Ата-ананың бата беруі – халық педагогикасында ақындық формадағы
тәрбиенің бір түрі. Жастарға ата-ананың бата беруі, олардың болашақ өмірлік
позициясына үлкен әсер етеді.
Ойнау, еңбек ету және оқу барысында ақыл-ой, адамгершілік,
физикалық және көркем тәрбие, даму процесі қатар жүреді. Бала осы кезде
белгілі дәрежеде білім алады, іскерлікке үйренеді, қоршаған ортамен қарым-
қатынас жасауға, қоғамдық өмірдің әдет дағдыларын игеруге бейімделеді.
Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой толғаныстары бесік жыры мен
батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс-
термелерде, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Қазақ халқы ұрпағын бесікте
жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ
арқылы тәрбиелеп отырған.
Жаңылтпаш –тіл ширату тәсілі Халық баланың тілін ширату үшін,
оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап
шығарған. Жаңылтпаштарды жаттап, жатқа айту арқылы баланың тілін
ширату, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады.
Санамақтар - халық, негізінен, жас балаға сан үйрету мақсатымен
шығарған. Санамақтар әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен
математикалық ойлау қабілетін дамытады. Отбасында санамақтың әрбір
түрін балаға жаттатып, олармен бірге ойнай отырып, ойын дамыту – ата-
ананың міндеті. Ересек балаларға күрделі санамақтар айтқызып,
санамақтардың шешімін өлең ұйқастарымен айтуды талап ету керек.
Жұмбақ - нақты бір зат туралы тұспалдап, ұқсатып, бейнелеп айту
арқылы баланы ойлату, танымдық, білімдік ұғымдар мен түсініктерді ой-қиял
елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешімге келуде тапқырлық пен
дүниетанымдық дәрежесін байқау үшін шығарылған. Отбасында балаларға
жаңа жұмбақтар үйретіп, жұмбақ айтысуды ұйымдастырып, олардың
тапқырлығын сынау, жұмбақ айтысуда жеңіп шыққан балаларды мадақтап
отыру – бұрыннан қалыптасқан дәстүр.
Достарыңызбен бөлісу: |