А. К. Ершина, А. Шақарбекқызы, Н. Байтұрсын



бет18/25
Дата21.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#478127
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
Mehanika paninen zerthanalik zhumistar 2016 Ershina 2

Қондырғының құрылысы
ФПМ- 04 “ универсаль маятниктің” жалпы көрінісі 7.4- суретте көрсетілген.

7.4- сурет
Қондырғының (1) табаны прибордың вертикаль бағытын қамтамасыз етіп (2) реттеуші бұрандамен жабдықталған. Табанға қондырылған (3) қада,а жоғарғы (4) және төменгі (5) кронштейіндер бекітілген. (6) фотоэлектрлік сигнал бергіш орнатылған (5) төменгі кронштейн қада бойымен жылжытылып, қалаған биіктікте бұранда арқылы бекітілген. (11) винттің көмегімен жоғарғы кронштейінді қада маңында қалаған бұрышқа бұрып, бекітіп қоюға болады. (4) жоғарғы кронштейіннің бір басына (7) математикалық маятник, ал екінші басына (8) физикалық маятник орнатылған. Математикалық маятниктің ұзындығы қадаға жапсырылған сызғыш арқылы анықталып, маятник ұзындығы (9) бұранданың көмегімен реттеледі.
Физикалық маятник ұзындығы 590 мм, диаметрі 10 мм болат таяқша. Бұл таяқша (12) призмалық ілгіш арқылы (4) кронштейінге асылып қойылады. Таяқшаның ілінген координатасын дәлірек анықтау үшін, оның ұзына бойы 10 мм сайын ойық белгілер салынған. Призмалық ілгіш осы белгілер тұсына бұранданың көмегімен бекітілген.
Прибордың бетінде басқарушы түймелер орналасқан. Олар:
“СЕТЬ” – ток қөзін қосып – ажыратқыш;
“СБРОС” – секундомер көрсеткішіні нөлге келтіру және жаңадан уақыт пен тербеліс санын санау үшін қолданылады;
“СТОП” – маятниктің толық тербелістер саны мен оған кеткен уақытты анықтау үшін қолданылады.
Прибордың электрондық схемасы электрондық секундомермен 0- ден 100 секундқа дейінгі уақытты  0,001 с
дәлдікпен, тербеліс периодының санын 0- ден 100-ге дейін анықтауға мүмкіндік береді.


Жұмыстың әдістемесі мен орындалу тәртібі

  1. өлшеу жүргізуге дайындық.

ұшынан төртінші белгіге бекіту қажет. Осы кезде таяқшаның төменгі ұшы (6) жарық бергіш тесігін толық жауып тұру керек;

  • (2) бұранданың көмегімен приборды вертикаль қалыпқа келтіру керек;

  • приборды электр жүйесіне қосу керек;

  • “СЕТЬ” түймесін басып, (6) жарық бергіштің лампасының жанғанына көз жеткізіп, сандық индикаторда нөлдердің шыққанын тексеру керек.




  1. Өлшеу жүргізу.

Прибор қызметін тексеру үшін жүргізілетін өлшеу. Таяқшаны вертикаль бағыттан сәл ауытқытып, қоя беріңіз.
Таяқша жарық бергіштің сәулесін кесіп өтіп, еркін тербеле бастайды. Бастапқы бұрыштық ауытқу аз болу керек ( sin  - ны
 - мен алмастырғанымызды ойға алыңыз), сонымен бірге
уақыт мөлшері маятник 10  20 рет тербеліс жасағанда жарық сәулесін толық кесіп өтетіндей болуы қажет (тербеліс периодын дәлірек табу үшін осынша тербеліс саны алынады). “СБРОС” түймесін басып, қоя беріңіз.
Секундомер мен тербеліс санын санағыштың дұрыс жұмыс істегеніне көз жеткізіңіз. Жарық сәулесін таяқша әрбір екінші рет қиып өткен сайын санағыш іске қосылып отырғандығын

бақылаңыз.
10  20
перодтан кейін “СТОП” түймесін басып,

прибордың көрсетуін жазып алыңыз. Осылай тағы да бір рет тәжірибені қайталап, прибор көрсеткішінің бірінші алынған нәтижеге жақын болатындығын тексеріңіз. Бастапқы ауытқу бұрышының тербеліс периодына әсерін байқап, оның оптималдық мәнін тауып алыңыз. Кейін негізгі тәжірибелерде, ауытқу бұрышының осы мәнін ұстану керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет