А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері


Орта  ғасырдағы  отбасы  тәрбиесінің  идеялары



Pdf көрінісі
бет8/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

Орта  ғасырдағы  отбасы  тәрбиесінің  идеялары.ХVI  ғасырда 
балаларды  отбасында  тәрбиелеу  және  шаруашылыққа  баулу  туралы 
жазылған  жинақтардың  бірі  - әулие  Силвьестер  жазып  қалдырған 
«Домострой»  жинағы. Бұл  жинақта  отбасындағы  ері  мен  әйелінің,  әрбір 
отбасы мүшелерінің қызметтері туралы кеңестер берілген. Тәрбиеде қатыгез 
шараларды  пайдалану  ортағасырлық  тәрбиенің негізгі  сипаттамасы.  Бұл 


11
дәуірде  ата-аналар  мен  балалардың  қатынасы  қарама-қайшылықтарға  толы 
болды. Бұл бір жағынан ата-аналары балаларына ерекше қамқорлық көрсетіп, 
аналық  махаббатқа  бөлесе,  екінші  жағынан  балалар  әке  еркіне  бағынышты 
болды. Ал балалардың ата - аналарына қарсы шығуына құқы болмаған [1].
Бала  тәрбиесі  отбасында  басталу  қажеттілігі туралы  айтқан 
ғалымдардың  бірі  -Я.А.Коменский.  Оның  пікірінше,  тәрбиенің  үш  сатысы, 
үш  міндеті  бар:  өзін-өзі  және  қоршаған  ортаны  тану  (ақыл-ой),  өзін-өзі 
басқару (адамгершілік), құдайға құлшылық ету (діни). Ол ақыл-ой тәрбиесін 
бірінші  орынға  қойып,  тәрбиенің  рөлін  жоғары  бағалады «Адам  тәрбиенің 
арқасында  ғана  адам  болады,  ол  барлық  жас  кезеңінде  берілуі  қажет.
Адамның  өзін-өзі  басқара  білуі  тәрбиенің  адамгершілік  тәрбиесімен  іске 
асады  (1.1-кесте). Адамгершілік  сапалар: бірқалыптылық,  даналық, 
батылдық,  әділеттілік.  Даналық  - адамгершілік  қасиет,  ол  негізінен  оқыту 
үрдісінде  шәкірттерді ғылым  мен  өнерге, тілдерге  үйрету  арқылы 
тәрбиелеу», - деген.
1.1 -кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет