Әйелдің немесе ананың рөлдері Ақылшы
Дос Қамқоршы
Өмір сайлаушы
ӘЙЕЛ-АНА Ұстаз
Қамқоршы
Өмірдің тірегі
Отбасындағы әйел - ошағын сақтаушы. Бұл отбасындағы әйелдің
бірінші рөлі. Жалпы, үй ошағы деген не? Ошақ - бұл үйдің жүрегі. Үй ошағы-
жылу мен жарық көзі. Әйел - отты сақтаушы. Қазақтардың ұғымында ең
алдымен әйел - жұбайы және отбасының ошағы. Өмір серігін таңдау,
отбасылық одағын құру адами қарым-қатынастардың ерекше саласы.
Мысалы, қазақ ақындары мен жыраулары өз шығармаларында ерлерге
болашақ жарын таңдауда егжей-тегжейлі кеңестер берген. Олар бірінші
кезекте әйелдің мінезіне қарауды ұсынған. Қазақ отбасындағы әйел мен
күйеуінің міндеттері қатаң бөлінген. Ер адам – отағасы, ал әйел оның дана
көмекшісі, ол өз кеңестерімен күрделі өмірлік жағдайларда демеушісі. Айта
кету керек, қазақтар қызға қатаң тәрбие ережесін сақтай отырып, өз
қыздарын тұрмыс құрғанға дейін, сондай-ақ ол басқа отбасының мүшесі
болғаннан кейін де үлкен құрмет көрсеткен.