А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері



Pdf көрінісі
бет71/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

Педагогикалық  пікірталас. Педагогикалық  мәдениетті  көтерудің  ең 
қызықты  формасы.  Пікірталастың  маңызы  - қойылған  мәселені  талқылауға 
бәрінің қатысуына мүмкіндік береді. Оның маңызды бөлімі – талқылау. 
Рөлдік ойындар және іскерлік ойын. Іскерлік ойын өз қатысушыларын 
шынайы жағдайға барынша жақындатады, педагогикалық дұрыс шешімдерді 
жылдам  қабылдау  дағдыларын  қалыптастырады,  қателікті  уақытында  көре 
және  түзетуге  үйретеді.  Ойындардың  мақсаты  - белгілі  бір  дағдыларды, 
даулы жағдайларды алдын алу іскерліктерін қалыптастыру және бекіту. Бұл 
ойындағы  рөлдер  әртүрлі:  мұғалімдер,  сынып  жетекшілері,  әлеуметтік
педагогтар, ата-аналар және т.б. қатыса алады.
Семинарлар. Семинарлар  ата-аналарға  тәрбие  үрдістерін  тереңірек 
меңгеруге,  психология  және педагогикалық  ықпал  ету  әдістері  туралы 
білімдерін  кеңейтуге  мүмкіндік  береді.  Семинарларда  ата-аналар  бір-бірін 
дұрыс қабылдауға үйренеді, олардың өз баласы туралы түсініктері өзгереді, 
тәрбиелік тәсілдер ауқымы кеңейеді, содан кейін күнделікті өмірде сынақтан 
өткізіледі. Олар өздерінің отбасылық  мәселелерін талқылауға және ұғынуға 
тартылады,  тәжірибе  алмасады,  топтық  пікірталас  барысында  отбасылық 
жанжалдарды  шешу  жолдарын  әзірлейді.  Ата-аналармен  осындай  жұмыс 
барысында келесі тәсілдер қолданылуы мүмкін:
- шақырылған  мамандардың  (педагогтар,  психологтар,  әлеуметтік
қызметкерлер,  дефектологтар  және  т.б.)  жеке  мәселелер  бойынша  шағын 
дәрістері.  Осы  мақсатта  ата-аналардың  нақты  тобын  қызықтыратын 
тақырыптар  алдын-ала  арнайы  іріктеледі  («бала  жадысын  қалай  дамыту 
керек»,  «бала  дамуының  жас  дағдарысы»,  «мақтап,  жазалау  өнері»). 


48
Тақырыптардың  қарапайым  тілмен,  бейнелі, жанды  және  сенімді  түрде 
баяндалуын қадағалау қажет;
- топтық  пікірталас,  олардың  негізінде  - ата-аналар  жинаған  нақты
педагогикалық  жағдайлар.  Мысалы:  «Отбасылық  тәрбиенің  адамгершілік 
негіздері», «Біздің қорқынышымыз қалай балалар қорқынышына айналады»,
«Қақтығысымыз»,  «Отбасындағы  сүйіспеншілік»  және  т.б.  тақырыптарға 
сәйкес педагогтар да жағдаяттарды ұсынуы мүмкін;
- кітап  терапиясы,  оның  мәні  отбасы  өмірі  мен  отбасылық  тәрбие
мәселелеріне  арналған  ғылыми-көпшілік,  әдістемелік  құралдар  семинарына 
педагогпен арнайы таңдалған мазмұнды талқылау.Отбасының педагогикалық 
мәдениетін көтеру бойынша 
жүргізілетін (2.3-кесте). 
2.3-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет