«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне кандидаттарының Қазтест жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау тестілеуін өту нұсқаулығы



жүктеу 16.53 Kb.
Дата17.07.2016
өлшемі16.53 Kb.
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне кандидаттарының ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау тестілеуін өту нұсқаулығы
1. Тест тапсырмаларының мазмұны қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттілік талаптарын анықтайтын ҚР СТ 1926-2009, ҚР СТ 1928-2009, ҚР СТ 1929-2009, ҚР СТ 1925-2009, ҚР СТ 1927-2009 Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттарына сәйкес.

2. Тест «жеңілден күрделіліге қарай» қағидатына және қазақ тілін меңгеру деңгейлері: қарапайым А1, базалық А2, орта В1, ортадан жоғары В2, жоғары С1 сипаттамаларына сәйкес құрастырылған.

3. Тест қазақ тілін меңгерудің бес деңгейінің тапсырмаларын қамтиды. Тестіленушінің қай деңгейге жақын екенін жалпы балл санына қарай межелік шкала бойынша анықталады.

4. Тест тапсырмаларының формасы – берілген төрт жауап нұсқаларынан бір дұрыс жауапты таңдау.

5. Тест 3 сөйлеу әрекетін қамтиды: Тыңдалым, Лексика-грамматикалық құрылым және Оқылым.

6. Тыңдалым бөлігінде тыңдалған мәтінді түсіну қабілетін анықтайтын 30 тест тапсырмалары берілген. Лексика-грамматикалық бөлік 70 тапсырмадан тұрады. Оқылым бөлігінде әртүрлі мазмұны мен стильдегі мәтіндерді оқып түсіну қабілетіне 50 тест тапсырмасы беріледі.

7. Үш бөлік бойынша тест орындау уақыты: Тыңдалым бөлігіне – 25 минут, Лексика-грамматикалық құрылым – 65, Оқылым – 60 тапсырма. Жалпы уақыты – 150 минут немесе 2 сағат 30 минут.

8. Тестіленуші тестке қатысу үшін өзімен бірге жеке куәлігін алып келуі қажет. Тестілеу технологиясына сәйкес тест барысында аудиториядан шығуға және ұялы телефонды қолдануға рұқсат берілмейді.

9. Тестіленуші аудитория кезекшісінің нұсқаулығына сәйкес жауап парағының қызметтік секторларын толтырып, 2 сағат 30 минуттан кейін сұрақ кітапшасы мен толтырылған жауап парағын кезекшіге тапсыруы қажет.

10. Тестілеу нәтижесінде үш бөлік бойынша анықталған балл көрсеткіштерімен анықтама беріледі.

11. Тестілеуге дайындалу үшін www.kazakhtest.kz сайтындағы интерактивті байқау сынағынан өтуге болады.

12. Байқау сынағы Ұлттық тестілеу орталығында да қарастырылған, оның төлемақысы – 4841 теңге. Алдын ала жазылу және емтиханға дайындалуға арналған оқу-әдістемелік құралдар жөнінде ақпарат алу үшін 8 (7172) 51 83 06 нөміріне хабарласуға болады.



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет