А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология


Геологиялық карталардағы шартты белгілер



Pdf көрінісі
бет36/89
Дата31.01.2024
өлшемі2.9 Mb.
#490380
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   89
2 Жалпы геология (1)

Геологиялық карталардағы шартты белгілер
1) 1 : 200 000 жəне 1 : 50 000; 1 : 25 000 масштабтағы карталардың 
нұсқамалықтарына сай геологиялық карталар жəне басқа геологиялық 
графикалары безендіреледі. 
2) Түсті 
белгілер 
стратифицирленген 
шөгінді, 
жанартаулық, 
метаморфты жыныстардың жасын, сондай-ақ жаңа (неогендік пен төрттік) 
жанартаулық жəне интрузивті жыныстардың құрамын белгілеу үшін 
қолданады. 
3) Жүйе белгілі бір түспен жəне əріптік индекспен белгіленеді, бөлшік 
бөлімшелер (бөлім, ярус) тиісті жүйенің түсімен боялынады. Көне 
бөлімшелер тиісті түстін қою түсіне ие болады, жас – осы түстің ашық 
реңкетрі болады. Мысалы, борлық жүйенің төмеңгі бөлімі жасыл түспен 
боялынады, ал борлық жүйенің жоғары бөлімі – осы жасыл түстің ашық 
реңкімен боялынады. 
4) 9-шы кестеде берілген түстерімен магмалық жыныстар боялынады.


66 
9 кесте 
 
Жыныстар
Құрамы
Түсі
Интрузивті
Қышқыл
Қызыл
Сілтілі
Қызыл-қызғылт сары
Орта
Жасыл
Негізгі
Көк
Аса негізгі
Күлгін
Жаңа эффузивті
Қышқыл
Қызғылт сары 
Орта жəне негізгі 
Жасыл
5) Стратификацияланған шөгінділерге басында жүйенің атауы 
жазылады. Олар латын алфавитінің басты əріпімен белгіленеді, мысалы 
таскөмірлік жүйе - С. Бөлім арап санымен белгіленеді, ол жүйе индексінің 
астында сол жағынан жазылады – С
1
. Ярустың белгісі бөлім белгінің 
жанында жазылады – С
1

– серпуховтық ярус.
6) Ярустын бөлімшелерінің индексі ярустын индекстің жанында 
сандар қосылады – 1 төменгі бөлімшеге жəне 2 жоғары бөлімшеге (ярус екі 
бөлімшеге бөлінген кезде), үшке бөлінсе – 1,2,3. Мысалы: борлық жүйенің 
жоғары бөлімінің альптік ярустың жоғары бөлімшесі - K
1
al
2.
7) Сериялар мен тастопшаларды белгілеген кезде индекстің сол 
жағынан əріптерді қосады, олар курсивпен жазылады. Мысалы: C
1
vkz – 
таскөмірлік жүйенің төменгі бөлімінің визейлік ярустын кызылдық 
тастопшасы. Стратифицирленген бөлімшелерде екі жүйе, бөлім, ярустар 
болған кезде индекстер (+) қосу немесе сызықша (-) белгілерімен 
біріктіріледі. Толығымен екі көрші бөлімшілер біріктірілсе, қосу белігісі 
көрсетіледі
(мысалы, С+Р), ал осы бөлімшелердің тек бөліктері алынса, 
онда сызықша белгісі жазылады (мысалы, С-Р); бірінші орында əрқашан көне 
бөлімшенің индексі көрсетіледі.
8) Шөгінді жыныстардың генезисін көрсету үшін кіші латын əріптері 
қолданады: m - теңіздік, g - мұздық, f - флювиогляциалды, а немесе (al) – 
аллювиалды жəне т.б. Осы əріптер жүйе индексінің алдында қойылады: 
мысалы, aQ
IV
– қазіргі замаңдағы аллювиалды шөгінділер. 
9) Индекстерді оқыған кезде белгілі бір реттілікпен оқу керек – ірі 
бөлімшенің атауынан кіші бөлімшенің атауына қарай, мысалы, индекс C
1
t

келесідей оқылады: «цэ» - бір, «тэ» - бір.
10) Магмалық жыныстардың индекстері заттық құрамы бойынша 
белгіленеді, олар негізгі индекстің алдында грек əріптері арқылы жазылады 
(10 кесте). 


67 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет