А. КӨлбаева «НҰр отан» халықТЫҚ демократиялық партиясының саяси жағдайы мен қызметі



Дата22.02.2016
өлшемі129.1 Kb.
#1375
А. КӨЛБАЕВА
«НҰР ОТАН» ХАЛЫҚТЫҚ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ

САЯСИ ЖАҒДАЙЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ
This article is written about political parties of our country. The article is characterized about forming of multi-party system in development side of democracy of Kazakhstan Republic and about today’s political condition of «Nur Otan» party.
Саяси партиялар мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын негізгі институттардың бірі. Заманауи саяси партиялар мемлекеттік саясаттың ішкі де, сыртқы да элементтері бола алады.

Қазақстан үшін көп партиялық пен саяси алуандылық конституциялық құрылыстың, демократияның дамуының және құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам орнатудың алғышарттарының бірі болып табылады. Қазақстанның демократиялық өрісінде толық-қанды, пәрменді, беделді, халықтың небір әлеуметтік топтарын өз жұмысына ынталы қылып, топтастыра алатын партиялық жүйе құру – Қазақстанның бүгінгі ішкі саясатының түйінді мәселелерінің бірі [1].

«Нұр Отан» ХДП-ң негізі болған «Отан» республикалық саяси партиясы алғашында мемлекет басшысының бастамаларын қолдау және Н.Назарбаевтың 1999 жылғы президент сайлауындағы үгіттеу штабының негізінде құрылған болатын «Отан» партиясының құрамына бұған дейін қалыптасқан билік партиялары - Қазақстан халықтар бірлігі партиясы, Демократиялық партия, Либералды қозғалыс, Әділеттік партиясы мен «Қазақстан 2030 үшін» қозғалысы кірді.Осылайша, «Отан» билік партиясы рөлін өз қолына алып, партиялық жүйенің «локомотиві» ретінде таныла бастады.

«Отан» партиясы толығымен қалыптасқан билік партиясы ретінде бұл қосылулардан соң әр түрлі деңгейдегі наменклатураның саяси бірігуінің нақты факторына айналды. «Отан» партиясының қызметінің бұл аспектісі өте маңызды деп танылады. «Отан» партиясының толыққанды президенттік партияға айналуы бірнеше кезеңде орындалғанын айта кеткен жөн.

«Отан» партиясының 2004 жылы өткен VI съезінде партия төрағасы болып Н.Назарбаев сайланды. «Отанның» басшылығына келген Елбасы саяси алаңның кейбір жаңа субьектілері көрсеткісі келгендей «Отан» партиясының өз мүмкіндіктерін сарқымағанын білдіре келіп,саяси көшбасшы позициясынан түспейтініндігін көрсетті. Съезд «Отан» партиясы негізінде биліктің саяси, әкімшілік және экономикалық ресурстарының кейбір элементтерін біріктіру мүмкіндігі бар екенін танытты.

Осылайша, «Отанды» билік партиясы бейнесінен билік, бизнес және саяси элита мүдделеріне әсер етудің тиімді механизмі – «Президенттік партия» бейнесіне енгізуге қатысты талпыныс жасалынды.

Осыдан соң, партияның құрамында өзгерістер орын алды, яғни оның негізгі әрекет етуші тобы қатарына облыс әкімдері мен үкімет өкілдерінің кіруі «партия иерархиясын» күшейтіп, оны тұрақты және тұғырлы етті.

Қалыптасқан саяси жағдай мен саяси дамудың тенденциясы талаптарына сай «Отан» партиясын өзгертудің келесі стратегиялық қадамы ретінде 2006 жылдың шілдесіндегі «Отан» партиясының кезектен тыс съезінде оның құрамына «Асар» партиясының қосылуын айтуға болады. «Асардың» бұл шешімі бірнеше себептерге байланысты күтпеген оқиға болды. Өзінің құрылған кезінен бастап,қомақты қаржылық,ақпараттық және интелектуалдық ресурстарға ие болған «Асар» партиясы «президентті жақтаушы күштер» қатарында «Отанның» баламасы ретінде танылған еді. Тіпті, «Асар» құрылған соң «Отан» партиясымен арадағы қарсыластықтың жоғары деңгейі де байқалған болатын.

«Асар» партиясы өзін «жаңарған билік партиясы» ретінде таныта бастаған еді.

Соған қарамастан, екі партияның қосылуы орын алды. «Асардың» 2006 жылы РСП «Отан» құрамына енуінен соң, соңғысы партиялық-саяси кеңістіктегі ең ірі және ықпалды саяси ұйымға айналды. Міне, дәл осы уақыттан бастап қазақстандық саясаттанушылар мен сарапшылар «басым» партия феноменін тыңғылықты зерттей бастады.Елдегі ірі екі партияның бірігуі президентті жақтаушы күштердің белсенділігіне алып келді. Осыдан бірнеше айдан соң «Отанның» құрамына Қазақстан азаматтық партиясы мен Қазақстан аграрлық партиясы қосылды. Ал сол жылдың желтоқсанындағы «Отан» РСП-ның кезектен тыс ХХ съезінде партия өзінің бүгінгі «Нұр Отан» атауына иемденді.

Мемлекет басшысының есімімен тікелей байланысты билік партиясының болуы мен оның маңызды саяси шешімдер шығарудың жалпымемлекеттік тетіктеріне атсалысуы ағымдағы биліктің әлеуметтік-саяси базасының ауқымдығын танытады [2].

Ал енді осы «Нұр Отан» партиясының 1999 ж. 10 қазанда, 2004 жылдың қыркүйегінде, 2007

жылдың тамыз айындағы сайлау нәтижесіндегі қорытындысын есептеп көрелік [3].

Кесте 1. 1999 ж. Парламент Мәжілісіне депутаттарды партиялық тізім бойынша сайлау нәтижесі 1-кестеде көрсетілген.



Кесте 1. 1999 ж. Парламент Мэжшкше депутаттарды партиялык тізім бойынша

сайлау нэтижесі



N

Партиялар аты

Сайлаушылар дауысы

Парламенттен алган орны

1

Казакстан коммуниста партиясы

17,75%

2,6%

2

Казакстанныц аграрлык партиясы

12,63%

7,8%

3

Республикандык Отан саяси партиясы

30,89%

49,3%

4

Казакстанныц халыктык конгресс партиясы

2,83%

-

5

Казакстанныц дэу1рлеу партиясы

1,97%

1,3%

6

Казакстанныц демократиялык Азамат партиясы

4,57%

-

7

Казакстанныц Алаш улттык партиясы

2,76%

-

8

Республикандык ецбек саяси партиясы

1,38%

-

9

Казакстанныц Азаматтык партиясы

11,23%

20,8%







Кесте 2. 2004 ж. Парламент Мэжілісіне депутаттарды партиялык тізім бойынша сайлау нэтижесі

N

Партиялар аты

Сайлаушылар дауысы

Парламенттен алган орны

1

Республикандык Отан саяси партиясы

60,61%

67%

2

Казакстанныц демократиялык «Ак жол» партиясы

12,04%

1,3%

3

Республикандык « Асар» партиясы

11,38%

5,2%

4

«АИСТ» сайлау блогы

7,07%

14,5%

5

Оппозициялык Коммунистердщ халыктык одагы мен

КДТ


3,44 %

-

6

Казахстан халыктык коммуниста партиясы

1,98%

-

7

«Ауыл» социал-демократиялык партиясы

1,73%

-

8

Казакстанныц демократиялык партиясы

0,76%

1,3%

9

Казакстанныц Патриоттар партиясы

0,55%

-

10

Руханият партиясы

0,44%

-







Кесте 3. 2007 ж. Парламент Мэжшюне депутаттарды партиялык т1з1м бойынша сайлау нэтижеа




N

Партиялар аты

Сайлаушылар дауысы

Парламент-тен алган орны

1

Халыктык демократиялык «Нур Отан» саяси партиясы

88,41%

98%

2

Жалпыулттык социал-демократиялык партия

4,54%

0

3

Казакстанныц демократиялык «Ак жол» партиясы

3,9%

0

4

«Ауыл» социал-демократиялык партиясы

1,51%

0

5

Казакстан халыктык коммуниста партиясы

1,29%

0

6

Казакстанныц Патриоттар партиясы

0,78%

0

7

Руханият партиясы

0,37%

0

Жалпы жоғарыда келтірілген Парламент Мәжілісіне сайлау нәтижелері партиялардың тиімді

санының бірте-бірте төмендегенін көрсетеді.

Саяси партиялар арасындағы бәсекелестік партиялық алаңдағы күштер қарым-қатынасын анықтайды. Осы орайда, біздің елімізде партиялар арасында саяси бәсекелестік бар деп айту қиын.

Бұған дәлел - бірпартиялық парламент. 2007 жылы пропорционалдық жүйе негізінде өткен парламенттік сайлау нәтижесі еліміздегі партиялардың қуыршақ партиялар екенін көрсетті. Сондықтан партиялар арасындағы саяси бәсекелестіктің жоқтығы бүгінгі күнгі басым партиясы бар партиялық жүйені қалыптастырып отыр - дейді, саяси ғылымдарының докторы, профессор Гүлшат Нұрымбетова [4].

«Нұр Отан» партиясының қызметіне жасалған аналитикалық мониторингтің қорытындысына

сүйенетін болсақ,бұл партия мемлекет басшысының өзі басшылық ететініне қарамастан,шын мәнінде басқарушы партия бола алмай отыр.Қалай болғанда да, мемлекеттің саяси стратегиясын анықтау ісі бұл партияның институтционалдық құрылымынан тыс жүріп жатқаны анық.Соның нәтижесінде оның күнделікті жұмысы жалпыға арналған мәдени шаралар мен ғылыми-тәжірибелік тұрғыдағы іс-шаралардан арыла алмай отыр.Басқарушы партия үшін бұл жеткіліксіз.

Президенттің елдің саяси жүйесіндегі ең негізгі және үлкен үстемдікке ие фактор болуының өзі

тек «Нұр Отанның» емес, жоғары биліктің механизмдерін жүзеге асыратын өзге де құрылымдардың екінші кезекке ысырылуына себепкер болып отыр. Бұл ең алдымен Президент әкімшілігіне қатысты.

Мұндай жағдайда бұл партия тек басқарушы элитаның саясатын жүргізуші құрал болумен шектеледі.

Тіпті, партия көшбасшысы болып табылатын мемлекет басшысының мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асырушы деуге де болады.

Мәжілісті тұтастай иемденіп отырғандарына және Сенатта да басым көпшілік екеніне қарамастан, «Нұр Отан» өзінің депутаттық фракциялары арқылы заң шығару барысындағы басым бағыттарды белгілей алып отырған жоқ. Соның салдарынан депутаттар тек үкіметтің жасап, жіберген заң

-

-

-

-


-

жобаларын қараумен шектеліп отыр. Мұндай жағдайда депутаттар партияның орталық аппаратынан тыс өмір сүреді. Мұндай жағдай аймақтарға да қатысты. Мәслихат депутаттары көп жағдайда партия басшылығына емес, жергілікті әкімдерге бағынышты болатыны жасырын емес. Осындай жағдайда «Нұр Отанның» саяси шешімдерді қабылдау процесіне қатысу және ол шешімдердің саяси билік жүйесінің барлық деңгейінде орындалуын бақылау мүмкіндігі жоқтың қасы [5].




ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қалиев Н. Қазақстан парламентаризмі: саяси талдау. -Алматы: Қазақстан, - 2003. - 272 б.

2.«Нұр Отан» ХДП – саяси бірігудің факторы. Н.Сейдін / Қоғам және Дәуір / 21.12.2009ж.

3. Қазақстан Республикасында партиялық жүйені дамыту ауқымындағы партиялардың «тиімді саны»

мәселесі. Г.Нұрымбетова / Қоғам және Дәуір / 21.12.2009ж.

4. «Саяси партиялар туралы саяси анықтама». Г.Нұрымбетова / Егемен Қазақстан/ 27.04.2010ж.



5. Қазақстан: қоғам мен мемлекеттің дамуы туралы жылдық есеп 2009 ж. Аналитикалық ұйымдардың Альянсы, Фридрих Эберт қоры. -Алматы, 2010. -192 б.
Редакцияға 09.07.2011 қабылданды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет