А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері


Балабақша  мен  отбасының  бірлескен  жұмысы,оның  мазмұны  мен



Pdf көрінісі
бет127/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

Балабақша  мен  отбасының  бірлескен  жұмысы,оның  мазмұны  мен 
ұйымдастырылуы, әдістемесі мына ережелерден тұрады:
1
Балабақша мен отбасы жұмысында балаларды тәрбиелеудегі бірлік.
Оған жан-жақты тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттері тек тәрбиешілерге 
ғана емес, ата-аналарға да белгілі және түсінікті болған жағдайда, ата-аналар 
балаларды  тәрбиелеудің  негізгі  мазмұны,  әдістері  және  тәсілдерімен  таныс 
болғанда, оларды белгілі дәрежеде меңгергенде қол жеткізіледі.


83
2. Педагогтар мен ата-аналар арасындағы өзара қарым-қатынаста сенім,
баланың  қажеттіліктері  мен  мүдделерін  және  тәрбиеші  ретіндегі  өз 
міндеттерін  түсіну,  балабақшада  педагог  пен  ата-аналардың  отбасындағы 
беделін  нығайту,  мейірімділік,  сын  және  өзін-өзі  бақылау  негізінде  дұрыс 
қарым-қатынас орнату.
3. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу бойынша бірлескен жұмыста
өзара көмек.  Балабақша  күнделікті  және  түрлі  жолдармен  ата-аналарға 
балаларды  тәрбиелеуде  көмектеседі.  Өз  кезегінде  ата-аналар  балабақшаға 
түрлі тәрбие және  шаруашылық жұмыстарына көмектеседі, сол  арқылы тек 
өз баласын ғана емес, басқа да балаларды тәрбиелеуде қамқорлық жасайды.
4. Отбасы  тәрбиесінің  үздік  тәжірибесін  зерделеу,  оны  ата-аналар
арасында  насихаттау,  балабақша  жұмысында  отбасылық  тәрбиенің  оң 
әдістерін қолдану және т.б.
5. Балабақша  жұмысының  түрлі  формаларын  отбасымен  өзара
байланыста пайдалану: үйі, отбасы өмірімен танысу; ата-аналармен және т.б. 
отбасы  мүшелерімен  педагогикалық  әңгімелесу,  кеңес  беру;  топтық және 
жалпы  ата-аналар  жиналысы;  конференция,  лекторий,  ата-аналар 
университеті,  сұрақтар  мен  жауаптар  кеші,  ауызша  журнал,  педагогикалық 
насихаттың көрнекі формалары.
6. Белгілі  бір  жоспар  бойынша  бірлесіп  тәрбиелеу  - білім  беру
жұмысының мазмұны мен міндеттерін ескеріп, жыл бойы балабақшаның ата-
аналарымен байланысын жүйелі түрде жүзеге асыру.
7. Ата-аналар  мен  жұртшылықты  мектепке  дейінгі  мекеме  қызметіне,
отбасымен жұмыс істеуге тарту [6].
Ата-аналар  мен  тәрбиешілер  өздерінің  күш-жігерін  біріктіріп,  баланы 
екі есе қорғауды, эмоционалдық жайлылықты, балабақша мен үйде қызықты, 
мазмұнды  өмірді  қамтамасыз  ету,  негізгі  қабілеттерінің  дамуын, 
құрдастарымен 
қарым-қатынас 
жасауын 
ынталандыру, 
мектепке 
дайындықты  қамтамасыз  етуі  керек.  Тәрбиешінің  отбасымен  жұмыс 
жасаудағы басты міндеттерінің бірі - балабақша мен ата-аналар арасындағы 
кедергілерді  жою.  Өзара  іс-қимыл  бірлескен  қызмет  қағидаттары  негізінде 
құрылып, балаға педагогикалық өзара іс-қимылды үйлестіру.
Мектепке дейінгі мекемелермен балаларды адамгершілік, еңбек, ақыл-
ой,  дене,  көркемдік  тәрбиелеу  мен  дамытудың  тиімділігін  арттыру 
мақсатында  ата-аналармен  ынтымақтастықты  ұйымдастырудың  мол 
тәжірибесі жинақталған. Балабақша тәрбиешілері, әдіскерлер осы жұмыстың 
мазмұны  мен  формаларын  үнемі  жетілдіріп,  балаға  тәрбиелік  ықпал  етудің 
үйлесімділігіне қол жеткізу, жан-жақты дамуын қамтамасыз етуге ұмтылады. 
Балабақшадағы отбасымен  атқарылатын  жұмыс  түрлері  республикамыздың 
мемлекеттік жалпыға міндетті білім  беру стандартындағы отбасы тәрбиесін 
ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптарға сай жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет