А. К. Айтказина автоматтандырылған жобалау жүйелері 5В072900 «Құрылыс» мамандығында оқитын студенттерге «Автоматтандырылған жобалу жүйелері»



бет2/37
Дата10.10.2022
өлшемі1.71 Mb.
#462352
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Акпараттык технологиялар

1. Лекция 1. Пәнге кіріспе.
«Ақпараттық технологиялар»- білімді жетілдірудің жаңа тәсілі екені дәрістерде көрсетілген. «Жобалаудағы ақпараттық технологиялар» курсы құрылыстық жобалауды барынша жоғарғы деңгейде көрсететін пән ретінде қарастырылған. Заманауи деңгейдегі негізгі түсініктер мен анықтамаларға жауап беруге мүмкіндік береді.
1.1. Заманауи ақпараттық технологиялар мен жүйелер
Адамзат ақпараттандыру кезеңіне кіре бастады, бұл төмендегідей көрсетілген:

  • Ақпарат және ақпараттық ресурстар әлемдік нарықта жоғарғытехнологиялық өнім ретнде орналасуда

  • Автоматтандырылған ақпараттық технологияларды дамытатын фирмалар жаһандық экономикадағы жетекші орындарға ие, бәсекеге қабілетті өнімдерді дамытудың болашақ бағыттарын айқындайды;

  • Ақпаратсыз жоғары технологияларды құру мүмкін емес;

  • Ақпараттық технологиялар (АТ) білім беру және күнделікті өмірде өндіріс процестерінің тиімділігін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, технологиялық үдерістер мен басқару жұмыстарын автоматтандыруға, жобалық жұмыстарды топтық басқаруды, интернет технологияларын, CALS технологияларын және т.б. жаңа деңгейге жеткізеді;

  • қоғамды ақпараттандыру өндірісті интернационализациялауға әкеледі

Елдің ғылыми-техникалық қуатының көрсеткішіне жатады: өндірістік процессте нарықпен реттелетін кәсіби білімнің сыртқы саудалық балансы, «ноу-хау» және жоғары технологиялық өнімдерді пайдалану бойынша кеңес беру. Мысалы, АҚШ-тағы инновациялардың 80% -ы басқа елдердегі еншілес компанияларға берілді. Бұл кәсіпорындар ұсынылған технологияларды меңгеріп жатқанда АҚШ елдері жаңасын әзірлейді, яғни жоғары дамыған елдің алдыңғы қатарлы технологиялық циклі іске асырылуда. АҚШ-тың ақпараттық күштерінің маңызды құрамдас бөлігіне ақпараттық технологияларды дамыту, өндіру және пайдалану саласындағы жаһандық көшбасшылық кіреді.
Осылайша, әлемдік нарықтың эволюциясы жоғары сапалы өнімдерді шығаратын және басқа мемлекеттерге тарататын елге барынша зор мүмкіндік береді. Соңғылары жаңа технологиялар мен заманауи кәсіби білімді меңгеруге міндетті. Білім, мәдениет сияқты көрінбейтін өнімдермен бәсеке жүруде.
Сол себепті ақпараттық қоғамда стратегиялық ресурс ретінде ақпарат, білім, өнер қалыптасуда. Ақпараттық революцияның әлеуметтік әсері батыс пен шығыс ойларын синтездеуден тұрады деп болжануда. АТ әр елдің дамуында маңызды стратегиялық рөл атқарады. Олардың құны АТ әсерінен қарқынды өсуде:

  • ақпараттық ресурстарды пайдалану тиімділігін күшейтеді және арттырады, шикізат, энергетика, пайдалы қазбалардың , материалдар мен жабдықтар, адам ресурстары, әлеуметтік уақыттың үнемделуін қамтамасыз етеді;

  • әлеуметтік процестердің ең маңызды және зияткерлік функцияларын жүзеге асырады;

  • қоғамды интеллектуализациялау, білім беру жүйесі, мәдениет, жаңа өнер формаларын дамыту, әлемдік мәдениеттің туындыларын насихаттауда және адамзат дамуының тарихында негізгі орынды иеленеді;

  • халықтың өзара ақпараттық іс-қимылын қамтамасыз етеді, бұқаралық ақпараттың таралуына үлес қосады;

  • қоғамдық мәдениетті тез игереді, көптеген әлеуметтік, тұрмыстық және өндірістік мәселелерді шешеді, отандық және халықаралық экономикалық және мәдени байланыстарды кеңейтеді, ғаламшардағы халықтың көші-қонына әсер етеді; ақпараттық қоғамды қалыптастыру кезеңінде ақпараттық процестерді автоматтандырады және оңтайландырады;

  • үш бағытта: жаңашаланған білім алу, жинақтау және тарату процестерінде маңызды рөл атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет