А. М. МҰхаметжанов, Е. Н. МӘліков атыс дайындығЫ


Жатып ату жағдайында атысқа дайындалуды үйрету



бет6/8
Дата11.07.2016
өлшемі0.73 Mb.
#190243
1   2   3   4   5   6   7   8

4.2 Жатып ату жағдайында атысқа дайындалуды үйрету
Жату жағдайында атысқа дайындықты үйрету әдістемесін КҚП-74 қол пулеметінде көрсетеміз.

Атысқа дайындық келесі тәсілдерді орындаудан тұрады: ату жағдайына жайласу және қаруды оқтау.

Жатып ату жағдайы анағұрлым берік болып табылады, және де атушыны қарсылас үшін нысана болуынан қорғайды.

Тәсілді – жатып ату жағдайын – бірнеше элементтерге бөлейік: сол аяқ адымында тоқтау (ал тұрып ату жағдайында – сол аяқпен толық қадам жасауда), пулемет ұстаған қолдарды (қол) созу және пулеметті ату бағытына қарай орнату, қолдарымен жерге тірелу және атуға жайғасу.

Үйрету тәсілді басынан бастап толық көрсетуден басталады, содан соң элементтер бойынша көрсетіледі. Бөлімшелер бойынша көрсетуді аяқтағаннан кейін жетекші үйренушілерді бір-екі қадамға ажыратып, бірінші элементті орындау техникасына бастапқыда, орнында тұрып (тұрып), содан соң жүгіріп келгеннен кейін, үйретуге кіріседі. «Жатып, оқта, ретімен – бір» пәрмені бойынша үйренушілер сол аяқпен алдыға толық қадам жасайды. «Тоқтат» пәрмені бойынша үйренушілер бастапқы қалыпқа келеді. Жаттығу үдерісінде бұл элементті орындауда нық және біркелкі орындауға тырысу қажет, оған қоса сол аяқпен секіруге, тыпырлауға болмайды. Жүгіріп келу кезінде жатып ату үшін жайғасуға үйрету де осындай ретпен үйретіледі. Сонымен қатар мынадай пәрмен берілуі мүмкін, мысалы: «Пулеметші Асқаров, ату орны дөңес жанында – ат» жетекші бірінші элементті орындау кезінде пулеметші көрсетілген орынға жүгіріп келіп, сол (оң) аяқпен адым жасауда тоқталатынын түсіндіреді. «Екі» пәрмені бойынша үйренуші пулемет ұстаған қолдарын (қол) созып, пулеметті ату бағытына қарай санына түсіреді. Пулеметті алдыңғыға қарағанда айтарлықта күрделі жағдайға келтіру. Сондықтан жаттығуды алғашында көзбен мұқият бақылай отырып, жайлап орындау қажет.

Үшінші элементке үйрету екінші жағдайдан, яғни үйренушілер пулеметті ату бағытына қарай орналастырғаннан кейін, басталады. Жетекші «Үш» пәрменімен үйренушілерге аяқтарын артқа жіберіп, екі қолмен жерге тіреліп, жату жағдайына келуді бұйырады. «Тоқтат» пәрменімен үйренушілер бастапқы қалыпқа келеді. Атап өтетіні, «Тоқтат» пәрмені алдында студенттерге қалай тұру керектігі көрсетіледі және түсіндіріледі.

Жаттығу басынан бастап бір, екі, үш деп санай отырып қайталанады. «Бір» дегенде үйренушілер сол аяқпен алға қарай толық қадам жасайды, «Екі» дегенде пулемет ұстаған қолдарын алға созады және пулеметті сираққа қояды, «Үш» дегенде екі қолдарымен жерге тіреліп, аяқтарын артқа жіберіп жату жағдайын келеді. Дұрыс жайғасқан кезде, пулеметтің корпусы көздеу сызығына қарағанда 15-30 градус бұрышта болуы керек.

Атуға жайласқаннан кейін қаруды жарақтау қажет. Бұл тәсіл үйренушілерге таныс. Енді барлық үйренген элементтерді тұтастай қосу керек – ату үшін жату жағдайына келу және жарақтау.


4.2.1 Атыс жүргізуге үйрету

Атыс қаруының барлық түрлерінен ату үшін көздеуді (және КҚП-74 –те қарауыл) келтіріп, қаруды сақтандырғыштан алып, тақалып, көздеп, ағытқыш ілмекті (және КҚП-74-те қарауыл) ұрыстық қайтармадан алып, ату кезінде қаруды ұстап тұру қажет. Ату нысананы тез және сенімді талқандауда маңызды, сондықтан оқыту кезінде тәсілдерге ерекше назар аудару қажет.



Көздеуішті қою. Жетекші көздеуіштің қандай да бір көздеуге қалай қойылатынын көрсетеді. Үйрету кезінде ол көздеуішті берілген бөлікке дәл қоюға ғана мән беріп қана қоймай, тәсілдің дұрыс орындалуын да бақылайды. Басынан бастап үйренушілерден пәрменді дәл орындау, содан кейін жылдам орындау талап етіледі. Көздеуішті қою уақыты 1-2 секундтан көп болмауы керек.

Орнықтыру. Орнығуға үйрену кезінде үйренушілердің жайлы жайғасуына назар аударып, дененің барлық бұлшық еттерінің бірдей күш түсуін қадағалау қажет. Бұл, әрине, осы жағдайларды сақтағанда қарудың қозғалыссыз болуын білдірмейді. Керісінше, үйренуші орнығуды бірінші рет орындағанда, ол қарауылдың біршама ауытқуын байқайды. Үйренбеген жағдай және белгісіз қозғалыстар қиыншылық туғызады және ату кезінде қаруды нық ұстау үшін бұлшық еттердің үйлесімді жұмысын бұзады. Қозғалыстардың үйлесіміне машықтану үшін тиісті жаттығулар жасау қажет.

Орнығу жату, тұру, тізерлеу және отыру жағдайларында орындалады. Орнығуға үйретуді үйренушілердің тәсілдерді орындауға дағдылануын бірте-бірте үйрете отырып, айтарлықтай тұрақты жағдайлардан (жатып) бастау керек.

Орнығуды үйретуді толық және элементтермен көрсетуден және түсіндіруден бастау қажет. Жату жағдайында орнығуды үйрету реті мыналардан тұрады:

- жатып орнығуды көрсету және түсіндіру;

- үйренушілердің жатып орнығуды орындауы;

- айтарлықтай ыңғайлы орнығуды анықтау мақсатында әр үйренушіні мұқият тексеру;

- барлық үйренген тәсілдерді бірге орындаудағы жаттығулар (ату үшін жату жағдайына келу, жарақтау, көздеуішті қою және орнығу).

Содан кейін тіреуді, оның биіктігі қолдан орнығу биіктігіне сәйкес бо-луы керек, пайдаланумен орнығуға үйретуге болады. Дұрыс тірелу орнығуды біршама жеңілдетеді, ату дәлдігін арттырады және қарсыластың автомат-шыны жою мүмкіндігін кемітеді. Автомат сағымен тіреледі және сол қолмен оқжатарынан ұсталады. Автоматты қолды тірей отырып, сол қолмен және сағынан ұстап тұруға болады. Бұл жағдайда сол қол иығы тіреліп тұруы керек.

Тұрып алу жағдайы тіреудің болмауына байланысты атушыға ең қиын болып табылады. Оң қол шынтағы иық деңгейіне дейін немесе біршама төмен көтеріледі. Бұл иыққа орнығудың біркелкі жағдайын қамтиды және тыныс алуды реттеуге мүмкіндік береді. Сол қол үйренушілердің дене бітіміне және дамуына байланысты әртүрлі жағдайларда болуы мүмкін (қол сол бүйірге қойылған, шынтақ граната және т.б. салынған сөмкеге тіреледі).

Тұрып, тізерлеп тұру және отыру жағдайына орнығу реті мен әдістемесі жату жағдайына орнығуға ұқсас.



Көздеу. Дәл көздеу мерген атуда өте маңызды. Осы сұрақ бойынша үйренуде нақты дағдылану үшін жауынгерлерді жарақтау мен жарақсыздандыруға үйретумен қатар бастап, олармен ату жаттығуларын жүргізу қажет.

Көздеуге үйретудің шамалап алғандағы реттілігі:

- жетекші көзді анықтау;

- тегіс қарауылға алуға үйрену;

- қаруды станоктан нысанаға алуға үйрену;

- көздеу дұрыстығын тексерумен жатып көздеуге үйрену (отоскоп және өзге оқу аспаптары арқылы).

Көздеу, әдетте, бір көзбен көзделеді. Осыған байланысты мынадай сұрақ туындайды: қай көзбен көздеу керек? Әдетте оң көзбен көздеуге үйретеді. Бірақ көздейтін көзді таңдау жетекші көзді анықтау жолымен шешіледі.

Жетекші көзді анықтағаннан кейін бір көзді жұмып (жетекші емес) көздеуге жаттығуларына мүмкіндік беру қажет. Қандай да бір студент қандай да бір себептермен көзді (жетекші емес) жұмып көздей алмайтын жағдай-ларда, оған екі көзін ашып көздеуге рұқсат етуге болады.

Көздеу рет ретімен орындалатын екі әрекеттен тұрады – тегіс қарауылға алу және оны көздеу нүктесімен дәлденеді.

Бастапқыда жетекші көрнекі қарауылдың қандай бөлігі қарудың көздеу құрылғысының қандай бөлігін білдіретінін түсіндіреді және көрсетеді. Түсінікті түрде түсіндіргеніне көз жеткізіп, жетекші көрсеткіш қарауылда тегіс қарауылға қойып, көздеу тақташасының ойығына қарағанда қарауыл қандай қалыпта болатынын әр студентке кезекпен көрсетеді. Барлық үйренушілер тегіс қарауылға алуды көргеннен кейін, жетекші түсіндіреді (мысалдап): «Сіздер қарауылдың көздеу тақташасының ойығымен дәл келгенін, ал қарауыл төбесі ойықтың жоғары шетінде тұрғанын көрдіңіздер. Сіздер тегіс қарауылға алуға үйренесіздер».

Осындай көрсетуді ол станокта бекітілген қарудан да көрсетеді. Содан кейін жетекші көрнекі қарауылдарды үш-төрт студентке бір-бірден таратады және әр топтағы студенттердің біреуіне тегіс қарауылға алуды көрсетуді бұйырады; қателері болса, мұндай қателіктің неге әкеп соғатынын түсіндіреді.

Тегіс қарауылды айна көмегімен де қоюға болады. Студентпен бірге айнаға жақындап, жетекші тұрып тұру жағдайына орнығуды бұйырады. Айнаның сол жағына тұрып, жетекші оң қолымен студенттің қаруын төменнен ұңғының ауыз жағынан алып, және айнада қарауыл мен ойықтың кескінін бақылап, тегіс қарауылды қояды. Қаруды келтірілген жағдайда ұстап тұрып, ол студентке қарауылға қарап, оның көздеу тақташасының ойығына қарағанда қандай жағдайда болу керектігін есте сақтауды бұйырады. Содан соң қаруды бастапқы қалыпқа келтіріп, жетекші студентке өз бетімен тегіс қарауылға алуды бұйырады. Студент қимылдарының кемшіліктерін көрсетіп, жетекші үйретуді жалғастырады.

Қаруды бағыттау кезінде тұрақты жағдайға келтіру үшін көздеу станоктарын қолданған жөн. Диафрагмасы белгіленген автоматты жетекші станоктан 10-15 метр алшақта қойылған нысанаға (диаметрі 3-5 см қара дөңгелек) көздейді. Содан соң студенттерге бұл кезде көздеу тақташасының ойығына қарағанда емес, көздеу нүктесіне қарағандағы қарауылдың дұрыс жағдайын қарап, есте сақтауды бұйырады. Келтіруді бұзып, жетекші үйренушілерге кезекпен қаруды нысанаға келтіруді бұйырады. Келтіру диафрагма көмегімен дұрыс келтірілгеніне көз жеткізгеннен кейін ол ашық көздеумен қысқа қашықтықта станоктан келтіруге үйретуге көшеді. Диафраг-ма тек бақылау үшін қолданылады, жетекші диафрагма арқылы тегіс қа-рауылға қойып, қайырма тақтайшаны көтеріп, үйренушіге қаруды нысанаға келтіруді және оны станогта бекітуді бұйырады. Жетекші содан кейін қайырма тақтайшаны бұрынғы жағдайға қойып, келтірудің дұрыстығын тексереді.

Студенттерді қысқа қашықтықта станогтан келтіруге үйреткеннен кейін жетекші ақиқат қашықтықта келтіруге үйретуге кіріседі. Оқыту әдістемесі бұл кезде алдыңғыға ұқсас болады.

Кейінде қаруды нысанаға келтіру біркелкі көздеуге дағдылануда қолданылады. Жетекші қаруды көздеу станогына бекітуді, ал одан 10 метр (20 метр) жерде таза қағаз беті бар қайырмалы экранды орнатуды бұйырады. Қару және қайырмалы экран жармасында ақиқат қашықтықта нысана қойылады. Экранда қаламды көрсеткішпен және өткір ұшталған қарындашпен студент белгіленеді. Жетекші экран терезесі арқылы қаруды нысанаға келтіреді, қаруды келтіруді бұзбай, көрсеткіш арқылы экранда келтіру нүктесін белгілеуді бұйырады. Осылай үш белгі жасалады. Осы белгілер бойынша жетекші бақылау нүктесін анықтайды, және келтіруді бұзып, үйренушіге нысанаға үш рет көздеуді ұсынады. Әр көздеу нәтижесі экранда белгіленеді. Алынған нүктелер бойынша жетекші келтіру нәтижелерін бағалайды. Экранды 10 метр алшақтықта орнату кезінде көздеудің біркелкілігі, егер барлық үш белгі диаметрі 3 мм шеңберге сыйса, «үздік» деп бағаланады; «жақсы» - диаметрі 5 мм шеңберге; «қанағаттанарлық» - диаметрі 10 мм шеңберге; «қанағаттанарлықсыз» - келтіру белгілері диаметрі 10 мм шеңберге сыймаса.

Мұндай дайындықтан кейін жетекші атуға дайындық және орнығуды үйлестіре отырып, студенттерді көздеуге үйретуге кіріседі. Жатып қолмен атуға дайындалып, жетекші біріншіден орныққаннан кейін олардың қару бағытталған, көздеу сызығына қарауға тиіс екендерін көрсетеді және түсіндіреді. Егер ол нысанадан басқа жаққа бағытталған болса, онда нысанаға келтіру үшін шынтақтарды қозғамай, барлық денені өзгерту қажет. Көрсетуді аяқтап, жетекші «Жатып – оқта» пәрменін береді және қаруды нысанаға келтіруді бұйырады. Біріншіден үйренушілер тегіс қарауылға алынған қаруды, биіктігіне қарай дәлдікті назарға алусыз, дене корпусын оңға немесе солға ауыстыру жолымен жанға қарай нысанаға келтіреді. Содан кейін жетекші биіктік бойынша келтіруге үйретеді. Барлық үйренушілер қысқа қашықтықта дұрыс көздегендеріне көз жеткізіп, жетекші ақиқат қашықтықта үйретуге кіріседі, онда ол бақылау үшін оптикалық әмбебап ортоскопты пайдаланады. Жетекші үйренушілердің дұрыс көздегеніне көз жеткізсе, ол студенттерді шүріппені ағытуға үйретуге кіріседі.



Ағытқыш ілмекті басу. Көздеу және ағытқыш ілмекті басу кезінде қозғалмауы керек. Егер ату кезінде еркін демалса, онда қару тербеледі: демалғанда ұңғы төменге, ал дем шығарғанда – жоғарыға ауытқиды.

Үйренушілер көздеу кезінде дем алмау қажеттілігіне көрнекі түрде көз жеткізуі үшін, жетекші оларға жатып атуға дайындалып, қандай да бір нүктені көздеп, бірнеше терең демалуға және демалмауға, оған қоса ұңғының ауыз жағының көздеу нүктесіне қарағанда қозғалысын бақылауды бұйырады.

Ату кезінде ағытқыш ілмекті басу бірден бір маңызды және жауапты сәттердің бірі болып табылады. Ағытқыш ілмекті басу кезіндегі бастысы – ағытқыш ілмекті жайлап баса білу. Басу қарудың көздеуге келтіру жағдайы бұзылмайтында етіп жай баппен басу қажет. Ағытқыш ілмекті аса абайлық-пен, сондай-ақ айтарлықтай сенімсіз басу ату дәлдігін төмендетеді. Ағытқыш ілмекке басу кезінде қару жағдайы өзгермес үшін, тегіс қарауылға алып, демді ішке тартып, оны көздеу нүктесіне дәлдеу қажет, осымен бір мезетте, шүріппе ұрыстық қайтармадан байқатпай ағытылғанша (өздігімен сияқты), яғни атыс болғанша, ағытқыш ілмек жай және біркелкі басылады. Үйрету кезінде біріншіден, ағытқыш ілмекке сұқ саусақтың бірінші буыны қойыла-тынын және ілмекке жай және тіке артқа басу керектігі көрсетіледі және түсіндіріледі. Егер ағытқыш ілмекке сұқ саусақтың екінші буынын қойса, онда солға артқа басылатын болады, соның салдарынан қару да солға ығысады.

Ағытқыш ілмекке жай басуды жетекші былайша көрсете алады. Кезекті үйренушіге сұқ саусақты ағытқыш ілмекке дұрыс қоюды бұйырып, жетекші өз саусағын үйренушінің саусағының үстіне қойып, ағытқыш ілмекті шүріппе ұрыстық қайырмадан ағытылғанша жай басады. Мұндай көрсетуді жетекші студент басу күші мен жай басуды сезінгенінше бірнеше рет қайталанады.

Бұдан кейін ағытқыш ілмекке басуды үйрену көздеу және демді ішке тартумен бірге жалғастырылады. Жетекші, егер студенттер бұған дейін атудың жекелеген тәсілдерін (көздеу, демді ішке тарту және ағытқыш ілмекті басу) орындаған болса, онда оларды осы барлық тәсілдерді бір уақытта орындауға үйрету керектігін есте сақтауы қажет.

Басында студенттерді демді ішке тартып, көздеу нүктесін белгілеусіз тегіс қарауылды ұстап тұрумен бірге ағытқыш ілмекке жай басуға үйретіп, содан кейін ағытқыш ілмекті басуға және көздеудің белгіленген нүктесінде тегіс қарауылды ұстауды үйретуге көшкен жөн. Үйретуді оқу-жаттығулық нысаналар бойынша қысқа қашықтықта бастаған жөн.

Студенттердің осы тәсілдерді дұрыс орындағандарына көз жеткізіп, жетекші осындай әрекеттермен, бірақ нысаналарға ақиқат қашықтықтарда көздеуге үйретуге кіріседі.

Көздеу, демді ішке тарту және ағытқыш ілмекті басуды бір уақытта тексеру мүмкін еместігін назардан тыс қалдырмау қажет. Сондықтан қандай да бір тәсілді тексерген жөн. Бұл кезде студент аталмыш сәтте қандай тәсіл тексерілетінін білмеуі қажет.



Атыс кезінде қаруды ұстап тұру. Ағытқыш ілмекті жай басуды пысықтап, жетекші студенттерді белгілі қашықтықты түйдектермен қарудан атыс жүргізуді үйретуге тиіс. Ол үшін жетекші атысқа дайын тұрған, студенттің оң жағына орналасып, бекітпе рамасын кейін тартып, өзінің саусағын үйренушінің сұқ саусағына қойып, ағытқыш ілмекке қалай жай басу керектігін, сондай-ақ басу ұзақтығын көрсетеді.

Бұл сұрақтың меңгерілгеніне көз жеткізіп, жетекші ату кезінде қаруды ұстап тұру әдісін көрсетуге кіріседі. Ол қаруды дұрыс ұстап тұру кезінде күштеу барлық кезек бойы өзгеріссіз болу керектігін түсіндіреді. Барлық үйренушілерді тексеріп, жетекші жаттығу арқылы оларды ату кезінде автоматты ұстап тұруға дағдыландырады.

Автоматтан атыс әртүрлі жағдайларда және нысана көрінетін немесе қарсыластың пайда болуы күтілетін төңірекке қарай кез-келген жерден жүргізілуі мүмкін.

Жаяу тәртіпте орыннан атыс жүргізу кезінде автоматшы ату үшін тұрып, тізерлей немесе жатып ату жағдайын қабылдайды (жергілікті жер жағдайы мен қарсылас атысына байланысты). Қозғалыста автоматшы жүріп келе жатып және қысқа аялдама жасау арқылы атыс жүргізе алады.

Атуға белгіленген орынды иемдену үшін шамамен мынадай пәрмен беріледі: «Бәленбай (автоматшы) ату орны сонда — ұрысқа!» Автоматшы бұл пәрмен бойынша ату орнына орналасады да, атуға оңтайланады.

Атыс орнын ауыстыру үшін: «Бәленбай (автоматшы), анау жерге жүгіріп өт - алға!» — деген пәрмен беріледі. Автоматшы бұл пәрмен бойынша жаңа орынға жылжу жолын, аялдама үшін тасалау жерлерді және жылжу әдісін белгілеп алады, егер ол пәрмен бойынша көрсетілмесе.

Жергілікті жер жағдайы мен ерекшелігіне байланысты автоматшы жүгіріп, шапшаңдатылған адыммен жүгіре өтуімен немесе жер бауырлай жылжиды. Жылжу алдында автоматтың ауыстырғышын жоғары көтеріп қояды.

Жүгіріп, шапшаңдатылған адыммен қозғалуда және жүгіріп өтуде автомат бір немесе екі қолмен ұсталынады.

Жер бауырлап жылжығанда автомат оң қолмен жоғарғы антабкадағы баудан немесе құндақтан ұсталынады

Автоматшы атыс тапсырмаларын табысты орындау үшін автоматтан ату тәсілдерін жетік меңгеруі тиіс.

Әрбір автоматшы ату тәсілдерін орындаудың жалпы ережелерін жетекшілікке және өзінің жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, ату үшін мейлінше ыңғайлы және тұрақты орын алып, басы, қол-аяғы мен денесі үшін бірыңғай жағдай жасауы қажет.

Автоматшының дене ерекшеліктеріне байланысты атысты сол иықтан жүргізуге және ашық көздерімен көздеуге рұқсат беріледі.

Автоматтан ату атуға оңтайланудан, атуды жүргізуден және атысты тоқтатудан құралады.

Автоматшы атуға пәрмен бойынша немесе өз бетімен дайындалады. Жаттығу сабақтарында атуға дайындалу үшін пәрмен бөлек бөлек берілуі мүмкін, мысалы: «Атыс шебіне қарай, алға» және содан кейін «Оқта».

Атуға дайындық атыс жағдайына келу және автоматты оқтаудан тұрады.

Атыс үшін жағдай қабылдау үшін қажет:

а) Оң қолды бауынан біршама жоғары көтеріп, автомат иықтан ала отырып, оны сол қолмен ағытқыш тұтқадан және ұңғы жағынан ұсталады, содан соң автомат оң қолмен ұңғы құндағымен алға және сәл оңға алынады. Алға еңкейіп, сол тізеге отырып, сол қол алға қарай – саусақтарымен алға жерге қойылады; содан кейін сол аяқ бөксесіне және сол қол иығына тірей отырып, сол жақ бүйірге жатады және аяқтарын екі жаққа сермеп тез ішпен жата қалады; автомат құндағынан сол қол алақанына қойылады;

б) Автоматты «кеудеге» жағдайында ұстау үшін - сол қолмен құндағы-ның астынан және ұңғы жабқышына ұстап, оны біраз алға, жоғары қарай көтеріңкірейді де, оң қолды автомат бауының астынан шығарады, содан соң бауды бастан асыра тастайды да, оң қолға автоматты ұңғы бастырмасынан және құндақтан алады. Бұдан кейін жатып ату жағдайы автоматты «белдікке» жағдайы сияқты қабылданады.

в) Тізерлеп тұрып атуға орналасу үшін автоматты ұңғы жабқышынан және аузы алдыңғы жаққа қаратылған құндағынан ұстап, осымен бір уақытта оң аяқты артқа жібереді де, оң жақ тіземен тізерлеп өкшеге отырады; осы кезде сол аяқтың балтыры тік күйінде қалып, жамбас тура бұрышқа шамалас жақын болу керек, автоматты құндағымен сол қолға ауыстырып, нысанаға қарай бағыттайды.

г) Тұрып ату қалпын қабылдау үшін:

- егер автомат «белдікке» қалпында болса, онда нысана бағытына катысты оңға жартылай бұрылу керек, сол аяқты баспай жатып, оны иық деңгейінде жылжытып, автоматшыға ыңғайлы калыпқа келтіреді, осы қалыпта дене салмағы екі аяққа тең түседі. Бір мезгілде оң қолымен бауды сәл көтере ұстап, автоматты иықтан алады да, сол қолымен құндақ пен ұңғы жапқышынан ұстап, ауызғы бөлігін алға нысана жаққа тез бағыттау қажет;

- егер автомат «кеудеге» қалпында болса, онда автоматтың құндағынан және ұңғы жапқышынан сол қолмен ұстап, біршама көтере отырып, баудан оң қолды босатады да, басынан асыра лақтырады. Сонымен бір мезілде оңға жартылай бұрылу керек, сол аяқты баспай тұрып, оны сол иық деңгейінде жылжытып автоматшыға ыңғайлы қалыпқа тұрады, автоматты қарқынды түрде ұңғы жағымен алға, нысанаға қаратып ұстайды.

д) Қозғалыста ату жағдайын қабылдау кезінде тұрып атудың барлық талаптарын орындау қажет, сонымен қатар қару нысаналар пайда болғанда пайдалану үшін үнемі дайын болуы керек.


4.2.2 Атыс орнын таңдау, оған орналасу және оны жабдықтау

Ұрыс жағдайларында ату орнына автоматшы бөлімше командирінің пәрменімен немесе өз бетімен орналасады және жабдықтайды. Ату орнына орналасу пәрменінде командир жабдықтауға берілетін уақытты, ату жағдайын, ату секторын және ату бағытын анықтауы мүмкін.

Автоматтан ату үшін жақсы көрінетін және атуға ыңғайлы, автоматшыны барлаушы мен қарсылас атысынан жасыратын және ату тәсілдерін орындауға ыңғайлы орын таңдауы керек.

Жағдайға байланысты ату орны траншеяда, оқпанада, орда, тас, томарша артынан және т.б. таңдалады. Елді мекенде ату орны ретінде ғимарат терезесінде, шатырда, құрылыс іргетасында болуы мүмкін.

Атыс орнын жеке көрінетін орындар жанында, сонымен бірге төбелер дөңестерінде таңдауға болмайды.

Атыс алдын алдын ала дайындаған кезде артқы секторда немесе бағытта ату мүмкіндігін тексеру қажет, ол үшін автоматты төңіректегі әртүрлі заттарға көздеу керек. Автоматтан ату ыңғайлығы мен оның тиімділігін жоғарылату үшін сабына тіреп, ал мүмкін болмаған жағдайда шынтаққа немесе орға тіреу қажет.



Автоматтан атуды тоқтату уақытша және толық болуы мүмкін.

Атысты уақытша тоқтату үшін «Тоқтат», ал қозғалыста ату кезінде – «Атысты тоқтат» пәрмендері беріледі.

Осы пәрмендер бойынша автоматшы ағытқыш ілмекке басуын тоқтатып, автоматты сақтандырғышқа қояды және керек болса оқжатарды ауыстырады.

Оқжатарды ауыстыру үшін:

- оқжатарды автоматтан бөліп алып;

- жарақталған оқжатарды салу қажет.

Егер оқжатарда барлық патрондар шығындалған болса, онда жарақталған оқжатарды автоматқа салғаннан кейін автоматты сақтандырғыштан алып, бекітпе рамасын тұтқасынан кейін қарай тірелгенше тартып, оны жіберіп, автоматты қайта сақтандырғышқа қою керек.

«Тоқтат» немесе «Атысты тоқтат» пәрмендерінен кейін атысты толық тоқтату үшін «Оғын ал» пәрмені беріледі. Осы пәрмен бойынша автоматшы автоматты сақтандырғышқа қойып, «П» немесе «0» көздеуішін қойып, автоматтың оғын алады. Жатып ату кезінде құндақ жерге түсіріледі, автоматтың ауыз бөлігін сол қолдың иығына қояды және бұдан кейін жағдайға қарай әрекет етеді.



Автоматтың оғын алу үшін:

- оқжатар бөлектенеді;

- автомат сақтандырғыштан алынады;

- бекітпе рамасын тұтқасынан жайлап кейін тартып, оқсауыттан патронды алып, бекітпе рамасын жіберіледі;

- шүріппе ұрыстық қайырмадан босатылады;

- автомат сақтандырғышқа қойылады, автомат «белдікке» салынады, егер ату тұрып ату жағдайында орындалса, немесе жерге қойылады, егер ату жатып ату жағдайында жүргізілсе;

- оқжатардан патрондар алынады және автоматқа қосылады;

- оқсауыттан алынған патрондар жиналады.

Тұру үшін екі қолды кеуде деңгейіне қойып, автоматты оң қолымен құндағы мен ұңғы бастырмасынан ұстап, осымен бір уақытта қолды дереу түзей отырып екі аяқты қосып, кеудені жерден көтеріп, оң (сол) аяқты алға қойып, тез тұру қажет және қажет болса қозғалысын бастайды.

Оғын алғаннан кейін, егер қажет болса, командир «Қару – қарауға» пәрменін береді. Бұл пәрмен бойынша жатқан жағдайында: оқжатар алынып осы автоматтың жанына өңешін өзіне қаратып қояды, автоматты сақтандырғыштан босатып, бекітпе жақтауын артқа тартып автоматты біршама солға бұрады; командир оқсауыт пен оқжатарды қарағаннан кейін бекітпе рамасы алға жіберіледі, шүріппе ұрыстық қайырмадан босатылады, автомат сақтандырғышқа қойылады және автоматқа оқжатар қосылады.



Түрегеп тұрғанда: автомат сол қолмен төменнен құндағынан ұстап тұрып, оң қолмен оқжатар ажыратып алынады, оны дөңес жағымен сыртқа қаратып, бергішін жоғары беріп (шығыңқы жағымен өзінен) сол қолға ауыстырады, сол қолдың саусақтарымен оқжатарды автоматтың құндағына қысып, одан соң автоматты сақтандырғыштан босатады, бекітпе жақтауын кері тартып автоматты біршама солға бұрады.

Командир оқсауыт пен оқжатарды қарағаннан кейін бекітпе рамасы алға жіберіледі, шүріппе ұрыстық қайырмадан босатылады, автомат сақтандырғышқа қойылады және автоматқа оқжатар қосылып, автомат «белдікке» күйіне алынады.

Тапаншадан атуды тоқтату уақытша және толық болуы мүмкін.

Атысты уақытша тоқтату үшін «Тоқтат» пәрмені беріледі. Осы пәрмен бойынша атушы ағытқыш ілмекті басуын тоқтатады; тапаншаны оң қолында ұстап тұрып, осы қолдың бас бармағымен сақтандырғыш жалаушасын жоғары көтереді, қызыл шеңбер жабылуы тиіс (сақтандырғышқа қою) және егер қажет болса тапаншаны қайта оқтайды.



Тапаншаны қайта оқтау үшін:

- тапанша тұтқасының негіздемесінен оқжатар ажыратып алынады;

- жарақталған оқжатарды тұтқа негіздемесіне салынады;

- егер ату керек болса, сақтандырғыш қосылады (жалауша төменге түсіріледі) және де егер ату шүріппені алдын ала қосумен жүргізілетін болса, шүріппе ұрыстық қайтармаға қойылады. (Егер қайта оқтау алдында барлық патрондар шығындалған болса, бекітпені кейін тартып, оны жіберу қажет).

Атысты толық тоқтату үшін «Оғынан ал» пәрмені беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет