір ұйымның бар екенін, Ғаббасов ол ақшаны сол ұйымнан алғанын білгемін жоқ, бұл жөнінде ол хат та жазған жоқ, ауызша да айтпады. Егерде ол ақшаны таныстарынан жинаса, оны да маған айтқан емес. Мен өзімнің жеке танысым ретінде тек қана Ғаббасовтан ғана қарыз сұрадым, алған ақша үшін мен тек қана Ғаббасовтың өзіне қарыздармын деп ойладым.
Сәрсенбаев Жәкеннің көрсетуіндегі «Алқа» әдеби үйірмесінің платформасы туралы Мағжан Жұмабаевқа жазған хатқа келетін болсам, оның айтқаны шындыққа жатпайды. «Алқаның» бағдарламасын және оған қоса жіберілген Жұмабаевтің хатын мен Семейде жүргенде алдым. Екеуі бір конверттің ішіне салынған. Ол туралы алдын-ала хат жазысқан емеспін. «Алқаның» бағдарламасында заңға қарсы келетін ештеңе де байқамадым. Жұмысшылар комитетінің нұсқауымен ол хатты ВКП(б) Семей губкомының үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің редакторы Тоқжігітовке тапсырдым. «Алқаның» бағдарламасы сонда қалды. Ал Жұмабаевқа: «Алқаны» негізінен қолдаймын және әдебиетшілердің үйірмесін құру үшін қазақ жазушыларын жинап, ресми тіркеу керек – деген мағынада жауап бердім. Хаттың толық мазмұны есімде қалмапты. Мен ол бағдарламаны бар ниетіммен қолдадым. Жұмабаевтің мені неге «ол бағдарламады қостамады және шикі деп есептеді» - деп айтқанын түсінбедім (Зады Мұхтарды «астыртын ұйымға қатысқан» деген айыптан құтқарғысы келген болса керек. Бұл қалыпты әрі түсінікті жағдай – Т.Ж.). Ұлтшылдық көзқарас менде болды және ол менің шығармаларымда да орын алды. Мен оны жасырмаймын. Ал менің ондай көңіл-күйім астыртын ұйымның бағдарламасы бола алмайды. Университетте оқып жүрген кезімде маркстік ілімнің теоретиктерінен және өнертанушы ғалымдардан дәріс тыңдаған тұста менің әлеуметтік танымым мен өнерге, әдебиетке, оның қоғамнан алатын орнына деген көзқарасым біртіндеп өзгере берді. «Ақ жол» газетіне менің қатысым аз, тек бір-ақ рет «Кім кінәлі» атты әңгімемді жариялады. Мен негізінен «Шолпан» журналында қызмет істедім.
Мен 1921 жылдың аяғында «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы болып тағайындалдым. Бірақ орнығып істегемін жоқ. Барлық жұмысты Байділдин жүргізді. Іс жүзіндегі редактор сол болды, қызметкерлерді де өзі жұмысқа алды. Газетте сондай сұрықсыз, әдеби тұрғыдан алғанда ешқандай сын көтермейтін дүмбілез мақалалар жарияланып жатты.Онымен ешқандай да принципті әігіме болған жоқ, мен оған газеттің техникалық тұрғыдан нашарлап кеткенін, газетті өзінің ойы таяз, мән-мағынасыз шұбалаңқы мақалаларымен толтыра беретінін сынадым. Орнығып жұмыс істемегендіктен де өзімнің редакциядағы қызметтен кететінімді мәлімдедім.
Ұлтшылдық туралы мәселеге келсем, оның (Байділдиннің – Т.Ж.) мені жазғыратындай ешқандай айғағы жоқ, болуы да мүмкін емес. Өйткені оның өзі барып тұрған ұлтшыл болатын. Газетте жүргенде ұлтшылдық туралы онымен пікір алысатындай қажеттілік туған жоқ. Қазақ қызметкерлерінің мәжілісі 1921 жылы ІІ кеңес құрылтайынан кейін өтті. Құрылтай өткен залға барлық қазақ комунистері жиналды. Семейден сайланған өкілдердің тапсыруы бойынша Сәдуақасовты ақтап алу туралы мәселе қойдым. Семейге барған кезінде губернияны Қазақстанға қосу барысында жүргізген саясаты мен көрсеткен мінезі үшін ұлтшыл ретінде айып тағылды (Қазақстанның құрамына өтуден бас тартып, уақытты соза губком мүшелерін тарқатып, төрағалық міндетті бір айдан астам уақыт бойы өзі атқарды, басқару жүйесі толықтай Қазақ өлкесінің қарамағына көшкен соң орнына Мұхтар Әуезовті қойып өзі Орынборға қайтқан болатын. Мұны кешіре алмаған «коммунист колонизаторлар» (Смағұл Сәдуақасовтың сол мәжілісте қолданған саяси термині) құрылтай кезінде қатты сынға алып, оған орталықтан арнайы нұсқау келгенше барлық жұмыстан уақытша шеттетілген болатын – Т.Ж.). Бірақ оның бұл ұлтшылдығы Семей губерниясындағы отаршылдық өктемдіктің жанында жай ғана көлеңке сияқты еді, қазақ тұрғындарымен ешқашан санасып жұмыс істелген жоқ. Жиналыста отаршылдықпен күрес туралы мәселені өз басым күн тәртібіне қойғамын жоқ.
Байділдин өзін партияның жолына түскен адам ретінде көрсетуге тырысқаннан бастап барлық жерде мені өзінің сыни нысанасы етіп таңдап алды. Әсіресе баспасөз бетінде қатты белсенділік көрсетті. Өзінің сөздерінде шешендікке салып, тұрпайы марксизмді жамылып, жала жабуға көшті. Ол тіпті: «Қаракөз» пьесасына силықты Сәдуақасовтың жең ұшынан жалғасуымен алды – деп те жазды. Ал нағында силық арнайы құрылған сынақ комиссияның шешімімен берілді. Мұны Байділдиннің өзі дет жақсы біледі. Ал баспасөзде дерексіз жала жабылды. Мұндай жаланы ол өзінің қызметтегі беделін өсіру үшін пайдалануға тырысты, газеттер мен журналдардың үстінен қарайтын оның жалғыз өзі екендігін көрсетіп қалуға ұмтылды. Байділдиннің «Алқа» туралы берген көрсетіндісі дұрыс, әдеби үйірмені принципті түрде қолдағанымды бұрынғы түсінігімде жазған болатынмын. Мен Жұмабаевқа бір-ақ рет хат жаздым, астыртын ұйым туралы ештеңе естігемін жоқ.
Партияның Х сьезіне арналып Байтұрсынов жасаған ұлтшылдардың көзқарасын білдіретін баяндама туралы ештеңе де білмеймін, Байділдин маған ешқандай мәлімет берген жоқ. Байділдиннің көрсетіндісіндегі: мен және басқалар «Алашорданың» тапсырмасымен коммунист атнды – деуі шындыққа жатпайды. Өйткені бұрынғы алашордашылардың бізге ешқандай ықпалы болған емес. Мен партияға губкомның қызметкері Кожевник пен ...дің кеңесімен және кепілдік беруімен өттім. Менің партияға өтуім соған дейін Колчакқа қарсы жүргізген астыртын жұмысыммен тікелей жалғасып жаттыұлттық белгісіне орай Шығыс өлкелік партия комитетін құру туралы ұсынысы жөнінде ештеңе білмеймін. Орынборда өткен өлкелік комитеттің кеңейтілген мәжілісінде Рысқұловтың сөйлеген сөзін естідім. Алайда онда Күншығыс коммунистік партиясын құру туралы мәселе көтерілген жоқ. Ол мәселе жөнінде өз басым жарыссөзге шыққамын жоқ.
Қалған сұрақтар бойынша бұрынғы берілген жауаптарымды мақұлдаймын. Қазақ ұлтшылдарыының ұйымына мүше болған емеспін және ұлтшылдық бағдарлама менде болған емес. Ғылыми марксизмді және кеңес құрылысын оқығаннан кейін артта қалған елдер үшін кеңес жүйесі бірден-бір ынталы құрылым екеніне көзім жетті. Менің көзқарасым түбірімен өзгерді, педагогикалық және оқытушылық қызметім тек маркстік көзқарасқа негізделді.
Хаттама маған оқылып берді (Әуезов. Қолы).
Жауап алған Попов».
Тергеудің бұл хаттамасы машинкаға басылған. Бұл өте сирек кездесетін жай.
хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
Ххх ххх
13.
Сабырлы азамат, салмақты жазушы қатарындағы Сабыр Шарипов «Алашорданы» әшкерелеуге ерте қамданыпты. Ол өзінің 1922 жылы маусым айында «Степной правда» газетінде жарияланған «Шығыс Қазақстандағы революциялық қозғалыстың тарихы» атты мақаласында алаш қозғалысын жексұрын етіп қана көрсеткен жоқ, сонымен қатар:
«Алаштың көсемі боп тұрған кезінде, 1918 жылы шілде айында Бөкейханов «Сарыарқа» газетінде №42 санында жарияланған: кеңеске қатысы бар барлық қазақтарды тұтқындау, олардың балалары мен әйелдерін таланға салу туралы өзінің атақты №1 бұйрығын шығарды. Соның салдарынан бұрынғы қызылармияшы Жәнібеков және басқалар тұтқындалды. Комитеттің көрнекті жетекшілері Әуезов, Сәдуақасов, Байділдин және басқалар болды. Бұл комитет ресми түрде мәдени-ағарту сипатында жұмыс істеді, бірақ та олар Алашорданың саяси үйірмесінің ізбасары ретінде ұлттық рухта әрекет етті», – деп «әшкерелеп», оларды қанды қол жазалаушы етіп шығарды.
Алаш идеясы мен «Алаш» партиясының ыстық-суығы басылмай, «әшкерелеу науқаны» басталмай тұрған өліарада С.Шәріповтің «қаламұшын бұлай асыра сілтеуінің» себептері түсініксіз. Оны осы тұстағы Н.Ежовтың Семей губерниясының Қазақстанға қосылуына қарсы белсенді әрекетімен, С.Сәдуақасовтың ол басқарып отырған губкомды таратып жіберуімен, М.Әуезовтің губкомның төрағалығына сайлануымен, Ә.Байділдиннің бұл шешімді қолдап мақала жазуымен ғана түсіндіруге болады. Сонда Сабыр Шәріповтің ұстанымы қандай болғаны? Демек, қазақ жерінің тұтастығына мойынсынбаған – деген күмән ұялайды.
Ххх ххх
ххх
18.
Ораз Жандосов өзінің 1937 жылы 20 қыркүйекте қауіпсіздік комитетінің тергеушілері лейтенант Бернер мен сержант (!) Калининге берген жауабында:
«Мен мүше болып кірген кеңес өкіметіне қарсы құрылған қазақ ұлтшылдарының ұйымы өзінің алдына: Қазақстандағы кеңес өкіметін қарулы көтеріліс арқылы құлатуды; Қазақстанның СССР-ден бөлініп кетуіне қол жеткізуді; сөйтіп капитализмді қайтадан орнатуды; тәуелсіз қазақ буржуазиялық мемлекетін құруды мақсат етіп қойды... Әлихан Бөкейханов кеңес өкіметіне бейімделу бағдарламасын ұсынды кеңес өкіметіне қарсы ұлттық мамандардың билік басында қалып, қастандық әрекеттерін ұйымдастыру үшін , өзінің пікірлестеріне: партия мен кеңес өкіметінің мекемелеріне сіңіп кету туралы тікелей нұсқау берді. Ә.Бөкейхановтың тікелей нұсқауымен М.Әуезовтің, Лекеровтің, С.Сәдуақасовтың, Жаманмұрыновтың және басқалардың партияға кіргені маған белгілі. Сонымен қатар, Ә.Бөкейхановтың: Қазақстанда социализм құрылымын орнату мүмкін емес, – деген теориясын ұлтшыл топтардың барлық мүшелері мойындайтын», – деп (Б.Нәсенов, Тарихи құжаттар мен архив мұрахаттары, ҮІІ том, 51-бет) көрсетті.
Ххххх
19.
36.
Сабыр Шарипов Мағжан Жұмабаев пен Жұмағали Тілеулиннің Қызылжарда өткен қазақ зиялыларының кеңесінде сөйлеген сөздерін «ауырсынып», өзінің «естімегеніне» өкініп:
«Көпшілігі мәселені талқылауға дәрменсіз қазақ интеллигенциясы мен жаңадан тартылған коммунистерді қатыстырып Қазақ кеңесін өткізудің қандай қажеттігі бар? Қазақ кеңесін шақыруды кім шығарғанын білмеймін, алайда өткен жылы Орынборда бұл идеяны ұсынған «Бөкейханов бабай» дегенді естігемін», – деп Губкомға арыз жазыпты.
Осы арыздың сыртына қарындашпен:
«Бұл фракцияда емес, кеңес те емес, тек орыс тілін білмейтін қызметкерлердің жиналысы ғана. Оларды үйірмеге ертіп келген Шарипов емес қой. Мен мұны үнемі жиналыс деп атаймын. Бұл Шарипов пен Әуезовтің арасындағы қақтығыстан кейін туындап отырған жоқ па екен? Шариповтің Айбасов туралы мәлімдемесі жалған емес пе? Ондай мәселе көтерілген жоқ қой. Жиналыстың мақсаты: партияда жоқ көпшілікті тарту ма? Жұмабаевті де. Уәкілдің келуіне байланысты дайындалған», – деп («Алашорда қозғалысы», 3 том, 1-кітап, 105-106 бет) бұрыштама соғылыпты.
Сол жылдары «әдетке айналған» мұндай «қызылтұмсық арызға» назар аударуымыздың себебі, бұрыштамадағы «Шарипов пен Әуезовтің арасындағы қақтығыс» деген тіркес. Арызға дейін Ақмола азық-түлік комиссиясының торағасының орынбасары, арыздан кейін Губаткомның төрағасы болып шыға келген С.Шарипов іле «Степная правда» газетінде жарияланған «Шығыс Қазақстандағы төңкерістік қозғалыс» атты мақаласында М.Әуезовті «Шығыс алашордашыл жендеттердің» қатарына қосты. «Қақтығыс» осы мақалаға орай орын алуы мүмкін. Кім өзін жендет етіп көрсеткен адамды ұнатады? Ал жаңағы арыздағы: «Бөкейханов бабай», «өресіз қазақ интеллигенті», «өте ықпалды әрі беделді ұлтшылдар Жұмабаев пен Тілеулин», «қазақ кеңесінің өткізілуі мүлдем орынсыз, оған жол беруге болмайды» – деген тіркестерден Сабыр Шариповтің де сол тұстағы төрағалықтан дәмелі болған түпкі пиғылы танылады. Ал «жымсытпа арызды» жауып тастап отырған кім? Орынбордағы халық комиссариатының атынан келген уәкіл А.Кенжин. Демек арызды басып тастауға қол қойған да сол болуы мүмкін.
Ххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
37.
1929 жылы 21 ақпан күні БКП(б) Қазақ өлкелік комитетінің бөлім мегерушісінің орынбасары Мартыненко мен хатшысы Оңғаров Орта Азия мемлекеттік университетінің ректорына хат жазып, М.Әузовке «өте құпия» түрде:
«ж.Әуезовке мінездеме беру жөнінде Сіздің Голощекиннің атына жолдаған сұрауыңызға мынаны хабарлаймыз: Әуезоа жолдас коммунистік партияның мүшесі болды, оған дейін «Алашорданың» ықпалында жүрді. Әуезов өзінің әдеби жарияланымдарында белгілі бір деңгейде буржуазиялық-ұлтшыл идеологияны ұстанды. Тек кейінгі жылдары ғана оның көзқарастарынан бұрынғы буржуазияшыл-ұлтшыл бағытынан бас тартқаны байқалды. Осыған қарап және қазақ әдеби қайраткерлерінің тапшылығын ескеріп, ж.Әуезовтің ОАМУ-дің ғылыми қызметкері болып орналасуына келісімін береді», – деп (Алашорда қозғалысы», 3 том, 22-бет) мінездеме берді.
ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
Мұхтар Әуезов туралы естеліктер. А., 1997 жыл.
Шапық ШӨКИН
1927 жылдын тамызында Орта Азия университетіне түсуге келгенім туралы мен бұрын айтқанмын. Біз шағын үйдің ашық айванында түнедік, сол үйдің қарсы жақ қанатында университет оқытушысының үй-іші тұратын. Ертеңгілік колонка қасында жуынып жатқанда, біз бәріміз бірдей жамырап, толыса бастаған, маңдайы кере қарыс, қараторы қазақпен амандасушы едік. Таныстық. Мұқаңның бізден тілек-талаптарымыз болса айтуымызды сұрағаны есімде. Менің әлі оқуға түсе қоймағанымды білген ол, мені арқамнан қағып: "Ұнжырғаң түспесін. Ең бастысы – оқуға құмарлық. – Сәл ойланып тұрды да ол кенет: – Ендеше мен университет кісілерімен сөйлесейін. А? Сол Ғазиза Сүлейменовамен де сөйлесейін? - деді ол мені жігерлендіргісі келгендей.
Қапелімде қысылып қалғандықтан, ол кісіге рахмет айтуды ұмытып, Ғазиза былай да мені қолдап жүр, шамасы, ұзамай мәселе шешілетін де шығар деп жауап бердім. Мұқаң қолын жайып қоштасып, аспай-саспай, Қазақ орман техникумы қорасынан шығып жүре берді.
Оның әйелі Валентина Николаевна ертеңгілік бауға сирек шығатын, көбіне кішкене қызымен айналысатын. Тағы бір айтатыным, со жылдары ол асқан сұлу әйел еді. Бірақ, мінезі тұйықтау болып көрінген. Күйеуі жұмыстан кеш қайтатын, біз қарсыдағы айванда пысылдатып примус әзірлеп жататынын еститінбіз. Енді бір сағат өткен шамада, Мұқаң бау ішінде сейілдеп жүрер еді. Оның көзіне тағы бір рет түсіп, көңілін аударатындай ынта-ықыласымыз болмады. Және сабақтарымыз да басталып кетті. Басқа нәрсеге көңіл бөлуге мына жаңа, жауапты ісімізден қол тимеді. Бастапқы кезде кәдімгідей шаршап жүрдік. Біз бұл жерде онша көп тұрмадық. Бір күні ертеңгісін портупеялы екі кісі, (олар милицияның ба не басқа біз форма киіп келді ме – білмеймін) келіп, оны алып кетті. Айван еденінен ұшып тұрып, мен әлгі екеудің, біреуі Мұқаңның алдында, екіншісі соңында, оны бау ішімен қақпаға қарай айдап бара жатқанын көрдім. Әуезов артына бұрылып қарамай, алдына байыптай қарап, баяу басып бара жатыр екен. (288-289 беттер).
хххххххххххххххххххххххх
Сонымен, «төрт құбыладан» қадалған дұшпан қысымынан құтылудың жолдары талқыланған әскери кеңесте (оған «Алашорданың» атыннан Сеидазым Қадырбаев қатысқан) мынадай халықаралық саяси оқиғалар анықталады: Бакудегі түрік әскері Ашхабадқа бет алды, ал ондағы ағылшын әскері Ауғанстанға шегінбек; Ауғандықтар ағылшындармен соғысу үшін кеңес өкіметінен қару-жарақ алмақ. Егер оқиға осылай дамыса: онда кеңес өкіметіне қарсы соғысу – Түркиямен, Ауғанстанмен, Үндістанмен соғысу, Ресейдің жауы ағылшындармен одақтасу - деген сөз. Ал ол Ресей жағдайында мүмкін емес. Сондықтан да еріксіз кеңес өкіметін мойындаудан басқа амал қалмайды. Екінші себеп: Сібірдегі Колчак өкіметі де, Самарадағы Құрылтай кеңесі үкіметі де: Башқұртсан мен «Алашорда» әскерін күшпен таратып, олардың жетекшілерін ату жазасына кесу, сөйтіп олардың Түркістанға қосылып, Түркия мен Германияның әскери көмегіне қол артуына мүмкіндік жасамау туралы бұйрық шығаруы еді. Үшінші себеп «Қатирада»:
«Алашорда» үкіметі өкілдерінің әкелген хабары. Олардың қатарында Ғазымбек Бірімжанов пен жазушы Мұхтар Әуезов болды. Колчак пен оның одақтастары: ұлттық әскер мен ұлттық үкімет құруға қарсы жазалау әрекетіне көшкендіктен де, олар да еріксіз кеңес үкіметімен келісуге мәжбүр болыпты. Кейіннен Ғазымбек Германияға келіп, сонда білім алды, ал отанына қайтып оралғаннан кейін зауалға ұшырады. Мұхтар Әуезов көрнекті кеңес жазушысы болды, алпыс жасқа толған мерейтойы кеңінен аталып өтті, Қазақстан ғылым академиясының академиктігіне сайланды. Ол 1961 жылы дүниеден қайтты» – деп (277-бет) деп көрсетілген.
Мұхтар Әуезовтің өміріндегі бір құпия оқиға осы. «Алашорданың» атынан кеңес үкіметі жағына шығу туралы өкілдікке баруы Заки Валидовтың «Қатираларыннан» басқа құжаттарда расталмайды. Сол тұста «Алашорданың» Семейдегі Шығыс бөлімі оқшау қалып, қызылдар мен ақ гвардияшылардың, казак атамандарының және жергілікті орыс, қазақ большевиктерінің қыспағында қалып, бірде астыртын, бірде ашық әрекет етіп жүрген болатын. Бұл оқиғалар «Алашорданың» шығыс бөлімінің төрағасы ХалелҒаббасовтың, Әлімхан Ермековтің көрсетінділерінде қамтылған. Мұхтар Әуезовтің Колчак пен қызыл әскердің жазалауынан бой тасалап елге шығып кеткені туралы досы Балтақай Толғанбаевтың естелігі бар. Ал оның Башқұрт үкіметінің бас штабы орналасқан Ермолаевка селосына құпия баруы алашордашыл жастардың Омбыдағы жиналысына қатысқан тұстарындағы жанама мәліметтермен ғана қосымша расталады. («Талқыда» бар) Егерде әскери жағдай кезінде жол жүрудің өзі өте қауіпті екенін ескерсек, М.Әуезовтің қандай қатерге бас тіккені өз-өзінен түсінікті.
Сонымен:«Қазақстанның өкілдері қатысқан құпия келіссөзде кеңестер жағына шығудың шарттары тиянақты түрде талқыланды және ортақ мәмілеген келдік. Егерде Орынбор қызылдардың қолына көшсе, қазақ үкіметінің мүшелері қалада қалады, содан кейін бізбен бірге Москваға баратын болып шешілді. «Алашордалықтарға» біз Юрматы кантонының (ауданының – Т.Ж.) төрағасы Ғабдолла Ильясты жібердік. Біздің жоспарымызды Түркістарндық ұйымдарға жеткізу үшін Ташкентке өзіміздің құпия өкіліміз Әбділхамит Ариповты жібердік. Кейіннен ол Бұқара үкіметінің әскери министрі болды. 15 желтоқсан күні Уфадағы кеңес мекемесіне үкімет мүшесі Маулен Халықов пен Хайредтин Сейітовты аттандырдық. Кеңес армиясының қолбасылары біздің өкілдерімізбен келіссөз жүргізуге асықпады. 1919 жылғы 23-қаңтардағы хабар бойынша ... Түркия кеңес үкіметін мойындап, большевиктердің ішкі ісіне араласпайтындығын, 15 ақпаннан Стамболдың маңындағы Ханзада аралында келіссөз бастауға дайын екенін жариялапты. Уфа кеңесінің төрағысы Эльцин біздің шартымызды қабылдамады. Онда Башқұртстан: «... ішкі және экономикалық мәселелерді толық тәуелсіз шешеді, башқұрт әскері тек кеңес командованиесіне ғана бағынады, ішкі өмір сүру амалын өзі таңдайды, республикада коммунизм құрлысын орнату міндетті емес» - делінген. Алайда Ленин мен Сталин башқұрт армиясынан сескенгені сондай Келіссөздің аталған шарттарына қол қою туралы телефон арқылы бұйрық берді» –деп (278-79 бет) жазды.
Келісім уақыты 2 айға созылған. Осы арада З.Валидов тағы да бір тосын дерек келтіреді:
«1919 жылыдың ақпан айының басында Құлғын ауылына Қазақстанның екі өкілі, аттарын ұмытып қаладым, келді. Жаңылмасам, оның біреуі Мағжан ақын болуы керек., ол мұнда бұрын да келген. Тек оның «Урал» атты өлеңінде башқұрттардың орыс шапқыншыларына қарсы күресі баяндалғаны есімде. Ол екеуі Торғайдағы Ахмет Байтұрсыноавтан хат әкелді. Онда: кеңес үкіметі жағына шығуымыздың қалай жүріп жатқанын сұрапты және олардың пікірінше: тек үкіметтің батыс бөлімінің ғана кеңес үкіметі жағына шығатынын, ал Шығыс Қазақстан бөлімі Колчак армиясының генералы Беловтың қармағында қалуға мәжбүр болып отырғандығын жазыпты. Мен Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейхановқа арнап хат жаздым. Мазмұнын өзім де ұмытып қалған бұл хат «Алашорданың» архивінде сақталып қалыпты, кейін қызылдар оны жариялады... Сөйтіп біздің қызылдар жағына шығуымыз қазақтармен келісілді. Бұл қазақтар үшін де өте маңызды болатын: өйткені әскердің кеңес жағына өтуі нашар ұйымдастырылса, онда олардың қырылып қалу қаупі бар еді. Сонымен қатар, егерде Москваға қазақтар мен бірге барсақ, біздің позицияларымызда мықты әрі келіссөздің табысты өтуіне де ықпал жасайтын» - деп (279,81 беттер) жазды.
хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
Заки Валидовтің «Естеліктеріндегі» ой жүйесі мен оқиға желісіне қарасақ, ол саяси әрі ғылыми іс-әрекеттерінің барлығында да эмиграцияға кетуге деген жасырын дайындық байқалады. Катановтың кітапханасын Түркияға өткізіп жіберуінен бастап, өзі жиған сирек қолжазбалар мен мұрағат құжаттарын Еуразия кеңістігіндегі реті келген шекара кедендерінен шетке жолдап отыруы сондай ойға жетелейді. Мұнда аумалы-төкпелі замандағы құжаттар мен қолжазбаларды сақтауға деген құндылық та бар. Сондай-ақ ертеңгі күннің қам-харакеті де жоқ емес. «Қызылдардың қайраткері» ретінде Заки Валидов уақытша Башқұртстанға жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |