108
3. Қимада жыныстардың жатыс бұрыштарын салады, осы бұрыштар
арқылы қатарлардың қанаттары құрастырылады.
4. Қатпарлардың құлыбының пішінің қимада көрсету үшін,
оларың
картада тұйықталу пішініне бағдарлану керек.
5. Карта бойынша қималарды құрастырған кезде қатпарлардың осьтік
жазықтарын есепке алу керек.
2.6. Тау құбылнаманың құрылысы
Жұмыстың мақсаты: тау құбылнамамен танысу, оның құрылысын
зерттеу.
Көбінесе тау құбылнаманы тік бұрышты тақташада орналастырады (24
сурет). Лимб 0°-тан 360°-қа дейін бөлінген, сағат тілінің қозғалғанына қарсы
бағытталған. 0° белгінің
қасында С əріпі көрсетілген (солтүстік),
90° қасында
В əріпі (шығыс), 180° қасында Ю (
О) əріп көрсетілген
(оңтүстік), 270° З (
Б) əріп (батыс). С (солтүстік) жəне Ю (оңтүстік) тау
құбылнаманың қысқы жағына қарсы орналастырылған; В (шығыс) жəне 3
(баты) - ұзын жағына қарсы. Тау құбылнаманың
ортасында тік ось
орналасқан, оның айналасында магниттік тілі айналады. Магниттік тілінің
қара жағы (көк) солтүстікті көрсетеді, ал ашық (қызыл) оңтүстікті көрсетеді.
Арртетир арқылы магниттік тілі жоғары көтеріледі, осы кезде ол шыныға
жабысады жəне
істен шығарылады, жəне керісінше төмен түсірілгенде
магниттік тілі іске кіргізіледі. Магнититтік тілі мен лимб арқылы əртүрлі
бағыттардың азимуттарын жəне қабаттардың созылу мен құлау азимуттарын
анықтайды. Тау құбылнаманың екінші бөлігі клинометр жəне жартылай
лимб, ода екі жаққа 0°-ден 90°-ға дейін бөлінеді. Клинометр жəне жартылай
лимб арқылы қабаттың құлау бұрышын анықтайды.
24 сурет. Тау құбылнаманың құрылысы
1-тақташа, 2- лимб, 3-бұрыш өлшегіші (клинометр), 4- винт, 5-
магнитті тілі, 6-шынысы, 7- арретир, 8- лимбтың жартысы
109
Тау
құбыланама
географиялық
құбалнамадан
белгілі
бір
ерекішліктерімен ажыратылады, олар жұмысты жеңілдетеді. Осы
ерекшіліктер келесі:
1. Көбінесе тау құбылнамасы тік бұрышты тақташада орналасады, осы
кезде оның ұзын жақтсары С-О (Ю) осьтеріне параллелді болады.
2. Кұбылнаманың лимбінде 0 (С) ден 360° дейін сағат тілінін жүрсіне
қарама қарсы бөлінген, яғни батыс пен шығыстың орындары ауысқан.
3. Бұрыштарды өлшеу үшін, тау құбылнамада арнайы өлшегіш бар
(клинометр) жəне жартылай лимб. Осы лимбтың ортасында 0° белгісі
орналасады, одан жан-жаққа 90° дейін бөлінген.
Клинометр тау
құбылнаманы тік ұстаған кезде жəне винт басылған кезде бос жылжиды.
4. Тау құбылнаманы қатаң көлденең жағдайда ұстау үшін, арнайы
деңгей арқылы тексереміз.
5. Солтүстік магниттік тілі əрқашанда солтүстік магнитті полюске
бағдарланады, ал азимуттер солтүстік географиялық полюстен саналады.
Осы айырмашылықтарды жою үшін, көпшілік тау құбылнамалардың
түрлерінде түзетулер енгізілген.
Достарыңызбен бөлісу: