А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері



Pdf көрінісі
бет55/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

2.5. Отбасындағы тәрбие талаптары
Отбасы тәрбиесі оның  өмір салты  және барлық  құрылымдық 
элементтерімен тығыз байланысты, өйткені олардың мақсат-міндеттері ортақ 
іс-әрекеттерінің  жалпы  тәсілдері,  әдістері  және  бағыттылығынан  тұрады.
Отбасындағы тәрбиенің субъектілері – ата-ана мен бала, әлеуметтік мақсат, 
міндет, педагогикалық тәсілдер, әдістер. Осы элементтерді біріктіретін негіз 
– іс-әрекет. Ал, іс-әрекеттің  жүзеге  асырылуы  отбасындағы  тәрбие
талаптарының дұрыс қойылуы мен орындалуына байланысты.
Ата – аналар талаптарының бірлігі
бұл отбасылық тәрбие заңы. Әкесі 
мен  анасыотбасындағы  балалардың  негізгі  тәрбиешілері,  сондықтан  олар 
толық бірлікте іс-қимыл жасап, бірыңғай майдан құруы тиіс. Ата-аналар бір-
бірімен  тәрбие  үшін  маңызды  жағдайларда  қалай  әрекет  етуге,  мысалы, 
баланы мектепке қалай дайындауға, үй еңбегі мен өзіне-өзі қызмет көрсетуде 
қандай тапсырма беруге, бос уақытын қалай ұйымдастыруға уағдаласады. Әр
ұлтта  өзінің  тәрбиелеу  талаптарының  жүйесі  бар.  Мысалға,  жапондық 
тәрбиелеу  жүйесінде  мектепке  дейінгі  балаларға  жұмсақ  қатаяды,  яғни 
қаталдық  пен  талаптар  күшейеді.Тәрбиелеудің  еуропалық  үлгісінде  балаға 
ерте  жастан  бастап  тәртіптер  мен  қатаң  талаптар  қойылады,  бірақ  баланың 
өсуіне  байланысты  сыртқы  бақылау  азаяды.  Шығыс  халқында  дербестік, 
заңға  бойұсынушылық,  қоғамның  әлеуметтік  негіздерін  бағалау  және 
қабылдау,  еңбексүйгіштік,  отбасылық  құндылықтарды  сыйлау,  әлеуметтік 
бойұсынушылық басым болады. Қазақстандық тәрбиенің басты ерекшелігі 
туған жерге деген махаббат пен құрмет, отбасылық құндылықтарды бәрінен 
жоғары қою, үлкендерді сыйлау, адалдық, қонақжайлылық, толеранттық. 
Отбасының әсері өзіндік ұзақтығымен ерекшеленеді. Үйде бала барлық 
уақытының  3/2  бөлігін  өткізеді.  Мұнда  ол  ойнайды,  оқиды,  сабаққа 
дайындайды,  тұрмыстық  жұмысқа  қосылады,  демалады,  тыңдайды, 
теледидар  көреді,  жақындарымен  әсерлері  мен  қуаныштары,  қайғыларымен 
бөліседі. Баланың отбасында алынған әдеттері өмір бойы сақталады.


39
Отбасының басты  талаптарының  бірі  – баланың  тіршілік  әрекетін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет