103
Айырмашылық белгілері: сазды жіктастармен салыстырғанда жеңілдеу
болып келеді.
Пайда болуы: жанғыш жіктастар теңіздің түбінде бір уақытта
органикалық пен бейорганикалық лайыдың (іл) шөгілудің нəтижесінде пайда
болады.
Қолдануы: Отын жəне
технологиялық шикізат, майлар мен шайыр
алады. Майлар электр станциясындағы отын ретінде жүреді, ал шайырлар
елуге жуық түрлі өнімдерді өндіру үшін құнды
химиялық шикізат болып
табылады. Жаңғыш жіктастар бензин, тұрмыстық газ, фенол,
хош иісті
көмірсутектер, электродты кокс, бензол, құрылыс индустриясы үшін желім
(үйлердің блоктарын бекіту үшін),
пластмасса, жол битумдары үшін
пайдаланылады. Жіктастар болашақ отын деп аталады, себебі олардың
əлемдік қорлары басқа жанғыш қазбалардың (мұнай,
табиғи газ, тас көмір)
қорынан көп есе асып түседі. Шайыры жіктас жақсы оқшаулағыш,
таттанудан "қорғаушы" болып табылады, бірқатар жағдайларда дəнекерлеуді
ауыстырады. Ол топырақтарды тыңайту үшін пайдаланылады. Жіктасті күл
тұтқыр заттар мен құрылыс бөлшектерінің өндірісінде қолданылады. Шайыр
химиялық препараттар өндірісінде қолданылады.
Кенорындары: Белоруссияда (Полесье), Эстонияда (Кохтла-Ярве),
Канадада, Бирмада, Бразилияда, Италияда, Конгода.
Достарыңызбен бөлісу: