А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері



Pdf көрінісі
бет92/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

Тәрбие әлеуетінің құрылымы
Тәрбие 
әлеуетінің
құрылымы
Критерийлер
Көрсеткіштері 
Эмоционалдық 
компонент
Отбасындағы 
қолайлы моральдық-
психологиялық 
ахуал.
Ата-аналар  арасындағы  өзара  түсіністіктің 
болуы,  тәрбие  мақсаттары  мен  міндеттеріне 
ата-аналар  көзқарастарының  бірлігі.  Ата-
аналар мен балалар арасында өзара түсіністік.
Моральдік-психологиялық 
климат 
өте 
қолайлы, бірақ даулы жағдайлар болады.
Интеллектуалдық
компонент
Педагогика 
және 
психология бойынша 
білім.  Баланың  жас
және 
жеке 
ерекшелігін білу.
Тәрбие  мақсатын  анықтау  және  даулы 
жағдайларды  шеше  білу.  Түрлі  әдістер  мен 
тәрбие  құралдарын  пайдаланып,  тәрбие 
мақсаттарын ұғыну, қол жеткізуге ұмтылу.
Пәрменді-
практикалық 
компонент
Ата-аналар 
жиналысы 
мен 
дәрісбаяндарға
қатысу.
Отбасы 
және 
отбасылық 
тәрбие 
мәселелерімен  айналысатын  психологтар, 
әлеуметтік педагогтар және т.б. мамандардан 
кеңес алу.
Осы  компоненттердің  іске  асырылу  дәрежесіне  сәйкес  отбасының 
тәрбие әлеуетінің критерийлерін бөліп көрсетуге болады. Отбасының тәрбие
әлеуетін  бағалау  критерийлері: тұлғаның  әлеуметтік-психологиялық 
қажеттіліктерін қанағаттандыру; отбасындағы қарым-қатынас; ата-аналардың 
педагогикалық  мәдениетінің  деңгейі; отбасындағы  өзара  қарым-қатынас 
сипаты;қиын жағдайларда әлеуметтік институттардан көмек алу.
Бала  отбасында  тәрбиеленетіндіктен,  әр  отбасындағы  тәрбие  де  түрлі 
болады.  Сондықтан, қазіргі таңдағы  әрбір отбасының  жағдайына,  оның 
тұрмысына,  ондағы  қалыптасқан  әдеттер  мен  дағдыларға,  ата-аналардың 
өзара  жасайтын  қарым-қатынасына,  адамдардың кәсібі  мен  қызметіне  және 
т.б.  өзіндік  ерекшеліктеріне  қарай  тәрбие әдістері  де  түрленіп  отырады. 
Тәрбиенің  белгілі  бір  әдісін  баланың  өскен  ортасына,  алған  тәрбиелік 
бағытына, жас ерекшелігіне, сыныбына және т.б. артықшылықтарына қарай 
кейбір  балаға  қолданғанда  ойдағыдай  нәтиже  берсе,  екінші  бір  жағдайда 
нәтиже  бермеуі  де  мүмкін.  Тәрбиенің  бастауы  ана  кұрсағында  жатқаннан 
басталады, әрі қарай отбасы мен мектепке дейінгі тәрбие ошағында, мектепте 
жалғасады.  Отбасының  тәрбиелік  мүмкіндіктерін  бағалайтын  тәсілдер  мен 
әдістер  кешені:  балалардың  мінез-құлқы  мен  оқуын,  ата-аналардың  тәрбие 
қызметін бақылау, отбасына бару, отбасылар, олардың тәрбиеленушілерімен 
жеке  әңгімелесу,  сауалнама  жүргізу,  тестілеу,  «Баланың  көзімен»  отбасы 
суреті т.б. әдістемелерді қолдануға болады.
Бала тәрбиесінде ата-аналар тәрбиенің ықпал ету әдістерін біліп, дұрыс 
қолданғандары  жөн.  Ықпал  ету  әдістерін  іріктеу  және  қолдану  баланың 


60
қоғамдық тәрбие  ортасы,  жас  деңгейі,  жеке-даралық  ерекшеліктері,  нақты 
ұжымның  тәрбиелік  деңгейін  ескерумен  белгіленген  педагогикалық 
мақсаттарға (қызметтік, жақын аралық, ұзақ мұратты) орай іске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет