Сүйіспеншілік– ата-ананы құрметтеу.Ата - бабаларымыз ұрпағын
жалқаулық, аңқаулық, жасқаншақтық, өтірік-өсек айтып, алдап-арбау сияқты
жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеген. Егер балалар өз ата-
аналарын құрметтеп, олардың кеңестері мен талаптарын тыңдаған, бұл
отбасында ата-ана беделі бар дегенді білдіреді. Бала әрқашанда өзара қарым-
қатынаста ата-ананың мейірімін, өздеріне деген кіршіксіз махаббатын,
жылуын үнемі сезінуі керек. Тек осы жағдайда ғана оның ішкі әлемі дұрыс
қалыптасады, махаббат негізінде мінез-құлық, іс-әрекет жасап, айналасымен
сүйіспеншілікпен қарым-қатынас жасайды.
Отбасылық тәрбие негізі - ата-аналардың балаларына және балалардың
ата-аналарына терең және толыққанды махаббатынан көрінетін қарым-
қатынастың эмоционалдық, тәрбиелік жағын сипаттайды. Баланың анасына
деген махаббаты оған туғаннан берілмесе де, онымен үнемі жақын қарым-
қатынаста өмір сүруіне байланысты сақталатын жауапты махаббатты
тудырады. Бала отбасында қамқорлық пен мейірімділік, отбасылық
жылулық, қуаныш пен рахат сезімдерін туғандарынан сезінеді.
Олай болса, өмірдегі небір сырлы махаббаттар ата-ананың балаға деген
мейірім махаббатынан тараған. Ата-ананың еккен махаббаты баласының
жүрегінде гүлдеп, қартайған ата-аналарының өмірін қуанышқа бөлеп, өткен
өміріне өкінбей, еңбегінің жанғанына риза етеді. Олай бола, ата-ана мен бала
және ерлі-зайыптылар қатынасында өзара түсіністік, сыйластық, көмек тек
қана отбасы мүшелерінің арасында сүйіспеншілік сезімі болғанда ғана
бақытты жандардан тұратын отбасына айналады.
77
Өзін-өзі тану адамның риясыз сүю қабілетін ашып береді. Қоғамға
қызмет ету практикалық дағдыларын дамытады.
Көптеген пайдалы тұлғалық
қасиеттерді қалыптастырумен байланысты тәрбиенің маңызды құралы өзіне-