А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері



Pdf көрінісі
бет106/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

3.4. Отбасындағы әкенің рөлі
Бала  бойындағы  жақсы-жаманды  қасиеттерін  байқаса,  қазақ  оны  ең 
бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, тегіне тартқан дейді. «Әкесі сондай 
адам еді, атасы жақсы адам, көргенді бала» деп ер адам тәрбиесін ауызға 
алады. Өйткені, әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы 


68
тәрбиесі.  Ал,  әке  мектебінен  өткен  бала  сол  мұраға  қиянат  жасамауға 
тырысқан.Баласы  14-15  жасқа  келгенде  атқа  мінгізіп,  алыстағы  аузы  дуалы 
ақсақал  қарттарға  сәлем  беріп  кел  деп  жіберетін.  Біріншіден,  баланы  сынға 
салып,  екіншіден,  көпті  көрген  көнекөз,  көкірегі  қазыналы  қарттардың 
әңгімесіне  қанығудың  берері  мол  еді.
Тарихта  болған  жайларды,  бабалар 
ерлігін  жырлап,  шежірені  тарқата  айтатын  дана  қариялар  қазақтың 
маңдайына  біткен  кең  де  дархан  даланың  қасиетін  сезіндіріп,  бабалардың 
ерлігі  мен  көреген  саясатының  арқасында  оның  ұрпақтан  ұрпаққа  мұра 
болып  қалғанын  бала  жүрегіне  жеткізе  білген.  Сондықтан  дәстүрлі  қазақ 
қоғамында  тәрбие  алған  қазақ  баласының  әкеге  деген  құрметі  ерекше 
болатын. Жүзінен мейірім төгіліп тұрмағанмен, қас-қабағынан бәрін түсініп 
өскен бала әке қаһарынан сескеніп жүретін. Әке тәрбиесі – деген осы.
Әке – баланың қорғаны
.
Бұхар жырау «Әкелі бала – жаужүрек, жиын 
тойға барады, төрден орын алады, бітіреді жұмысын, тастан да өткізер 
жебесін»  дейді. Өзіне  қорған  болған  әкесінің  арқасында  алшаң  басып,  бар 
шаруасын  бітіріп,  алдына  кездескен  кез-келген қорғанды  бұзуға  дайын 
болады.«Әкесіз бала – сужүрек, жиын тойға барады, босағада қалады» дейді. 
Яғни,  жасқаншақ  болатынын  меңзеп  тұр.  Сондықтан  біз  бала  тәрбиесінде 
әкенің  қаншалықты  маңызды  рөл  ойнайтынын  білгеніміз  жөн.  Ертеректе 
еркекті  көк  тәңіріне,  әйелді  жерге  теңеген.  Күлтегіннің  үлкен  жазуында 
«Тәңірідей  тәңіріден  жаралған  бабам  Күлтегін  истемін  қаған»  деген  жазу 
осының  дәлелі.  Әйел  ерге  қараса,  еркек  көкке  қараған.  Өйткені  ер  адам 
энергияны 
тәңіріден  алып  отырған.  Айырмашылығы  жер  мен  көктей  деп 
босқа  айтылмаған.  Көктен  найзағай  ойнап,  жаңбыр  жауса  да,  жер 
бірқалыптығын  сақтаған.  Өйткені  жер  мен  көк  арасындағы  үйлесімділіктің 
негізін жер қалап отыр. Яғни, жер мен көк қалай үйлесімділікті тапса, әйел 
мен ер адам да солай бір үйлесімділікте өмір сүруі керек. Қазақта әкесін көке 
деп  атайды. Ол  сөздің  түпкі  мағынасы  көк  ұғымынан  пайда  болған. 
«Көкеңді танытайын ба, көрсетейін бе, ұмытайын деген екенсің, көкем бар» 
дегенде әкесін шексіз күш-қуат иесі деп санаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет