А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология



Pdf көрінісі
бет20/89
Дата31.01.2024
өлшемі2.9 Mb.
#490380
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   89
2 Жалпы геология (1)

 
Бақылау сұрақтар 
1. Тау жыныс дегеніміз не? 
2. Құрылымға, түзілімге анықтама берініз. 
3. Пайда болу жолына қарай тау жыныстар қандай түрлерге бөлінеді? 
4. Неге интрузивті тау жыныстарда көбінесе қандай түзілімі болады?
5. Афанитті құрылым болған кезінде нені анықтауға қиын болады?
6. Шөгінді тау жыныстар арасында генетикалық типтері бойынша 
қандай топтарды ажыратады?
7. Метаморфизм дегеніміз не?
8. Метаморфизмнің факторларын атаныз.
1.6. Экзогенді геологиялық үрдістер 
Геологиялық үрдіс дегніміз физикалық-химиялық үрдістерді айтамыз, 
олар Жердің ішкі қойнауында немесе оның беткейінде өтеді жəне оның 
тереңдік құрылысының, бедердің, құрылысын, құрамын өзгертеді. [4; 11]
Барлық геологиялық үрдістерді екі топқа бөледі – эндогенді жəне 
экзогенді. Осы үрдістерді пайда болу орнына жəне көз энергиясы бойынша 
бөледі.
Барлық экзогенді үрдістерге олардың қызметінде үш ерекшілктері 
жатады: аккумуляция, үгілу, денудация. Басты рөлді экзогенді үрдістерде 
денудация атқарады. Денудация гравитациялық күштер арқылы кесектерді 
орнын ауыстыруымен негізделеді. Біріншіден бұзылу сатысы жүреді, кейін 
тасмалдау сатысы өтеді жəне седиментациямен (шөгінді жиналу) аяқталады.
Шөгінділер жиналуы жалғаса берсе онда диагенез үрдісі басталады. 
Диагенез – цементтелу, тығыздалу, дегидратацияның нəтижесінде
борпылдақ жыныстар қатты жыныстарға айналуы. Мысалы, карбонатты 
шөгінділерден ізбестас пайда болады, құмнан – құмтас, саздан – сазтас. 
1.6.1. Тау жыныстардың үгілуі 
Күннің, температуралардың ауытқулардың, судың, газдардың – оттек 
пен көмірқышқылдың химиялық əрекет етудің, тірі ағзалардың жəне олардың 
ыдырау өнімдерінің биохимиялық əрекет етудің нəтижесінде жыныстардың 
бұзылуы мен өзгеруі тау жыныстардың үгілуі деп аталады. Оның келесі 
түрлерін ажыратады: 1) физикалық; 2) химиялық; 3) органикалық. 


40 
Физикалық (механикалық) үгілу температураның ауытқудың 
нəтижесінде жəне жыныстардың химиялық құрамы өзгеріссіз жүреді (2 
сурет). 
Органикалық үгілу ағзалардың əрекеті арқылы жүреді. 
Химиялық үгілу судың, будын əрекет етуімен тотығу, гидротация, 
гидролиз, еру арқылы тау жыныстардың бұзылуы мен өзеруі анықталады. 
Химиялық үгілуге мысалдар:
Еру – үгілудің қарапайым реакциясы, ол минералдардың еруінде 
қарастырылады. Судың молекуласы ионды байланысы бұзылған кезінде 
тиімді.Мысалы, галитте натрий Na

иондарымен хлор Cl иондарының 
байланысы. 
Галиттің еруін келесідей көрсетуге болады:
Н
2
О
NaCl
(қат)
↔Na
+
(су)
+Cl
(су)
Тотығу. Бос оттек заттардың ыдырауында қайта қалпына келуі кезінде 
маңызды рол атқарады. Мысалы, қарапайым сульфидте қайта қалпына келген 
темір Fe
2+
мен күкірттің S тотығуы, яғни пириттің FeS
2
қатты күкірт 
қышқылының Н
2


пайда болуына əкеледі.
2FeS
2(қ)
+7.5O
(г)+
7H
2
O→ 2Fe(OH)
3(қ)
+4H
2
SO
4(су)
Өз орынында (бастапқы жыныстардың үстінде) пайда болған үгілудің 
өнімдері элювий деп аталады; ауырлық күштер, сулар арқылы орнын 
ауыстырып таулардың, су айрықтардың баурайларында жиналса, олар 
делювий (коллювий – аязды аймақтарда пайда болады) деп аталады; осы 
өнімдер таулардың, су айрықтардың түбінде жиналса, онда олар пролювий 
деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет