А. М. МҰхаметжанов, Е. Н. МӘліков атыс дайындығЫ


Атыстың шоғырлануы мен дәлдігі



бет5/8
Дата11.07.2016
өлшемі0.73 Mb.
#190243
1   2   3   4   5   6   7   8

3.5 Атыстың шоғырлануы мен дәлдігі
Жетекші бір қарудан атуда дәлдікті мұқият сақтау және атыс жүргізудің біркелкілігін сақтау кезінде, әр оқ кездейсоқ кедергілер әсерінен өзінің траекториясын сипаттайды және басқасына сай келмейтін, нүктеге (кездесу нүктесі) тиіп, соның салдарынан оқ шашырайтынын түсіндіреді.

Бірдей жағдайларда бір қарудан ату кезіндегі оқтың шашырау құбылысын оқтын табиғи шашырауы немесе траекториясының таралуы деп атайды.

Табиғи таралу салдарынан болған, оқ траекторияларының жиынтығы траекториялардың шашырауы деп аталады. Шашыраудың ортасынан өтетін траектория орташа траектория деп аталады.

Орташа траекторияның нысананың (кедергі) бетімен қиылысқан нүктесін тигізудің орташа нүктесі немесе шашырау ортасы деп атайды.

Траекториялар шашырауының қандай да бір жазықтықпен қиылысқанынан болған, оқтардың кездесу (тесілген жерлер) нүктесі орналасқан алаң шашырау алаңы деп аталады.

Шашырау алаңы әдетте эллипс пішінді болады. Жақын қашықтыққа атыс қаруынан ату кезінде тіке жазықтықта шашырау алаңы шеңбер түрінде болуы мүмкін.

Шашырау ортасы арқылы өткен, өзара перпендикуляр сызықтар (тигізудің орташа нүктесі), олардың біреуі ату бағытына сай болуы керек, шашырау осі деп аталады.

Кездесу нүктесінен шашырау осіне дейінгі қысқа қашықтықты ауытқулар деп атайды.

Нысана дәл талқандалуы, оқтың шашырауы аз болу үшін автоматты қалыпты ұрысқа келтіру қажет, яғни қарудың әр түріне көздеу нүктесін және көздеуіш құрылғыларының көрсетуін анықтайды, нәтижесінде нысана жойылады.

Автоматтың атысын тексеру:

- оның бөлімшеге келіп түсу кезінде;

- жөндеуден, оның атысын өзгертуі мүмкін қосалқы бөлшектері ауыстырылғаннан кейін;

- ату кезінде қалыпты емес ауытқуларды анықтағанда.

Автоматты атысқа тексерер алдында анықталған ақауларды мұқият қарап, оны жою керек.

Автоматтың атысын тексеру және оны қалыпты ұрысқа келтіру бөлімше (взвод, рота) командирінің жетекшілігімен қалыпты жағдайда жарықтан-дырылған желсіз күндері атыс орындарында, жабық тирлерде немесе желден қорғалған атыс орындарының учаскелерінде және үздік автоматшылармен жүргізіледі.

Атысты тексеруге автомат бекітілген автоматшылар, олардың бөлімше командирлері және қажет құрал-жабдықтарымен бірге қаруды жөндейтін шебер қатысуға тиіс.

Автомат атысын тексеру мен оны қалыпты ұрысқа келтіру қарапайым оқты патрондармен атумен жүргізіледі. Ату қашықтығы 100 м, көздеу 3, көздеуіш 0. Автоматтан ату жағдайлары – тіреуден, автомат сүңгі-пышақсыз.

Ату тексерілген нысаналарда жүргізіледі (немесе биіктігі 1 м. және ені 0,5м. ақ қалғанға бекітілген, биіктігі 35 см. және ені 25 см. қара үшбұрышты өлшеммен).

Тексеріс нысана бойынша атыс кезінде көздеу нүктесі нысананың төменгі шетінің ортасы болады, автоматпен ату кезінде бесінші көлденең сызықпен кесілген. Бақылау нүктесі ретінде (тигізудің орташа нүктесінің қалыпты жағдайы) шеңбер ортасы қабылданған. Қара тікбұрыш бойынша атыс кезінде көздеу нүктесі болып тікбұрыштың төмен жағының ортасы алынады; бақылау нүктесінің жағдайы автоматтан атыс кезінде 13 см. қашықтықта көздеу нүктесінен бойлай жоғары белгіленеді. Көздеу нүктесі шамалап алғанда атушының көздері деңгейінде болуы керек.

Атысты тексеру мен қалыпты атысқа келтіру автоматтан түйдектеп атумен (4 патрон), содан соң автоматты түрде (2-3 кезекте 8 патрон) жүргізіледі.

Атысты түйдектеп атумен тексеру кезінде атушы тексеру нысанының (қара үшбұрыш) төменгі жағының ортасына мұқият және біркелкі көздей отырып, төрт рет атады. Атысты аяқтағаннан кейін тексеру атысын басқару-шы командир нысананы қарайды және тесіп өтудің орналасуы бойынша атыстың шоғырлануы мен тиюдің орташа нүктесінің жағдайын анықтайды.

Атыстың шоғырлануы қалыпты деп танылады, егер барлық төрт немесе үш тесіп өту 15 см. диаметрлі шеңберге сыйса. Егер тесіп өтудің орналасу шоғырлығы бұл талапқа келмесе, онда атыс қайталанады. Қайта ату нәтижесі қанағаттанарлықсыз болса, автомат оқтың ығысуы себебін жою үшін жөндеу шеберханасына жіберіледі.

Егер тесіп өтулердің орналасу шоғырлығы қалыпты деп танылса, онда командир тигізудің орташа нүктесін және оның бақылау нүктесіне қарағанда жағдайын анықтайды.

Тигізудің орташа нүктесін төрт тесіп өту бойынша анықтау үшін:

- екі жақын тесіп өтулерді түзу сызықтармен қосып, олардың арасындағы қашықтықты екіге бөлу қажет;

- алынған нүктені үшінші тесіп өтумен қосып, олардың арасындағы қашықтықты үш тең бөлікке бөлу керек.

Бірінші үш тесіп өтуге жақын бөлу нүктесі төрт тесіп өтудің орта нүктесі болады.

Тигізудің орташа нүктесін тағы да келесі тәсілмен анықтауға болады: тесіп өтулерді сыңармен қосып, содан соң екі сызықтың ортасын қосып алынған сызықты екіге бөлу қажет; бөлу нүктесі тигізудің орташа нүктесі болады.

Егер барлық төрт тесіп өту 15 см. шеңберге сыймаса, онда тигізудің орташа нүктесін айтарлықтай шоғырлана орналасқан үш тесіп өту бойынша анықтауға рұқсат етіледі, егер төртінші тесіп өту үш тесіп өтудің орташа нүктесінен осы үш тесіп өту сиятын шеңбердің 2,5 радиусынан алыс түссе.

Автоматтың қалыпты атысы кезінде тигізудің орташа нүктесі бақылау нүктесімен дәл келуі немесе одан кез-келген бағытқа 5 см. аспайтындай ауытқуы тиіс, яғни тексеру сызығының кіші шеңберінен тыс шықпауы керек.

Егер түйдектеп ату кезінде тигізудің орташа нүктесі бақылау нүктесінен кез-келген жаққа ауытқыса, онда сәйкесінше бұған қарай қарауыл жағдайы да өзгереді: егер тигізудің орташа нүктесі бақылау нүктесінен төмен болса, қарауылды бұрап кіргізу қажет, егер жоғары болса – бұрап шығару керек; егер тигізудің орташа нүктесі бақылау нүктесінен солға қарай болса, қарауыл жылжытпасын солға жылжытып, егер оңға қарай болса оңға жылжыту керек.

Қарауылды 1 мм-ге жылжытқанда автоматтан 100 м-ге ату кезінде тигізудің орташа нүктесі 26 см-ге ығысады. Қарауылды толық бір айналымға бұру автоматтан 100 метрге ату кезінде биіктік бойынша тигізудің орташа нүктесін 20 см-ге ығыстырады.

Қарауылды жылжыту дұрыстығы қайта атумен тексеріледі. Егер автоматты ату кезінде тигізудің орташа нүктесі бақылау нүктесінен 5 см-ден астам ауытқыса, онда пулеметті қарағаннан және оның ату көрсеткіштерін тексеруді қайталау керек. Егер қайта ату нәтижесінде көздеудің орташа нүктесі тағы да 5 см-ден аса ауытқыса, онда қарауыл көрсетуін өзгерту керек. Қарауыл көрсетуін өзгерткеннен кейін атыс қайталанады.

Автоматты ату кезінде пулемет атысы қалыпты болып танылады, егер сегіз тесіп өтуден алтыдан кем емес тесіп өту диаметрі 20 см. шеңберге сыйса және осы кезде тигізудің орташа нүктесі бақылау нүктесінен 5 см-дан асатам кез-келген жаққа ауытқыса, яғни тексеру нысанындағы кіші шеңберден аспаса.

Автоматты атыспен ату кезінде тигізудің орташа нүктесі келесі тәсілдермен анықталады:

- тесіп өтулердің жартысы жоғарыдан немесе төменнен саналады және көлденең сызықпен бөлінеді;

- осындай тәртіппен тесіп өтулердің жартысы оңнан немесе солдан саналады және тікелей сызықпен бөлінеді;

- көлденең және тікелей сызықтардың қиылысу нүктесі көздеудің орташа нүктесінің қалпын анықтайды.

Автоматты атыс кезінде автомат атысының шоғырлығы автоматтың жағдайына ғана емес, сонымен бірге атушыға да байланысты. Сондықтан күдікті жағдайларда атыс шоғырлығы қанағатсыз болғанда анағұрлым тәжірибелі автоматшыны шақырып қайталау керек.

Автоматты қалыпты атысқа келтіргеннен кейін қарауыл жылжытпасын-дағы ескі тәуекел тығындалады, ал оның орнына жаңасы қойылады.

Автоматпен түйдектеп атумен, ал пулеметпен түйдектеп және автоматты атыспен қалыпты атысқа келтіру кезіндегі атудың соңғы нәтижесі автоматтың сапалы жағдайының карточкасына жазылады (пулемет формулаларында).

Ату мергендігі ортаңғы нүктенің нысанада белгіленген нүктемен сайма сай келу дәлдігімен және шашырау шамасымен анықталады. Онымен қоса, ортаңғы нүктенің көзделген нүктеге түсуі неғұрлым жақын және оқтың шашырауы аз болса, ату дәлдігі соғұрлым нәтижелі болады.

Атыс дәл деп саналады, егер тигізудің орташа нүктесі нысанада белгіленген нүктеден атудың мыңдық қашықтығынан жартыдан астамға, бұл қаруды қалыпты ұрысқа келтіру кезінде тигізудің орташа нүктесінің бақылау нүктесінен рұқсаты етілген ауытқуға сай келеді, ауытқыса, ал шашырау кесте нормаларынан аспаса.

Ату мергендігі қаруды қалыпты ұрысқа нақты дайындаумен, қаруды және оқ дәрілерді ұқыпты сақтаумен және атушының машықтанған дағдысымен қамтылады.

Ату мергендігін жақсарту үшін атушы оқтың ұшуына метеорологиялық жағдайлардың әсер етуін ескерумен, нысанаға дейінгі қашықтықты анықтап, соған байланысты көздеу, көздеуіш және көздеу нүктесін таңдап, қару мен оқ дәрілерді мұқият сақтап, ату тәсілдерін дұрыс орындай білуге тиіс.

Атушының көздеу нүктесін таңдаудағы, көздеуішті орнатудағы, қаруды дайындау мен көздеу және ату өндірісінде жіберген қателіктері ату мергендігін төмендетін негізгі себептер болып табылады.

Көздеу мен көздеуішті дұрыс келтірмеген, сондай-ақ көздеу нүктесін дұрыс таңдамаған кезде оқ нысанадан асып кетеді (нысанаға дейін жетпейді) немесе нысанадан басқа жаққа қарай ауытқиды.

Қаруды аудару кезінде дәл түсудің ортаңғы нүктесі қаруды аудару жағына қарай немесе төмен қарай ауытқиды.

Тіреу жағдайы қарудың ауырлық орталығының алдында болса (қару аузындағы ойыққа жақын) дәл түсудің орташа нүктесі жоғарыға қарай ауытқиды, ал тіреу жағдайы қарудың ауырлық орталығының артында болса (қару дүміне жақын) төменге ауытқиды; ату кезінде тіреу жағдайының өзгеруі шашыраудың артуына әкеп соғады.

Ірі қарауыл болғанда (қарауыл көздеу ойығы шеттерінен жоғары) тигізудің орташа нүктесі жоғарыға ауытқиды, ал ұсақ қарауыл кейінде төменге ауытқиды; көздеу ойығының оң қабырғасына қарай тұрған қарауыл, солға қарай ауытқуға әкеледі. Біркелкі емес көздеу оқтың таралуының артуына әкеледі.

Шүріппені жайлап баспау (жұлқу) әдетте көздеудің орташа нүктесінің оңға және төменге ауытқуына әкеледі.

Атыс дәлдігі әдетте қару мен оқ-дәрілердің әртүрлі ақауларына байланысты төмендейді. Мысалы, көздеу тақташасы (рамка) және ұңғысы майысқан болса тигізудің орташа нүктесі майысу жағына қарай ауытқиды; қарауыл майысқан және қару аузы жапырылған кезде тигізудің орташа нүктесі майысудың (жапырылу) қарама қарсы жағына қарай ауытқиды. Көздеу бүйірге қарай шайқалған, ұңғы арнасы зақымданған және үйкеленгенде, қаруды дұрыс тазаламағаннан, оның ұңғысы, сүңгісі, станогы, құндағы шайқалғанда және т.б. оқтың таралуы артады және тигізудің орташа нүктесі өзгереді.

Оқ-дәрілердің салмақты сипаттамаларының айырмашылығы ату дәлдігіне әсер етеді, мұнда тигізудің орташа нүктесі өзгереді және оқтың таралуы артады.

Атыс дәлдігіне жарықтану мен метеорологиялық жағдайлар да әсер етеді. Мысалы, егер күн оң жақтан түсіп тұрса, онда қарауылдың оң жағында шағылу пайда болады, оны атушы көздеу кезінде қарауыл жағына қарай қолданады; сонымен қатар қарауыл солға ауытқитын болады. Оң жақтан бүйірден соққан жел оқты солға қарай, ал сол жақтан соққан жел – оң жаққа қарай ысырады.

Көздеу құрылғыларын бір жағдайға келтіріп ату кезінде белгілі бір биіктікте талқандалатын нысана кеңістігі зақымдалатын аймақ деп аталады.

Атыс қаруынан ату кезінде көлденең жазықтықта зақымдалатын аймақ тереңдігі қашықтық бойынша толық таралудан және аталмыш нысана үшін зақымдалатын кеңістіктен тұрады. Зақымдалатын аймақтың ені бір жаққа қарай толық таралу шамасына тең.

Еңіс жерлердегі зақымдалатын аймақтардың тереңдігі көлденең жазықтыққа қарағанда бірнеше рет аз (көп), кездесу бұрышы түсу бұрышынан қаншалықты көп (аз) болса.

Ату кезінде оқтың таралу заңдылығын білу қару мен оқ-дәрілерді атуға дайындау тәртібі, атыс қаруының атуын тексеру және оны қалыпты ұрысқа келтіру ережесі, атысты түзеу ережесі сияқты сұрақтарды саналы түрде меңгерудің негізі болып табылады.

Аталмыш сұрақты оқып-білу кезінде үйренушілерді оқтың таралу себебі мен сипаттамасын оқытып қана қоймай, қажет болғанда ату кезінде таралуды қалай кемітуге болатынын, кейбір жағдайларда, керісінше, оны жасанды арттыруға болатынын нақты түсіндіру қажет. Бұл сұрақтың ерекшелігі оқып-білетін теориялық жағдайлардың тәжірибелік атыстармен тікелей үйлестіруде.
4 ТАРАУ. ҚОЗҒАЛМАЙТЫН ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛАТЫН НЫСАНАЛАРҒА КҮНДІЗ АВТОМАТТАН ЖӘНЕ ТАПАНШАДАН АТЫС ЖҮРГІЗУ
4.1 Атыс қаруынан атыс жүргізу тәсілдері мен ережесін меңгерудің әдістемелік реттілігі
Атыс тәсілдері мен ережелерін оқытудың мақсаты әртүрлі жағдайларда дәл ату мен жаттығуларды сәтті орындауды қамтиды. Ұрыс патрондарымен ату атыс шеберлігіне оқытудың маңызды құралы болып табылады.

Атуға дағдылануға саналы мақсатты түрде үйрену үдерісінде қол жеткізуге болады. Мұндай дағдылар икемді, оған адамдар тез үйренеді және жаңа айтарлықтай күрделі жағдайларда есте қалады. Үйренушілер нені қалай істеуді, неліктен солай істеуді, қандай нәтижелерге қол жеткізуді анық білуі тиіс. Бұған тәсілдерді (қарумен әрекет ету) тұтас үлгі түрінде, содан соң бөлімшелер бойынша көрсетіп, көрсетілген тәсілдердің мақсаты мен мақсатты арналуын түсіндірумен қол жеткізуге болады.

Атыс, қандай жағдайларда жүргізілгеніне қарамастан, келесі тәсілдерді орындаудан тұрады: атысқа дайындық, ату жүргізу және атуды тоқтату. Аталған тәсілдер өз кезегінде бірнеше ұсақ (қарапайым) тәсілдерге бөлінеді. Мысалы, ату жүргізу көздеуішті қою (және КҚП-74 қарауылды) және сақтандырғышқа қою, дүмді, көздеуді орнату, ағытқыш ілмекке басу (шүріппені ағыту) және ату кезінде қаруды ұстап тұрудан тұрады. Студент тәсілдің әр элементін жеке-жеке орындауға, сондай-ақ тәсілді толығымен орындауға үйренуі тиіс. Ату тәсілдеріне үйрету реті, негізінен, олардың ату кезінде орындалу ретіне сай келеді. Алайда жекелеген жағдайларда оқыту кезінде бұл реттілікті бұзуға тура келеді. Сонымен, студенттерді автоматты жарақсыздандыру мен оқжатарды жарақтауға үйретпес бұрын автоматты жарақтауға үйретуге болмайды. Міне осылайша атуға жағдай қабылдауды оқыту бастапқы жағдай қабылдауға байланысты. Оқжатарды жарақтау мен қаруды оқтау тәртібі ату қалпына тәуелді емес, сондықтан студенттерді бұл тәсілдерге атуға дайындықты оқытуға дейін үйреткен жөн. Айтылғандарды ескере отырып, ату тәсілдеріне үйретудің келесі әдістемелік реттілігін атауға болады: оқжатарды жарақтау және одан патрондарды алу, қаруды оқтау және оқтарын алу, атуға дайындау, жатып ату және атуды тоқтату (қолмен және тіреумен тіреу арқылы), әртүрлі тасалардан тізерлеп ату, оқпанадан тұрып ату, қысқа кідірістермен және кідіріссіз жүріп ату және басқа ерекше жағдайларда.
4.1.1 Оқжатарды жарақтау мен одан патрондарды алуға үйрету

Жетекші үйретуді оқу және ұрыстық (маңызын жойған) патрондарды және оларды атуға дайындауды көрсетуден бастайды. Содан соң оқжатарды патрондармен жарақтау техникасын көрсетеді. Өз қимылдарын көрсеткеннен және қысқаша түсіндіргеннен кейін әр студентке мүмкіндігінше 5-10 жатты-ғу патрондарын беріп, оларды қарап шығуды бұйырады. «Оқжатарды жарақ-та» пәрменін беріп, жетекші әр студенттің оқжатарды өңешін жоғары қара-тып, дөңес жағын солға қаратып сол қолына, ал патрондарды – оқтарды шынашаққа қаратып оң қолға алуларын бақылайды. Оқжатар мен патрондар-дың дұрыс ұсталғанына көз жеткізгеннен соң, жетекші оларға оқжатарды жарақтауға кірісуге рұқсат береді. Үйрету кезінде жетекші олардың оқжатар-ды солға сәл еңкейтіп ұстап тұрып бас бармақпен қысу арқылы патрондарды бір-бірлеп гильзаның түбін оқжатардың артқы қабырғасына қаратып бүйір қабырғаларының қайырмасы астына салуларын бақылайды.

Үйренушілердің дұрыс әрекет етуіне көз жеткізіп, жетекші оқжатарды қайта бір екі патронмен жарақтауды бұйырады. Патрондар санын өзгерте отырып, ол студенттерді оқжатарды жарақтауға машықтандырады. Егер қажет болса, онда оқжатарды жарақтауды жетекші өзі қайта көрсетеді немесе үйренушілердің жекелеген қателіктерін көрсетеді.

Содан соң жетекші патрондарды оқжатардан қалай алу керектігін көрсетеді. Жетекшінің «Оқжатардан патрондарды ал» пәрменімен үйренуші-лер көрсетілген тәсілді орындайды. Студенттердің қимылынан қателіктер анықтаған жағдайда, жетекші «Тоқтат» пәрменін беріп, патрондарды қалай дұрыс алу керектігін қайта көрсетеді.

Оқжатарды жарақтау мен одан патрондарды алу студенттер осы қимыл-дарды дұрыс орындауға үйренгенше қайталанады. Жұмысты жылдамдату мақсатында оқжатарды жарақтау, сондай-ақ одан патрондарды алу бойынша уақыт нормативтері белгіленуі мүмкін.
4.1.2 Қаруды жарақтау мен жарақсыздандыруға үйрету

Қаруды жарақтау мен жарақсыздандыруды басында ату қалпына, мысалы орындықта отырып, тіреуішке қойылған қарумен тұрып, мән бере отырып жүргізу қажет. Сонымен қатар студенттердің қаруды жарақтау мен жарақсыздандыруды жіті меңгеруіне назар аудару қажет.

Бастапқыда жетекші үйренушілерге қаруды тұрып тұру қалпында қалай жарақтандыруға болатынын көрсетеді. Тәсілді бірнеше элементтерге бөліп (мысалы, оқжатарды сөмкеден алу және оны автоматқа салу, автоматты сақтандырғыштан алу, бекітпе рамасын артқа қарай тірелгенше тарту, автоматты сақтандырғышқа қою), жетекші автоматтың аузын тіреуішке қойып, рет ретімен осы элементтердің орындалуын көрсетеді; көрсету әр элементті түсіндірумен жүргізіледі.

Бөлімшелермен көрсетуді аяқтап, жетекші бірінші элементті орындау техникасын үйретуге кіріседі. «Бөліктермен жарақта: бір» пәрмені бойынша әр студент сөмкеден жарақталған оқжатарды алып, автоматқа салады. Егер әрекеттер жігерлік танытпай немесе қате орындалса, онда жетекші «Тоқтат» пәрменін береді; егер пәрмен беру кезінде кейбір үйренушілер оқжатарды автоматқа салып қойса, онда оқжатарды автоматтан қалай дұрыс алып, сөмкеге қалай салу керектігі көрсетіледі. Сөйтіп, «Тоқтат» пәрменін орындау жарақсыздандыруға үйрету кезінде қолданылған болатын. Бірінші элементті орындау студенттер оқжатарды сөмкеден дұрыс алып, автоматқа дұрыс қосуға үйренгенше дейін қайталанады. «Екі» пәрмені бойынша үйренушілер автоматты сақтандырғыштан алып, ауыстырғышты автоматты түрде атысқа қояды. Барлық студенттердің бұл элементті дұрыс орындағанына көз жеткізіп, жетекші бірнеше минут ішінде оларды ауыстырғышты автоматты түрге ғана емес, сонымен бірге нысананы бақылай отырып, көзбен шолу бақылауынсыз түйдектеп атысқа қоюды үйретеді. Бірнеше қайталаудан кейін жетекші бірінші элементті екіншімен қосып, оларды «Бөліктермен жарақта: бір, екі» пәрменімен жылдам орындауға үйретеді. Оқыту кезінде автоматты жарақтандыру қажеттілігі туындайды. Сондықтан жетекші жарақсыздандыру элементтерінің дұрыс орындалуын көрсетеді және оған студенттерді үйретеді. Оған қоса «Жарақсыздандыр» немесе «Жарақсыздандыр, жекелеп - бір» және т.б. пәрмендері берілуі мүмкін.

Бірінші екі элементтің меңгерілуіне көз жеткізіп, жетекші патрондар оқсауытқа қалай сұғылатынын көрсетеді. «Үш» пәрменімен, жетекші үйренушілердің оң қолмен тұтқадан ұстап бекітпе рамасын кейінге тірелгенге дейін тартып, оны дереу жіберулерін бақылайды. Егер кейбір үйренушілердің тұтқаны жібермей, оның қозғалысын қолмен сүйемелдегені анықталса, жетекші «Тоқтат» пәрменін беріп, бұл қателік атысты кідіртуге әкелетінін түсіндіреді. Содан кейін ол оқытуды жалғастырады. Үшінші элементті үйренушілер түгелдей дұрыс орындағаннан кейін, жетекші оны алдыңғы екеуімен қосып, бір, екі, үш деп санап, әрекеттерді бірге орындауға үйретеді. «Жарақсыздандыр» пәрменімен тәсілді орындауды жеті элементке бөлуге болады: көздеуішті П бөлігіне қою, оқжатарды бөліп алу, автоматты сақтандырғыштан алу, оқсауыттан патрондарды алу, ағытқыш ілмекті босату, автоматты сақтандырғышқа қою және оқжатарды қосу. Студенттерді осы элементтерді орындау техникасына үйрету жоғарыда қарастырылғанға ұқсас.

Оқыту кезінде автоматты жарақтандыру мен жарақсыздандыру тәсілдерін бөлшектеу реті әртүрлі болуы мүмкін; бірақ олардың реттілігінің бұзылмауы маңызды және де әр элементті әрекеттің аяқталуы ретінде толығымен үйрету керек. Кейінде қаруды жарақтаудағы дағдылар әртүрлі қалыптарда атуға үйрену кезінде шыңдала түседі.



Автоматты жарақтау үшін:

- автоматқа жарақталған оқжатарды салу, егер ол оған салынбаған болса;

- автоматты сақтандырғыштан алу;

- ауыстырғышты атудың қажет түріне қою;

- бекітпе рамасын кейінге тірелгенге дейін жылжытып, оны жіберу;

- автоматты сақтандырғышқа қою, егер дереу ату болмаса немесе «Ат» пәрмені берілмесе, және оң қолды тапаншалық тұтқаға ауыстыру.

Егер автоматты жарақтандыру алдында оқжатар патрондармен жарақталмаған немесе патрондар ату кезінде шығындалған болса, онда оқжатарды жарақтау қажет.

Оқжатарды жарақтау үшін оны өңешімен жоғары, дөңес жағын солға қаратып сол қолға ұстайды, ал оң қолға гильзаның түбі бас және сұқ саусақтардан біршама жоғары болатындай етіп шынашаққа қаратып патрондарды алады. Оқжатарды солға сәл еңкейтіп ұстап тұрып бас бармақпен қысу арқылы патрондарды бір-бірлеп гильзаның түбін оқжатардың артқы қабырғасына қаратып бүйір қабырғаларының қайтармасы астына салады.



Оқжатарды оқсауыттағы патрондармен жарақтау үшін:

-оқжатарды сол қолға алып, оң қолмен оған ауыстырғышты оның кертігі оқжатар өңешіне тиісті орынға кіретіндей етіп салады;

- оқжатарды сол қолда ұстап, оң қолмен патрондары бар оқсауытты ауыстырғышқа қою керек, мұнда патрондар оқтары жоғары қарап тұруы керек.

- оқ қолдың сұқ саусағымен жоғары тұрған патрон гильзасының корпусына (түбінде) басып және оқсауытты орта және сұқ саусақтар арасынан өткізе отырып, патрон оқжатарға сұғылады;

- ауыстырғыштан бос оқсауытты алып, патрондары бар жаңасын қойып, оқжатар толық жарақталады;

- оқжатардан ауыстырғышты алу.

Оқсауытты патрондармен жарақтау үшін оны ауыстырғыш кертікке кіріп, оның түбіне тірелетіндей етіп салу керек. Оң қолда ауыстырғыш кигізілген оқсауытты ұстай отырып, оң қолмен, патронды оғынан, гильзаның жоғарғы жағын үш саусақпен (бас, сұқ, орта) ұстап тұрып, оны оқсауыт кертігіне салады.

Оқсауытты ауыстырғышсыз де патрондармен жарақтауға болады; ол үшін оқсауытты сол қолға, ал патрондарды оң қолға ұстап, серіппе ілгегін басып, оқты оқсауыт пен серіппе арасына салу керек (ілгекті батырып); патронды оқсауытқа салу, патрон оғын серіппе астынан алып шығу.

Автоматтан ату пәрменмен немесе қойылған міндет пен жағдайларға байланысты өз бетімен жүргізіледі.

Ату пәрменінде мыналар көрсетіледі: кімнің ататыны, нысана, көздеу, көздеуіш және көздеу нүктесі. Мысалы: «Мынадай, бақылаушыға, төрт, нысана астына - ат», «Бөлімше, колоннаға, бес, белдікке - ат».

400 метрге дейінгі қашықтықтағы нысаналар бойынша ату кезінде көздеуіш және көздеу нүктесі көрсетілмейді. Мысалы: «Автоматшы, жаяу атушыға - ат». Осы пәрмен бойынша автоматшы «П» немесе «4» көздеуішпен атады, көздеу нүктесін өзі таңдайды.

Ату жүргізу көздеуіш пен қарауылды, ауыстырғышты, дүмді атудың талап етіліп отырған түріне қою, көздеу, шүріппені босату және ату кезінде автоматты ұстап тұрудан тұрады.

а) Көздеуішті қою үшін автоматты өзіне жақындатып, оң қолдың бас және сұқ саусақтарымен қамытшаның бекіткішін қысып қамытшаны көздеуіш тақтасының бойымен оның алдыңғы қырын қажет бөлікпен (ізікшемен) үйлескенше жылжытады.

б) Қарауылды орнату үшін: қарауыл бұрандасының маховигін біршама оңға тартып, кертіктің тиісті бөлігімен үйлескенше айналдырылады.

в) Ауыстырғышты талап етілетін атыс түріне қою үшін оң қолдың бас бармағымен ауыстырғыштың дөңесін басып, ауыстырғышты төмен бұру қажет: бірінші шертпеге дейін – автоматты атыс (АВ), екінші шертпеге дейін – жекелей атыс (ОД) жүргізу үшін.

г) Автоматты орнықтыру үшін оны сол қолмен құндағынан немесе оқжатарынан, ал оң қолмен тапаншалық тұтқасынан ұстап және нысананы көзден таса қылмастан құндақты иыққа оның бүкіл желкелігімен тығыз қабысқанын сезінетіндей етіп иыққа тірейді. Оң қолдың сұқ саусағы (бірінші буыны) ағытқыш ілмекке салынады. Бұл ретте екі шынтақ шамамен иықтар еніне жерге тіреледі, бас сәл алға еңкейтіліп, мойын сірестірілмей, оң шекке құндаққа тигізіледі.

Автомат сол қолмен құндағынан немесе оқжатарынан, ал оң қолмен тапаншалық тұтқасынан ұсталады.

Орнықтыру кезінде шынтақтар мына қалыпта болуы тиіс:

- ыңғайлы қалыпта жерге тіреу (мысалы алған қалпына қарай иықтар еніне, жатып немесе оқпанадан тұрып немесе тізерлеп);

- тұрып оқпанадан тыс ату кезінде сол қол шынтағы сол аяқ балтырына тізе жағына қарай немесе одан кішкене төменірек қойылады, ал оң қол шынтағы шамамен иықтар биіктігіне көтеріледі.

Егер орнатуда автоматты ату кезінде мықтап ұстап тұру үшін белдік қолданылатын болса, онда белдікті сапқа қысып тұратындай етіп сол қол буыны астынан ұстау керек.

д) Көздеу үшін жетекші көзбен көздеуіштің ойығы арқылы қарауылға қарап қарауыл ойықтың ортасында, ал оның төбесі көздеу тақташасы қырының жоғарғы шеттерімен бірдей болуы, яғни тегіс қарауыл алатындай етіп бұру керек.

Дем шығаратын тынысты тоқтатып шынтақты қозғау, ал егер қажет болса дене мен аяқтарды қозғау арқылы тегіс қарауылды көздеу нүктесіне келтіріп, осымен бір мезгілде сұқ саусақтың бірінші буынымен ағытқыш ілмекті босатады.

Көздеу кезінде көздеу тақташасының қыры көлденең жағдайда болуын қадағалау керек.

е) Шүріппені ағыту үшін автоматты нық ұстап, демді ішке тартып, шүріппені ағыту үшін байқатпай ұрыстық қайырмадан ағытылғанша, яғни атыс болғанша ағытқыш ілмекті жайлап басу керек.

Егер көздеу кезінде тегіс қарауыл көздеу нүктесінен айтарлықтай ауытқып кетсе, ағытқыш ілмекке қысымды күшейтпей және әлсіретпей, көздеуді нақтылап, ағытқыш ілмекке қайта басу керек.

Шүріппені ағытқанда тегіс қарауылдың көздеу нүктесі тұсында сәл тербелгеніне маңыз беруге болмайды. Тегіс қарауылдың көздеу нүктесімен ең жақсы үйлесуі сәтінде ағытқыш ілмекті ақырына дейін басуға тырысқаннан ағытқыш ілмек әдетте жұлқи басылады да, атыс дәл болмайды.

Егер автоматшы ағытқыш ілмекті басу кезінде бұдан әрі демалмай шыдауға болмайтынын сезсе, ағытқыш ілмекке басуды әлсіретпей, қайта демалып, дем шығарғанда қайта тоқтап көздеуді дәлдеп барып ағытқыш ілмекті басуы керек.

ж) Ату кезінде, әсіресе түйдектете ату кезінде автоматтың құндағын иыққа қысылған күйінде нық ұстап, шынтақтардың жағдайын өзгертпей көздеуіштің ойығында қарауылдың тегіс алынған қарауылдың таңдалған көздеу нүктесімен дәлденуін өзгертпеу керек. Әрбір түйдек атыстан кейін көздеудің дұрыстығын жылдам қалпына келтіріп атысты жалғастыру керек. Жатып ату кезінде автоматты оқжатарымен жерге тіреуге рұқсат етіледі. Кең нысаналарға үздіксіз ату кезінде тегіс қарауылды нысананың бір жағынан екіншіге жайлап ауыстыру қажет.

Барлық жағдайларда (тұрып, тізерлеп, жатып) тапаншадан ату үшін: тапаншаны ұстаған оң қолды алға созып, тапаншаны оң қолдың буындарымен ұстап тұрып, нысананы бақылауды тоқтатпай көздеу нүктесін таңдап, осы қолдың сұқ саусағының бірінші буынымен ағытқыш ілмекке қойып, тұтқаның сол жағымен оң қолдың бас бармағын ұңғы бағытына қарай күштеусіз параллель созып, созылған оң қолды күштеусіз, еркін ұстап, осы қол буындарын ұңғы арнасы осі мен қол білегі арасында өтетін жазықтықта ұстап, тапанша тұтқасын қыспай және оны мүмкіндігінше біркелкі ұстау қажет.

Көздеу үшін дем шығаратын тынысты тоқтатып, сол көзді қысып, ал оң көзбен көздеуіштің ойығы арқылы қарауылға қарап қарауыл ойықтың ортасында, ал оның төбесі қарауылдың жоғары шеттерімен бірдейлестіру керек; тапаншаны осындай қалыпта көздеу нүктесіне келтіріп (оны аудармай), бір уақытта ағытқыш ілмекке басу керек.

Шүріппені ағыту үшін демді ішке тартып, шүріппе атушы үшін байқатпай ұрыстық қайырмадан ағытылғанша, сұқ саусақтың бірінші буынымен ағытқыш ілмекті басу керек, яғни атыс болмағанша.

Шүріппені алдын ала ұрысқа келтірген кезде ағытқыш ілмек атыс болмайтын қалыпқа түсуі мүмкін екенін есте сақтаған жөн.

Ағытқыш ілмектің ұшына басу кезінде саусақ қысымы артқа түседі. Атушы тегіс қарауылдың төбесі көздеу нүктесімен үйлесуі сәтінде ағытқыш ілмек ұшына қысым түсіруді жайлап күшейтуі тиіс; қарауыл көздеу нүктесінен ауытқып кетсе, атушы қысымшы күшейтпей және әлсіретпей көздеуді қарауылдың төбесі көздеу нүктесімен үйлескенше түзеп, ағытқыш ілмекті қайта қатты басуы керек. Шүріппені ағытқанда көздеу нүктесіндегі қарауылдың шамалы ауытқуларына маңыз беруге болмайды. Егер атушы ағытқыш ілмектің ұшына басу кезінде бұдан әрі демалмай шыдауға болмайтынын сезсе, саусақты басуды әлсіретпей және күшейтпей, дем алып, дем шығарғанды қайта тоқтатып, ағытқыш ілмекті басуды жайлап жалғастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет