А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология


 Минералдардың механикалық қасиеті



Pdf көрінісі
бет13/89
Дата31.01.2024
өлшемі2.9 Mb.
#490380
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   89
2 Жалпы геология (1)

1.4.2. Минералдардың механикалық қасиеті 
 
Сынғыштық минералдың сынған беткейімен анықталады. Ол 
бақалшының ойлы-қырлы беткейін еске алады – бақалшы сынғыштық
білгісіз тегіс емес сипатта болса – тегіс емес сынғыштық деп аталады. Ұсақ 


28 
түйіршікті агрегаттарда жеке минералды түйіршіктердің сынғыштығы 
анықталмайды; осы кезде агрегаттың сынғыштығын сипаттайды – 
түйіршкітітікенді, немесе инетəріздітопырақты.
Жымдастық – кристаллды минералдардың тегіс жазықтықтары –
жамдастық жазықтықтары бойынша бөліну қасиеті, минералдың 
кристаллдық құрылысында бөлшектердің бір-біріне тұтасуы төмен 
бағыттарына сəйкес болады. Жазықтықтар бойынша нақыстар қалай оңай 
қалыптасуына байланысты, жымдастық келесі түрлеге ажыратылады: аса 
жетілген – минерал жеңіл жіңішке пластиналарға бөлінеді; жетілген – 
белгілі бір күштін əсерінен жымдастық жазықтықтары бойнша минерал 
сынады; орташа – соққан кезде минерал жазықтықтар жəне тегіз емес 
сынғыштығы бойынша сынады; жетілмеген жымдастық – тегіс емес 
сынғыштықтын айналасында кейде ғана жызықтықтар бойынша нақыстар 
пайда болады; аса жетілмеген – əрқашанда тегіс емес немесе бақалшы 
сынғыштық пайда болады. Жымдастық бір, екі, үш, сирек төрт жəне алты 
бағыттарда болады. Минералдың тегіс жазық беткейінен жымдастықты 
ажырата білу керек. Жымдастықты минералдың жаңадан сыңған жерінде 
анықтау керек. Тығыз, топырақты, ұңтақты жəне талшықты минералдарды 
жымдастық анықталмайды. Құрылысы түйіршікті минералдарда жымдастық 
əрбір түйіршікте жеке анықталады.
Қаттылық – сыртқы механикалық күштерге қарсыласу дəрежесі – 
минералдың ең маңызды қасиеті. Көбінесе минералогияда салыстырмалы 
қаттылық зерттелген минералдың беткейінен эталонды минералмен сызу 
арқылы анықталады. Геологияда қабылданған Моос қаттылық шкаласы он 
эталонды минералдарды енгізеді, олар минералдардың қаттылығы жоғарлану 
реттілігмен орналасқан: тальк – қаттылығы 1, гипс – 2, кальцит – 3, 
флюорит – 4, апатит – 5, ортоклаз – 6, кварц – 7, топаз – 8, корунд – 9, 
алмаз – 10. Далалық жағдайда минералдың қаттылықтарын анықтау үшін, 
минерал-эталон қаттылқтарына жақын, кейбір таралған заттармен қолдануға 
болады. Осылай, 1 қаттылығымен жұмсақ қарындаштың графиті сəйкес 
келеді; шамамен 2-2,5 – тырнақ; 4 – темір шеге; 5,5-6 – болатты пышақ, ине. 
Минералдың қаттылығын анықтау үшін таза бөліктерді таңдау керек 
(құрамында басқа минералдар болуы мүмкін). Зерттеуден кейін үлгінің 
беткейінен ұңтақты өшіру керек жəне үлгіде сызық қалмағанын тексеру 
керек, кейде сызықтың орынында тексерген заттың ұңтақтары қалуы мүмкін.
Тығыздық. Əр минералға шамамен тұрақты тығыздық сипатты. Осы 
бойынша минералдар жеңіл жəне ауыр түрлерге бөлінеді. Минералдарды 
макроскопиялық зерттеу кезінде алақанда қарапайым өлшеуімен 
тығыздықты анықтау маңызды болып келеді жəне минералды жеңіл тобына 
– тығыздығы 2,5 г/см
3
дейін, орташа – 4-ке дейін, ауыр – 4-6, аса ауыр 
минералдар – тығыздығы 6 г/см
3
жоғары болады. Минералдардың құрамына 
ауыр металлдар болса, олардың тығыздығы жоғары болып келеді жəне 
маңызды белгі болып саналады. 


29 
 
Созылымдығы жəне нəзіктілігі. Созылымды минералдар балғамен 
соққан кезде жалпаяды жəне шеттерінен домлақтанады, ал нəзік минералдар 
балғамен соққан кезде ұсақ кесектерге бөлініп қалады. Нəзік минералдарды 
пышақпен сызған кезде ұңтақ пайда болады, ал созылымды минералдарды 
сызған кезде ұңтақ пайда болмайды жəне беткейінде жылтыр із қалады. 
Бейметаллды жылтырлыққа ие минералдардың арасында нəзік, шашырап 
кететін, жəне тұтқырлы түрлерін көруге болады. 
Магниттілік. Минералдардың магниттілігін анықтау үшін магнитті 
тілшені қолданады, ал далалық жағдайда – тау құбылнаманың тілшесі 
немесе магнит арқылы тексеріледі. Магниттілік қасиетке ие минералдарға 
магнитті тілшені жақындатқан кезінде, ол оны өзіне тартады немесе кері 
итереді. [2; 3]



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет