А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері



Pdf көрінісі
бет12/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

1. Теориялық зерттеу  әдістеріне мәселені  анықтау,  болжамдарды
қалыптастыру, жиналған мәліметтерді бағалау, моделдеу, нысандарды құру,
теориялық талдау, алынған деректерді жинақтау және жүйелеу әдістері енеді. 
Теориялық әдістер әдебиеттердегі педагог-классиктердің еңбегі, жалпы және 
арнайы жұмыстарды зерттеу, материалды жинау және өңдеу, математикалық 
шкалалау,  ранжирлеу,  орташа  шамаларды  есептеу  және  т.б. (осы  деректер 
негізінде диаграмма, график, кестелер құру).
2. Эмпирикалық  әдістерді қолдану  барысында  отбасы  мен
отбасындағы  тәрбиені  сипаттайтын  нақты  материалдар  жинақталады. 
Деректер зерттелетін құбылыстар арасындағы негізгі мәліметтер анықталады 
және сипатталады (отбасы құрамы, түрлері және т.б. байланысты тәрбиенің 
ерекшеліктері де кіреді) (1.1 -сурет) [5].
1.1 – сурет. Отбасы тәрбиесінің зерттеу әдістері
Отбасын  зерттеуде қолданылатын осы маңызды әдістердің әрқайсысы
отбасындағы тәрбиенің  жеке  жақтарын  зерттеуге  де  көмектеседі.  Сонымен 
қатар, зерттеулерде сандық деректер негізінде диаграммалар мен графиктер, 
кестелер  де қолданылады.  Сандық  көрсеткіштер  зерттеу  нәтижелері  басқа 
ғылымдардан  алған  деректермен  салыстырғанда  анағұрлым  айқын.  Қазіргі 
таңда  компьютерлік  техника  көмегімен  мәліметтерді  математикалық  өңдеу 
мүмкіндігі  кеңейіп,  отбасын  түрлі  өлшемдер  бойынша  сипаттайтын 
статистикалық  мәліметтердің түрлері  де  (сандық  құрамы,  отбасы  түрі,  ата-
аналардың, балалардың білім деңгейі) арта түсті.
Т.А. Маркова отбасы тәрбиесін зерттеу әдістерін екі топқа бөледі [6]:
1. Отбасылардың аз мөлшерін тереңдете зерттеуде бақылау, әңгімелесу,
тәжірибелік эксперименталдық жұмыс және т.б. қолданылады;
2. Тәжірибелік  эксперименталды  жұмысқа  баланың  қабілетін  бағалау,
тәрбиелеу  тәжірибесінен  мысалдар  келтіру,  ұсынылған  жоспар  бойынша  өз 
баласы туралы ата-ана шығармаларының әдістері жатады [6].
Ата-аналардың өздері жүргізетін күнделіктері туралы ерекше айта кету 
керек.  Күнделіктерді  талдау  отбасы өмірінің  көптеген  жақтарын  көруге, 
нақты отбасы нормаларын, әлеуметтік құндылықтарын анықтауға мүмкіндік 
береді.  Күнделіктер жүйелі  бақылау  және  еріксіз  пікірлермен  құнды.  Олар
баланың қандай да бір мінез-құлқының себептерін анықтауға көмектесіп қана 
қоймай,  тәрбие  тәжірибесін  жалпылауға  да  болады.  Отбасы  мен  баланың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет