1 – есеп. Мәнерлеп сырғанау жарысында сырғанаушылар жұбына сырғанаудағы мәнері үшін әділ қазщылар алқасы: 5,4;5,2;4,8;5,5;4,7;5,0 балл қойды. Мәнерлеп сырғанаушылар жұбына қандай орташа балл қойылды? Шешуі (үлгі). Есептің берілуі бойынша: 1) 5,4+5,2+4,8+5,5+4,7+5,0=30,6 (балл) – әділ қазылар қойған балдар қосындысы; 2) 6- балдар саны; 30,6:6=5,1(балл) – мәнерлеп сырғанаушылар жұбына қойылған орташа балл немесе
(балл) Жауабы: 5,1(балл) Есептеу нәтижесінде алынған 5,1 саны – берілген 5,4;5,2;4,8;5,5;4,7;5,0 сандарының арифметикалық ортасы. Сандардың арифметикалық ортасы= Бірнеше санның арифметикалық ортасы деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады. Қандай да бір шаманың сан мәндерінің өзгерісінің статистикалық сипаттамаларының бірі – өзгеріс ауқымы. Шаманың өзгеріс ауқымы.
2 – есеп. Наурыз айының бірінші аптасындағы ауаның тәуліктік орташа температурасы: болды. Осы аптадағы ауаның тәуліктік орташа температурасының өзгеріс ауқымын табыңдар. Мұндағы: – берілгендер қатарын құрайды. Шешуі (үлгі). Апта ішіндегі ауаның тәуліктік орташа температурасының: ең үлкен мәні;
ең кіші мәні.
Апта ішіндегі ауаның тәуліктік орташа температурасының өзгеріс ауқымы:
Жауабы апта ішіндегі тәуліктік температураның өзгеріс ауқымы . Өзгеріс ауқымы дегеніміз берілгендер қатарындағы ең үлкен мән мен ең кіші мәннің айырмасы. Мода – статистикалық сипаттамалардың ең көп қолданатын түрі.
3 – есеп. Оқушының тоқсан ішіндегі математикадан алған бағалары:
Оқушының осы алған бағаларының модасы қай баға? Шешуі (үлгі).Оқушының тоқсан ішіндегі математикадан алған бағаларының жиілігі: тік баға – 6 (рет) тік баға – 3 (рет) тік баға – 1 (рет). Жиілігі ең көп баға - тік баға. Жауабы: оқушының тоқсан ішіндегі математикадан алған бағаларының модасы тік баға.