А. Н. Мороховский дерексіз лексиканы мәдени сөздерге, ғылыми терминдерге және идеологиялық сөздерге қарама-қарсы қояды. Себебі, біріншіден, атқаратын қызметінің, екіншіден, пайда болу тәсілдерінің, үшіншіден, беретін ұ


Тақырыбы: Когнитивті лингвистика және тіл білімінің салалары. Мақсаты



бет2/2
Дата07.11.2022
өлшемі25.34 Kb.
#464176
түріСабақ
1   2
когнлингв 8

Тақырыбы: Когнитивті лингвистика және тіл білімінің салалары.
Мақсаты: Когнитивтік лингвистикаға қатысты лексикалық мағына мәселелерін қарастыру.
Сұрақтары: - Лексикалық ұғымдардың жіктелуі.

  • Лексиканың ішкі құрылымы: ұғымдық, семантикалық, лексикалық өріс ерекшеліктері.

  • Когнитивті лексика және семантика мәселесі.

  • Лексика-семантикалық заңдылықтардың жүзеге асуы, оның танымдық сипаты.

  • Тілдің грамматикалық жүйесі.

Өз бетінше дайындық үшін бақылау сұрақтары:

  • Танымдық тіл біліміндегі процедуралық семантика мәселелері.

  • «Тіл және қабылдау» атты еңбектегі адамның ойлау қабілетінің дамуы, оның адам танымына әсері.

  • Тілдің грамматикалық жүйелері.

  • Тіл туралы «максималистік» концепция.

  • Когнитивті модельдер теориясы.

Әдебиеттер.

  1. Колшанский В. Объективная картина мира в познании и языке. М., 1990.

  2. Кубрякова Е.С., Демьянков В.С., Панкрац В.Г., Лузина Л.Г. Краткий словарь когнитивных терминов. М., 1996.

  3. Снасапова Г. «Ұлпан» романындағы концептілердің ұлттық-мәдени компоненттері.

  4. Жапақов С. Фразеологизмдердің когнитивтік сипаты. Алматы, 2006.

  5. Сыбанбаева А. Концептуальдық метафоралардың табиғаты. Алматы, 2002.

Жоспары.

  1. Тілдің лексикалық жүйесінің таным процесімен байланысы.

  2. Лексика-семантикалық заңдылықтардың жүзеге асуы, онык танымдық сипаты.

  3. Когнитивті лингвистикадағы концептуалды теория.

  4. Тілдік бірліктердің түрлері: фонологиялық, семантикалық, символдық.

  5. Көп мағыналы сөздердің семантикасын синхронды тұрғыдан талдау.

Концептілік өріс – мәдениеттің өзгеше бір тілдік ескерткіші. Осы арада концепт тұрақты мөлшерлі сақтайды ма? Немесе уақыт ағынымен ол да өзгере ме деген сұрақ туады. Бұл сұраққа бір ғана тұрғыдан жауап беру қиын. Бір жағынан концепт өзгермейді, ол сөздің тұтас мағынасын сақтайды және бір сөздің бойындағы барлық екінші мағынаны ұстап тұрады, ал екінші жағынан, концепт адам тәжірибесін бейнелей отырып толығуға, өзгеруге бейім. Бұл орайда концепт барлық жаңа және бұрынғы мағыналарды біріктіріп ұстайды, онда сөз семантикасындағы мүмкін болатын барлық өзгерістер «программаланған». Концептінің ерекшелігі – таным процесінде сөздерді меңгере отырып, түрі өзгерсе де, тұрақты болып қалуында. Яғни концепт әр кезде біздің алдымызда өзінің жаңа бір кейпінде көріне алады.


Концепт жеке сөздердің семантикалық көрінісін түсінудің кілті ретінде, ал екінші жағынан, мәдени құбылыстың ерекшелігін түсінудің кілті ретінде қарастырамыз. Сонымен, ғаламның мәдени-тілдік бейнесін ұғынуға мүмкіндік береді.
Сөздің семантикалық құрылымын сипаттауда қолданылатын басқа терминдерден «концепт» терминін айыра білу керек. Сема, мағына, ішкі форма, символ, бейне, ұғым, археитип терминдерін қолданып, концептіні түсіндіру қате болып табылады.
Концепт жалпы сема да, архисема да (мағынаның инварианты) емес. Себебі ол семадан бұрын беріледі, ал сема сөздің мағынасы арқылы беріледі. Концепт және сема бұл сөзді сипаттаудың әртүрлі құрылымын түсіндіру үшін қажетті және саналы түрде айқындалатын операциялық бірлік. Концепт – түпсаналық аймақта ұйғарылатын бірлік және сөздің идеясын түсіндіру үшін қолданылады.
Адамның көптеген қажеттіліктері арасында оны /адамды/ жануарлардан ерекшелейтін бір қажеттілік – символдау. Адам ғана физикалық ортада емес, ол символдық кеңістікте өмір сүреді. Ол өзінің бастапқы өмір тарихындағы түйсік әлемінен көрінеді және жеке тұлғаның әлеуметтік мәні мен мәдениетті меңгеру деңгейін көрсетеді. Символдар өздігінен өмір сүрмейді. Ол адам санасының жемісі болып табылады. Адам микрокосм ретінде – тұлға, бейне, ал макрокосм символы әлемді жасайды. Әдетте «символдық ұғым кең мағынада белгілі бір мазмұнды басқаша /таңбалық/ формада бейнелеу деп түсіндіріледі, ал тар мағынада символды мән дегеніміз жалпыланған мәнді, дерексіз мазмұнды көрнекті сезімдік бейне арқылы беру. Өйткені ол негізінен, танымның «ішкі тектерін» яғни эвристикалық қырларын сипаттайды». Бұл тұрғыда «тары» сөзінің кең мағынадағы символдық мәні – «байлық», «тоқшылық» дегенді білдіреді.
Концепт және ішкі форма терминдерін ажырату күрделірек. Бұл терминдер сөздің алғашқы мағынасын, ұлттық мәдени тілдік құбылыстың ерекшелігін түсінудің кілті болып табылады. Осылайша, бұл екі ұғым айнала қоршаған орта мен адамның тілдік санасына дәнекер бола алады. Олардың айырмашылықтары сақталуы мен түрлі қызмет атқаруында. Сөздің ішкі формасы жоғалып кете алады, ал концепт әрқашан сөзбен бірге өмір сүреді. Сондықтан концепт қатары (көлемі) тұрақты деп есептеледі. Дегенмен, этимологиялық талдауларда ішкі форма концептімен дәл келеді. Спонтандық сөйлеуде ішкі форма сөздің семантикалық құрылымының өзекті элементі бола алмайды. Ал концепт болса, өзінің басты бір қызметі – орнын басу қызметін атқарады. Ішкі форма мен концепт арасындағы аталған айырмашылықтар мына ұғымдардың қолданылу аясында болады: мағынаның уәжділігі жайында сөз болса, ішкі форма айтылады; ал сөзді тудырған және оны мәдени тілдік контексте ендірген алғашқы ментальды ұғым түсіндірілсе, яғни мәдениеттің тірек элементі ретінде қарастырылса, онда «концепт» термині қолданылады.
Қазақ тіл білімінде концепт теориясы лингвистикалық сипатта нақты қарастырылмағанымен, оның кейбір белгілері мен ой түрткі болар пікірлері Қ.Жаманбаева, С.Сәтенова, Г.Смағұлова, А.Ақбердиевалардың ғылыми-зерттеу еңектерінде байқалады. С.Сәтенова тірек сөздерді «қос тағанды фразеологизм» деңгейінде қарастырады. Г.Смағұлова фразеологизмдердің мағыналас қатар құрудағы ең басты ерекшелігі – жалпы ұғым, түсінікке негізделген тіркестер болатынын айта келіп, мағыналас фразеологизмдердің синонимдік қатарларында ұғымды сөзбен жеке бере алмайтын жағдайда мағына ортақтығын танытып тұратын әрі мағыналық ой басым түскен тұрақты тіркес – тірек сөз доминант қызметін атқаратын айтады. Сонымен қатар зерттеуші: Семантикалық синтагмалар аясында фразеологизмдер компоненттерінің қосынды мағыналары соңынан тұратын, әрі сол мағынаның толық жұмсалуына себеп болатын бір сөз тұруы шарт. Біз мұндай сөздерді қазақ тілінде «сүйемел сөз» деп атаймыз – деп, олар фразеологизмдердің компоненттер қатарына кірмейтін, еркін қолданыста жүрген белгілі бір тілдік бірлік екенін, кей жағдайда сүйемел сөздерді қажет етпейтін фразеологизмдердің құрамындағы сыңарларының бірінде мағына сақталатынын айтады. Г.Смағұлова «тірек», «сүйемел» сөздер деп синонимдік қатар құрайтын тілдік бірліктердің тұрғысынан айтады. Бұл зерттеулердегі тұжырымдар қазақ тіл білімінде концепт теориясының лингвистикалық сипатын анықтаудың бір белгісі деп білеміз.
«Концепт» және «ұғым» терминдері, бір жағынан, сөздің мазмұн межесінің түрлі даму кезеңін, бейнелесе, екінші жағынан, оның әр түрлі қызметін көрсетеді. «Концепт», «ұғымнан» тек қана сөздің таяныш боларлық ментальды түсінігінен ғана емес, сонымен бірге әмбебап мәдени түсінік ретінде де ажыратылады.
«Концепт» термині сияқты «концептілік талдау» (концептуальный анализ) терминіне де лингвистикалық әдебиеттерде бірыңғай анықтама берілмеген. Біз концептілік талдауды кең мағынасында күнделікті өмірде мағыналары анықталатын тірек сөзді қатардың талдануы деп түсінеміз. Концептілік талдаудың тәсілдері мен принциптері түрліше сипатта болуы мүмкін. Ол тәсілдер сөздің семантикасын сипаттау немесе оның тілді қолдаушының санасына енген ықпалын, я болмаса сөздің семантикасы мен прагматикасындағы өзгерістерге тіл қолданушының әсерін қарау болуы мүмкін. Сонымен бірге ол тәсіл түрлі контекстегі сөздердің семантикасына талдау немесе әр иүрлі мәдениеттегі бір тірек сөзді жалпы мәдени сөздердің мағыналарын салыстыру болуы да мүмкін. Тар мағынасында концептілік талдауды екі мағынада түсінуге болады.

  1. Мәдени құбылыстың, ұғымның немесе мәдени қабаттың концептілердің көмегі арқылы талдануы;

  2. Сөздерді мәдени құбылыс ретінде қарау арқылы олардың прагматикасы мен семантикалық құрылымының талдануы.

Концептілік талдау сырттай семантикалық талдауға ұқсас болғанымен, өзіндік мақсттарымен ерекшеленеді. Біз семантикалық талдау мен концептілік талдауды ажырата отырып, төмендегідей принципті ұстандық. «Семантикалық талдау – сөздің семантикалық құрылымының айқындалуы, оның таңбалаушы, таңбаның ұғымдық мазмұны, қосымша мағынаға ию айырмашылықтарын анықтауды жүзеге асыру; концептілік талдау – бір ғана таңбаның аясына жинақталатын жалпы концептілерді тауып, когнитивті құрылымдағы сол таңбаның болмыс-бітімін анықтау». Сонда семантикалық талдаудың мақсаты сөздердің мағынасын түсіндіру болса, концептілік талдаудың мақсаты ғаламның тілдік бейнесі туралы білім қалыптастыру. Бұл көзқарас бойынша, концептілік талдау деп, тілді қолданушының әлем туралы түсінігінің ерекшеліктерін сөз арқылы ашатын кез-келген тілдік талдауды есептейміз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет